Ақ Алматы технологи


Дәріс 14. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар



бет15/34
Дата15.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#122725
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
социология0

Дәріс 14. Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар

Халықтың қоныстануы — халықтың аумақ бойынша бөлінуі және қайта бөліну үдерісі мен оның нәтижесіндегі қоныстар желісі. Халықтың қоныстануы ұғымы халықтың орналасуын, елді мекендердің атқарымдық аумақтық өзара байланыстарын, халықтың көші-қонын (қоныс аударуын, маусымдық және қатынамалы көші-қонын) қамтиды. Халықтың қоныстануы — күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріс, сондықтан ол социологияның, демографияның, халық географиясының, этнографияның, қала құрылысының, басқа да ғылымдардың тақырыбы болып табылады. Социология Халықтың қоныстануын қоғамды ұйымдастырудың кеңістікті нысаны ретінде зерттейді. Демография халықтың тіршілік ету аумағы бойынша бөлінуі және қайта бөлінуі үдерісін зерделейді.


Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалалардың өркендеуімен тікелей байланысты. Бұл ежелден қалыптасқан аксиома. Ал осыған әсер ететін бірден-бір фактор – урбандалу процесі. Қа­зір әлем халқының 3 млрд-тан аст­амы қалаларда өмір сүруде. Алайда мына нәрсені ескеру қажет. Бұл үрдіс тек тиімді басқару мен дұрыс жобалаудың нәти­жесінде ғана тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Ал стихиялық сипаттағы урбанизацияның теріс әсері жетерлік. Мәселен, қазір көптеген қалалық аймақтар ауыл­дық елді мекендердің құлдырау есебінен өсіп келеді. Яғни, тұрмысы нашарлаған ауыл халқының қаладан жұмыс іздеуіне тура келеді. Бұл қала инфрақұрылымына әжептәуір салмақ түсірсе керек. Демек, геометриялық тепе-теңдік сақталуы тиіс.
2050 жылға қарай Жер шарындағы халықтың үштен екісі қалаларда өмір сүреді. Қазір күн сайын шаһарларға 180 мыңдай адам көшіп жатыр. Дамыған мемлекеттерде қалалықтардың саны жылма-жыл 60 млн адамға көбеюде. Мұндай деректі БҰҰ Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес келтірді.
Урбанизацияның мемлекет үшін рөлін түсінудегі ең маңызды факторлардың алғашқысы – оның экономикалық өсімді едәуір ынталандыруында. Атақты әлеуметтанушы, жаһандану үрдісін зерттеуші ғалым Саскиа Сассеннің айтуынша, урбанизация мен ішкі жалпы өнімнің арасында тікелей байланыс бар. Екіншіден, кез келген мемлекеттегі қала халқының саны 5%-ға артқан сайын жан басы­на шаққандағы эконо­микалық белсенділіктің өсімі 10%-ға өсіп отырады. Соны­мен қатар болашақта әлем эконо­микалары емес, ірі қалалар арасындағы бәсекелестік арта түседі деп жоспарлануда.
Үшінші факторды айта­тын болсақ, дамыған елдерде халықтың төрттен үш бөлігі қалаларда тұрады: Ұлыбританиядағы урбандалу көрсеткіші 83%, АҚШ-та – 82%, Францияда – 79%, Германияда 75%-ды құрап отыр. Атақты «Климаттың жаңа экономикасы» атты баяндаманың деректері бойынша, Токио қаласының ІЖӨ-сі Испанияның ІЖӨ-сінен асады, сол сияқты Лондонның ІЖӨ-сінің көлемі Швецияның ІЖӨ-сінен артық. БҰҰ өкілдерінің айтуынша, 2030 жылға қарай бар болғаны 600 қалаға әлемнің ІЖӨ өсімінің 60%-ы тиесілі болады.
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы."Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді: қала халқының табиғи өсімі; ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы; қала маңы аудандарының пайда болуы; ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.
Урбандалу түрлері

  • Субурбандалу - қалалық агломерациялар қалыптастырудың нәтижесінде ірі қалалардың қала маңындағы аймағын өсу және даму процессі.

  • Контурурбандалу - урбанизацияға кері процесс.

  • Жалған урбандалу - қала халқының санының өсуі. Бірақ жұмыс орындары емес, үйсіз-күйсіздердің артуы.

Осылайша, урбандалу дегеніміз мемлекеттегі қала халқы үлесінің артуы, өсуі. Урбандалу 19-20 ғасырларда қалалардағы ірі өнеркәсіп орындарының шапшаң дамуы нәтижесінде пайда болды.
1800 жылы қала халқының үлесі бар жоғы 3% тең еді, 1860 жылы 6,4%-ке ал 1950 жылы 30%-ға дейін өсті.
Урбандалу процесінің негізгі себептері

1) Қалада көп компаниялар орналасқандықтан, қаладағы жалақының орташа мөлшері ауылдықтан артық болуында.


2) Қаладағы сан түрлі мүмкіндіктердің бар болуында.
3) Қала маңындағы ауылдардың, қаламен қосылуында (агломерация).
Урбандалу деңгейі
Мемлекеттегі қала халқының үлесі урбандалу деңгейі деп аталады. Мысалы қала халқының үлесі 60% болса, урбандалу деңгейі 60% тең деп аталады.
Дамыған елдерде урбандалу деңгейі жоғары болады, ал дамымаған елдерде бұл көрсеткіш төмен болады.
Қазақстандағы урбандалу деңгейі 60%-ке жуық. Қалаға ауылдағы жұрт 1990-2000 жылдары көп көшті. Себебі Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырағаннан кейін ауылдағы зауыттар мен фабрикалардың көбі жабылды да, ауылдағы қазақтар қалаға жұмыс іздеп көше бастады.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарының ішінде белгіленген жеті реформаның бірінде «Қуатты аймақтар мен урбанизация» атты арна­йы жоспар бар. Осы реформа­да көр­сетілгендей, елдегі урбанизацияның қарқыны мен қала­ларды дамыту елдің тұтастай дамуы мен әлеуметтік-экономикалық өсімнің маңызды факторлары болып табылады. «Қуатты аймақтар мен урбанизация» – бұл әр аймақтың экономикалық тұрғыда өздігі­ен дамуын ынталандыру және тұрғылықты жеріне қарамастан өмір сапасының теңдігін қамтамасыз етудің алғы­шар­ты. Бұл саладағы реформалар әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарды және аймақтар арасындағы дисбалансты азайту мақ­сатында тек ірі қалаларды қамтып қана қоймай, моноқала мәртебесін иеленген елді мекендерге де қатысты болады.


Қазақстан халқының саны аумағының үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру жəне үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 /3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұйымдастыруға баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек əлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу жəне қоныстану жатады. Халықты орналастыру - халықты мемлекет, облыс көлемінде, аймақ бойынша орналастыру. Халықтың қоныстануы - халықты елді мекендер бойынша орналастыру. Бұлардың бір-бірімен тығыз екендігін дəлелде. Қалалық жəне ауылдық елді мекендер, соған байланысты қала мен ауыл халқы деп белінеді.
Урбандалудың нәтижесінде Алматы сияқты ірі қалалардың халқының саны күрт артты, мысалы 1989 жылы 1,071 миллион болса, 2016 жылы 1,713 миллионға жетті. Ал 2020 жылғы мәліметтерді алсақ, Алматы қаласының халқы 1,9 миллионға жетті.
Алайда, урбандалу – бұл тек қала халқы санының өсуі ғана емес, сонымен бірге прогрессивті түрде қандайда бір аймақтың дамуы, өсуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет