207
Драмадағы кӛркем тіл монологтан және кейіпкерлер арасында ӛрбитін
диалогтан құралады. Диалог кӛбіне сахналық әрекетке айналады.
К.С.Станиславский сахнада «сӛйлеу дегеніміз әрекет ету» дейді
1
. Ӛйткені
пьеса кейіпкері ӛз ойын тек сӛйлеумен ғана емес, үндемеу арқылы да
аңғарта алады. Іштей сӛйлеу, үзіліс жасау, ым, ишара, қимыл — осының бәрі
қосыла келе драма ерекшелігін құрайды. Онда дауыс ырғағы, сӛйлеу мәнері
де шешуші рӛл атқарады. Сондықтан драмалық шығарманы сыныпта
дауыстап оқу да талдаудың алғашқы және басты кезеңі болып саналады.
Дауыстап оқу драмалық оқиғаны, характерді, олардың арасындағы қақты-
ғысты оқушының кӛз алдына әкеледі. Онсыз шығарма идеясын ашу, шығар-
мадағы тартысты ұғыну мүмкін емес. Сол себепті драманы ӛнер туындысы
ретінде терең түсіну де қиындық туғызады.
Әдіскер-мұғалім Т.С.Зепалованың ―Уроки литературы и театр‖ атты
еңбегінде драмалық шығарманы оқудың бірнеше түрін атап кӛрсетеді:
1.
Мұғалімнің оқуы.
2.
Рӛлмен оқу.
Достарыңызбен бөлісу: