Ақ Алматы технологи


Дәріс 2. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат



бет18/34
Дата15.11.2023
өлшемі210,05 Kb.
#122725
түріКонспект
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
социология0

Дәріс 2. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Саясат - біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі-басқаруды атқарады, яғни саясат адамдардың тіршілік әректінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни, дінмен, моральмен, өнермен, ғылыммен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мемлекеттік билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.Ол адамзаттың демократиялыққ қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяи идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстар-ң өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саясат дегеніміз қоғамның ішіндегі үлкен топтар, сондай-ақ билікті орнатуға, сақтауға, бөлуге бағытталған қоғамдық ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты айтады. Саясат гректің «полис» қала деген сөзінен пайда болған. Саясат кең мағынада қоғамның саяси өмірін бейнелейді, ал тар мағынасында билік үшін күресті білдіреді. 17ғ.дейін саясатты бағыныштыларды қоғамдық басқару ретінде қарастырып келді. Ал 18ғ.бастап саясатты билік пен байланысты қатынас ретінде түсіне бастады. Ал Саясаттану дегеніміз-саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым.
Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі және көпқырлы сала. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі грек философы Аристотельдің ұғыммен «Полития» атты еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар және ол саяси қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер. Демокрит және өз заманының ойшылдары саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде айқындайды. Ойшылдардың пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, әділетті және шыншылдардың ісі. Парасатты саясат – мемлекеттің гүлдену, қоғам мен тұлғалар дәулеттілігінің кепілі. Неміс саясаттанушысы М. Вебер саясатты билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру қызметіне ықпал жасау ретінде қарастырады. Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері). Түсінік гректің политикос яғни поли жиынтық, көптеген деп аударылса, тикос — мүдде; (тікелей аударсақ «мүдделер жиынтығы, көптігі). Саясат – бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы. Ағылшын тілінде саясат ұғымын түсіндіру үшін оның түрлі өлшемдерін сипаттайтын түсініктер қолданылады: нысандық (polity) – саяси құрылымы, саяси институттардың жиынтығы; мазмұндылық (policy) – саясат субъектілерінің жобалары мен талаптары; партиялар бағдарламалары немесе үкімет саясатының бағыттары; іс-жүргізу (politics) – қоғамның барлық саяси өмірі, саяси күрес нәтижелерін ескере отырып жасалатын саяси қатынастар мен саяси қимылдардың күтпеген салдары.
Саясат туралы көптеген пікірлер арасынан төмендегі ерекшеліктерді атап өтуімізге болады: жалпыміндетті шешімдерді қабылдау бойынша қызмет; мемлекет, партия, мүдделес топтар қызметінің саласы; билік үшін күрес, билікке ықпал жасау және оны пайдалану; мемлекеттік-құқықтық құралдар көмегімен қоғамдық маңызы бар істерді басқару; әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар қатынасының ерекше түрі; қоғамдық өмірдегі ережелерді жасау, қолдау және өзгерту. Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; әлеуметтік – қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мәдени – рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; мемлекеттік-әкімшілік – мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу. Деңгейлеріне қарай бөлінеді: жергілікті – жергілікті құрылымның (аудан, ауыл, қала) дамуымен байланысты мәселелерді реттеу; аймақтық – аймақтың (облыс) дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу; жалпымемлекеттік – қоғамның дамуына бағытталған мәселелерді реттеу; халықаралық – халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу; әлемдік – жаһандық заманауи мәселелерді шешуге байланысты мәселелерді реттеу.
Мемлекеттің қызметіне қарай саясат ішкі саясат және сыртқы саясат деп бөлінеді: ішкі саясат – мемлекет ішіндегі түрлі салалардағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; Сыртқы саясат – мелекеттің халықаралық қарым-қатынаста ұстанған бағыты. Ол осы мемлекеттің өз қағидалары мен мақсаттарына сәйкес басқа мемлекеттермен жасайтын қарым – қатынастарын реттейді. Сыртқы саясаттың негізгі өзегі – ұлттық мүдде. Ол ұлттың еркін және тәуелсіз мемлекет есебінде сақталуын, өмір сүруін, сыртқы қауіптен қорғануын, ұлттық әл – ауқаттың өсуін, халықаралық аренада мемлекеттің экономикалық және саяси позициясын қорғауды қамтиды.
Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі — бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады.
Саясат қоғамдық өмірдің барлық жақтарына ықпал жасайды. Азаматтар түрлі сайлау үдерістері арқылы билік органдарын қалыптастыруға, мемлекетті басқаруға, материалды және рухани құндылықтарды үйлестіруге қатысады. Саяси өмір – бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі. Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды. Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар, уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды. Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек. Саясат адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады. Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады: қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету; қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру; қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру; әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру; қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану. Саясаттағы мақсаттар мен құралдар қатынасы мәселесі барлық кезеңдерде өзектілігін жоғалтпайды. Саясаткерлер өз мақсатына жету үшін қатал құралдарды жиі қолданады. Көптеген саясаткерлер Н. Макиавеллидің «Мақсат барлық құралдарды ақтайды» пікірін басшылыққа алады. Демократиялық қоғамдағы саясаттың негізгі мақсаттарына жатады: қоғам мүшелері мүдделерінің жалпылама және жеке қажеттіліктерін келісіммен жүзеге асыру; қоғамдағы құқықтық тәртіпті қолдау және қақтығыстарды реттеу; қоғамдық істерді басқару; қоғам мүшелерін қорғау. Саяси мақсаттарға жету үшін ерекше құралдар, әдістер, тәсілдер, ресурстар қолданылады. Саясаттағы құралдар ретінде заңнамалық құжаттар, сайлау, қоғамдық пікірлер, әскери көтерілістер, бұқаралық қуғындаулар, қарулы күштер, қаржы, идеология, демагогия, параға сатып алу, бопсалау пайдаланылады. Заманауи саясатта бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі маңызды рөл атқарады. БАҚ саясаткерлердің қоғамдық сананы манипуляциялауға мүмкіндік беру арқылы өз мақсаттарына жетуге септігін тигізеді. Саясат, мораль және құқықтың арақатынасына мән берсек. Негізінен саясат пен мораль арасында мынадай айырмашылықтар бар: Саясат бүкіл қоғамды қозғайтын топтық әлеуметтік қақтығыстарды реттеуге бағытталған және билікте қолдануды талап ететін қызметті атқарады. Мораль саяси өткірлікке жетпеген адамдар арасындағы күнделікті жеке қатынастарды сипаттайды. Саясаттың қайнаркөзін адам мүддесінің экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар құрайды. Мораль қайнаркөзіне индивидтің жеке пайдасын көздемейтін жалпыадамзаттық құндылықтар жатады. Мораль жетістікке жетуді көздейтін мұрат-мақсаттармен тығыз байланысты. Ол іс-әрекеттердің субъективті, ішкі алаңдаушылықтарын бағалайды. Саясат нақтыланған мақсаттар мен нәтижелерге жетуді көздейді. Саяси қайраткерлер көбінесе сезімге қарағанда, мүддені басшылыққа алады. Мораль әрдайым жеке қатынаста, оның субъектісі – өнегелі таңдау жасайтын жеке адам. Саясат көбінесе топтық, ұжымдық сипатқа ие. Саясаттың маңызды ерекшеліктері қатарына күшке сүйену, талаптардың орындалмауына күштеу қимылдарын қолдану жатады. Мораль өз қағидаларына сәйкес күштеу тәсілдерін жоққа шығарып, ар-ұжданға сүйенеді. Аристотель пікірінше, «Кімде-кім білімде алда болғанымен, адамгершілік жолында артта қалса, ол алға жылжығанға қарағанда, артқа қарай жүреді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет