А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


-  «Естемес Жаңылдың кӛзіне ұзағырақ қарады. Қыз кӛзіне  кӛзі түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалды



Pdf көрінісі
бет96/118
Дата27.09.2023
өлшемі2,39 Mb.
#110513
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   118

«Естемес Жаңылдың кӛзіне ұзағырақ қарады. Қыз кӛзіне 
кӛзі түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалды.
 
«Сақалды басыммен сабырдан 
айырылғаным қалай» деп кейіді ӛзіне. Бірақ кӛңілі құрғыры бір нәрсеге 
талпынып алып барады. Сонау бір жастық шағы қайта оралғандай еліре 
құмартады. Талайдан аңсағанын кӛргендей кӛз жазғысы келмейді».
Шығарманы оқыту барысында «Нар идірген» күйін тындату қажеттігі 
айқын. 
Нысанға алынған шығармаларды талдауда ұсынатын ортақ модель: 


201 
Оқушылардың шығарманың кӛркем компоненттерімен жүргізетін 
жұмыстарын жүйелі танымдық үдеріске ұластыру әдеби білімді тереңдетуге 
бірден-бір септігін тиігізері анық. Шығарманың кӛркем компоненттерін 
топтық, жұптық жұмыстарға, оқушылардың ӛздік жұмыстарына бағыттау 
бірден бір тиімді жол екені тәжірибеден анықталып келеді.
Мектеп практикасында кӛбіне кӛркем туындыны түр мен мазмұн 
бірлігінде талдау жағы кемшін соғып жатады. Кӛркем шығарманы орта 
мектепте оқып-үйренудің ғылыми-әдістемелік жүйесін тұтастықта қарастыр-
ғанда ғана оқушылардың әдеби білім мазмұны байи түседі.
Жоғары сыныптарда әдеби шығарманы оқыту мәселелері әлі де толық 
шешімін таппай келеді. Оның ӛзіндік себебі де жоқ емес. Жоғары 
сыныптарда әдеби шығарманы проблемалық мәселелері жағынан талдау,
әдеби деталь арқылы шығарманың идеялық ӛзегіне жол салу, әдеби 
туындыдағы образ, кейіпкерлер жүйесі, кӛркем бейнелердің мінез-құлық 
әлемі, сюжеттік оқиғалар желісі, композициялық құрылым секілді мәселе-
лерін талдаудың әдістемелік жолдары арнайы зерттелмей келеді. 


202 
Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыруға жетелеу, нәтижеге 
бағытталған іс-әрекеттер жасау тікелей талдаумен байланысты екені анық. 
Осыдан талдаудың әдістемелік жүйесін бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік 
сұраным-талаптарына сәйкес жетілдіру қажет екені туындайды. Сол себепті, 
мәселені тиімді шешу, талдаудың ұтымды да оңтайлы жаңа жолдарын табу
айқын міндет. Сонда мұғалім шәкірттерін шығарма әлеміне еркін бойлатып, 
ізденушілік бағыт, бағдар бере алады. Пәннің оқытылу мақсат-міндеті 
орындалады, білімнің сапасы артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет