А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет85/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   118
«Сүйемін»
ӛлеңінде атамекен, туған жерге деген 
ыстық сезімі, елжанды жүрегі, танылады. Туған жерге, асыл жарға, ата-анаға 
деген сүйіспеншілік сезімді бар шынайы болмысымен жеткізу ӛлеңнің асқан 
шебері Мағжанға тән құбылыс. Ӛлеңдегі негізгі кӛркемдік тәсілдің бірі – 
синтаксистік қайталаулар. «Неге екенін білмеймін – сол (анамды, жарымды, 
елімді, Арқамды)» сүйемін деу арқылы ақын оқырманына «адамзат ӛз 
мекенін, туған жерін, ата-анасын, жарын не үшін сүйеді?» деген түйінді ой 
тастайды. Сүю үшін ең бастысы ӛзіңнің етене жақының болу, туған, тӛл 
дүниең (елің, жерің, тілің) болуының ӛзі жеткілікті екендігін меңзейді. 
Жұлдыздай жарқын, жалынды ғұмырында бар мақсат-мұраты елінің 
азаттығы мен ӛркениетін кӛру болған Мағжан ұлтының болмысы мен 
тұрмыс-тіршілігіне толғанады. «Ұйқы басқан қабағын», «жүрген ескі 
заңымен», «жалқаулықты жар кӛрген» қазақтың бейқам тірлігі мен мінез-
құлқы елінің ертеңін ойлаған азаматты туған халқының мүддесі жолындағы 
күрестерге жетелейді. Мағжан ӛлеңдеріндегі Отанға ғашық сезім, тасқынды, 
тегеурінді азаттық үн кӛпшілікке арналады. Ӛлеңде «сары дала», «мәңгі ӛлік 
сахарасы», «сұп-сұр кӛр» тәрізді кӛркем сӛз образдары ӛлеңнің идеялық 
астарын айқындай түседі. 
Ал осы 7-сыныпта оқылатын ақынның 
«Толқын» 
ӛлеңі табиғат лирика-
сынан алшақ. Толқын сӛзінің негізгі мағынасы табиғаттағы су бетінің 
ырғалысынан пайда болатын тербелісті білдіретіні белгілі. Жалпы толқын ол 
ауа толқыны болсын, шаш толқыны болсын, дыбыс толқыны болсын, 
ырғақты, қозғалысты білдірсе керек. Мағжан табиғаттың осы бір құбылысын 
ала отырып, терең ой толғайды. «Толқын» – қозғалыс перзенті, ал ӛмірдің ӛзі 
қозғалыстан тұрады. Ақын ӛлеңде «Толқыннан толқын туады» деп бастап, 
ӛмір заңдылықтары: уақыт, қозғалыс, ӛмірдің ӛзгермелігін, ӛмір жолындағы 
жарыс пен тартысты, ұрпақ жалғастығын, жылайтын, күлетін адамның 
болмысы мен сезім-күйін ӛлеңнің мағыналық астарын әдіптейді. Алдыңғы 
толқынның ӛмірден озуы, кейінгі толқынның орнын басуы – заңдылық. 


169 
Ӛлеңнің идеялық ӛзегінде ӛмір философиясы бой кӛрсетеді. Ӛлеңнің 
композициялық құрылымы ерекше. Ақын ӛмірдің бар болмысын толқынның 
тууы мен ӛлуі арасына тізбектей отырып кӛркем безендірген. Ӛлең 
композициясында ақын үн үйлесімін аллетерациялық тәсіл арқылы шебер 
берсе, ӛлең ырғақ, ӛлшем, ұйқас арқылы да сазды, әуезді құрылым түзген. 
Анафоралық қайталаулар мен паралелизм ақынның салмақ түсіретін ойын 
ерекшелей түскен. Осылайша ақын «Толқын» ӛлеңінде терең толғанысты, 
ә
уезді әсем сурет жасаған. 
 
Осы орайда мектеп бағдарламасына енген бірнеше ӛлең мәтініне түсінік 
беріп кӛрейік. 6-сыныпта оқылатын С.Сейфуллиннің 
«Дала» 
ӛлеңі жаңа ӛмір 
жастарына арнау ретінде жазылған. Дала – қазақтың киелі құт мекені. Дала 
халық ұғымында кеңдіктің, ырыс, несібенің, еркіндіктің символы. Сәкен 
Сейфуллин «Далада» ӛлеңінде «алты жасар асауды ұстап мініп» ой қиялымен 
даланы дүбірлетеді. Кӛсілген дала еркіндіктің бейнесі болса, асау тұлпар 
еркін де қайсар рухтың бейнесін сипаттайды. Ақын ӛлеңіндегі ой үш 
детальға (ұғымға) тоғысады. Олар: 
дала, асау тұлпар
және ақынның 
лирикалық қаһарманы
. Ақын ӛлеңде дала «жаңғырады», «дүбірлеп 
күңіренеді», асауды «орғыды», «осқырды», «зымырап құлашын керді», 
«кӛздері оттай» деген сӛздермен бейнелейді. Ақынның лирикалық қаһарманы 
еркіндікке құлшына құлаш сермеген жалынды жас. Ол кең даланы күңірентіп 
ән салады. Әніне барлық дала «Аққу қазды шалқар кӛл,
Қамысты-құрақты кӛк ӛзен күңіренеді, үнге қосылады.
Ӛлең астарлы оймен жазылған. Ақынның даласы – еркіндіктің бейнесі, 
асауы – еркін рухтың, жалынды күрестің бейнесі, ал ақын әні – жаңа заман 
үні. Жаңа заман үні «әділдік, теңдік іздеген», «еркіндік, кеңдік іздеген» 
«кӛкірегі жанып, бақыт іздеген» жастарға: іні, қарындастарға арналады. Ақын 
бақыт жолының бұралаңын, күрделі де қиын жол екенін білдіре тұра, сол 
қиындықты қайратты ер жастардың ғана жеңіп шығатынына қалтқысыз 
сенеді. Ерік, махаббат, бақыт жолындағы жастарды бірлікке шақырады. 
6-сыныпта Қасым Аманжоловтың «Алатау» ӛлеңі берілген. Ақын 
шығармашылығында туған жер тақырыбы ерекше мәнге ие. Туған жердің 
қасиетін тану, тебірене жырлау Қасымдай еліне шексіз беріліп, қалтқысыз 
қызмет еткен тұлғаға тән қасиет. Ӛр тұлғаның асқар тауды жырлауы да 
тосын емес. «Хантәңірі», «Алатау» ӛлеңдерінде ақын ӛрлікті, асқақтықты, 
табиғаттың еңселі ерек болмысын ардақтайды. «Алатау» ӛлеңінде ақын
табиғаттың сұлу перзенті Алатаудың қадыр-қасиетін туған елмен 
байланыстыра суреттейді. Алатау кӛркімен кӛз сүйсіндіріп қана қоймай, 
елдің аспаны мен жеріне сән беріп, Қазақстандай кең құлашты мекеннің 
тӛрінде кӛркем шаңырағы болып тұрғандығын елестетеді. «Алатау – айдын 
дала қариясы, Кӛтерген тӛбесіне ӛз баласын» деп табиғаттың оқшау 
жаратылған перзентін кӛпті кӛрген кӛнекӛз қария ретінде ерекшелейді. Ӛр 
тұлғалы, тәкаппар келбетті Алатау-қария елге қазыналы «дастарханын» 
жайып ырзық несібе беріп отырғанын аңғартады. Ӛлеңде кӛркемдік 
айшықтаулар мен алмастыра қолданылған сӛздер кездеседі.


170 
Бұдан ӛзге Қасым Аманжоловтың 8 сыныпта оқылатын «Ӛзім туралы» 
ӛлеңі – кӛп қырлы, терең мағыналы шығарма. Ақын бұл ӛлеңді шығарма-
шылығының кемелденген тұсында жазған. Белгілі сыншы-ғалым Бекен 
Ыбырайым ӛлеңнің 1948 жылдардан бастап жазылғанын, оған дейін ақын 
үнемі ӛз шығармашылық жолына сын кӛзімен қарап, жетілдіру үстінде 
болғандығын жазады. Кӛрнекті әдебиетші Есмағамбет Ысмайловтың «Ӛзім 
туралы» аяқталмаған ӛлең, ақынның философиялық поэма жазу мақсатынан 
туған шығарма екендігі туралы ойларын келтіреді.
«Ӛзім туралы» ӛлеңі автордың ӛз тағдыры туралы ойларынан басталып, 
кең арналы тақырыптарды кӛтереді. Олар: аға ұрпақ аманаты, келер ұрпақ 
парызы, адам тіршілігінің мәні, адамгершілік жайы, адамзат тіршілігіндегі
жеке тұлғаның мән-мұраты, адамның болмыстағы орны, ӛткінші ӛмір, уақыт 
мәселесі, ӛшпес ӛнер табиғаты, ұрпақ пен дәстүр жалғастығы, ақынның келер 
ұрпаққа аманаты терең философиялық толғамдарда кӛркем сӛз образдары-
мен шебер ӛрілген. 
Ал Фариза Оңғарсынованың 
«Оюлар»
ӛлеңінің табиғаты ӛзгеше. 
Оқушыларды кӛбірек ұлттық ӛнерге бағыттайды. Қазақ халқының рухани-
эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен қол ӛнері, ою-ӛрнегі ұлттық 
құндылықтың бірі. «Әжелер мектебінің» ӛрнекті, зерлі сабағы болып 
ұрпақтан ұрпаққа жалғасты болған түскиіз, сырмақ, текемет сияқты бұйым-
дардың күнделік тұрмысымыздан алшақтауына бүгінгі тұрмыс-тіршіліктің 
тынысы да себепкер.
Ұлт мәдениетін айқындайтын қазақтың осындай қолӛнері ақын шығар-
масына ӛзек болған. Ӛлеңнің ӛн бойынан ұлттық ӛнерге деген құрмет пен
ақынның әжесіне деген ыстық сезімі, махаббаты да айқын танылады. Әр 
ғасырдағы сан түрлі талап, талғамдардан сүрінбей ӛткен қазақы асыл 
ӛрнектің астарына ақын үлкен мән береді. «Сүрінбей ӛте алар ма 
ғасырлардан, Әжемнің оюындай жыр-ӛрнегім!» – деп нағыз асыл ғана уақыт 
сынынан сүрінбей ӛте алатынын мойындайды, ақын ӛз шығармашылығына 
биік талап қояды. Ақынның қиялына қанат бітіретін, шабыт сыйлайтын 
бабалар жолы, ұлттық құндылықтар. Ақын ӛлеңінде нағыз ұлттық нақышты 
жыр, халқын, елін сүйген жаннан ғана туады деген де астарлы мағына бар. 
Алты шумақты, қара ӛлең ұйқасымен жазылған ӛлеңнің тілі жеңіл, ақын ойы 
кӛркем айшықты. 
Орта мектеп бағдарламасында ӛнер тақырыбын, соның ішінде қазақтың 
ұлттық қол ӛнері, саят ӛнерін қамтыған шығармалар енген. Абайдың 
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» ӛлеңі де ӛнер тақырыбына арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет