Ақ Алматы технологи


Дәріс 15. Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар



бет16/34
Дата20.11.2023
өлшемі209,48 Kb.
#124951
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
Д ріс леумет-саясаттану 21-22

Дәріс 15. Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар.
Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде дамиды. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияныңжетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.
Қоғамдағы әлеуметтік жүйеде жатқан институттардың, әлеуметтік рөлдер мен адамдар арасындағы өзара байланыстардың өзгеруі. Әлеуметтік өзгерістер әлеуметтік құрылымда пайда болған елеулі өзгерістер. Бұл танымның ішіне жаңа нормалар, құндылықтар, мәдени элементтер және символдық
өзгерістерді атауға болады. Қоғамда кіші топтар арасында көрініс тапқан өзгерістер мен Сән (мода) сияқты
өтпелі өзгерістерді ескермеуге болады, бірақ отбасы, экономика, құқық институттарындағы өзгерістер, әлеуметтік рөлдерден өзгерістер және әлеуметтік байланыстарда пайда болған өзгерістер өте қажетті.
Дәстүрлі немесе қазіргі заманғы барлық қоғамдарда әлеуметтік өзгерістерді көруге болады, өзгеріске ұшырамайтын қоғам кемде-кем, әлеуметтік өзгеріс тұрғысынан қоғамда сапалық және сандық жағынан кейбір ерекшеліктер болуы мүмкін. Мысалы, қазіргі заманғы қоғамдарда үш өлшем бойынша дәстүрлі қоғамдардан ерекшелік танытуда. Қазіргі заманға қоғамдарда өзгерістер жылдам, кең жайылу жағынан көлемді және өзгерістер сапалық жағынан басқаша ерекшеліктерге ие.
Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер, халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б.
Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.
Әлеуметтік өзгерістер жоспарлы және жоспарсыз болып екіге бөлінуде. Бүгіндері қоғамымызда орын алып жатқан өзгерістерді жоспарлы өзгерістер деп айтуға болады. Жоспарлы әлеуметтік өзгерісте биліктің рөлі ерекше. Үкіметтің қабылдаған бірнеше бағдарламаларында әлеуметтік қорғау: білім беру, денсаулық сақтау, экономика, мәдениет, жұмыссыздық, ғылыми зерттеулер т.б. сияқты тақырыптарды көруге болады. Бұл бағдарламалар бұдан да дамыған қоғамды қалыптастыру үшін дайындалуда.
Әлеуметтік өзгеістерді анықтау үшін әлеуметтануда бірнеше теориялар дамыған. Бұл теорияларға байланысты мысал ретінде, Маркстік қақтығыс теориясы, құрылымдық-функционалистік теорияларды айтуға болады.
Әлеуметтік өігерістер – тәртіп құрылымында, мәдениетте уақыт ағымына байланысты болып жатқан фундаментальды өзгерістер. Әлеуметтік өзгерістердің ролі қоғамға әсері кейбір жағдайларға байланысты (мысалы, Қазан төңкерілісі, Екінші әлем соғысы, Ауған соғысы).
Қоғам дамуының бағыттары: ПРОГРЕСС, РЕГРЕСС, ИМИТАЦИЯ. Формалары: ЭВОЛЮЦИЯ, РЕВОЛЮЦИЯ, РЕФОРМАЛАР.
Әлеуметтік өзгерістер мен дамудың бағыттары:
А) әлеуметтік прогресс – қоғамның дамуының ерекше түрі, жоғарғы сатыға көтерілуі,кемелділік стадиясына.
Б) әлеуметтік регресс – жоғарыдан төменге жылжу,құлдырау, тым дамығаннан азды дамығанға, жақсыдан жаманға көшу. Регресс неге алып келеді? Өндірістін төмендеуіне, қоғамда темекі шегу, ішімдіктерді ішу, нашақорлыктың таралуына, халықтың денсаулығының нашарлауына, адамдардың рухани және адамгершілік деңгейінің төмендеуіне т.б.
Прогресс пен регресс бір-бірімен жақындаса түседі. Мысалы, 1990-ші жылдарын алатын болсақ. -өндірістің төмендеуі, көптеген адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және қылмыстың бойы артуы – регрестің белгілері. Прогресс белгілері -кеңес тоталитаризімінен қоғамның азат етілуі, демократия мен нарыққа бет бүруы, азаматтардың қүқығымен еріктігінің кеңеюі, БАҚтың еркіндігі, Батыспен соғыстан бейбітшілік ынтымастыққа көшу.
Имитация –қоғам дамыған сияқты, бірақ шындығында бір орында тұрады. Оны саясаткерлер керекті саяси ойындарында қолдану үшін, билік үшін күрес жүргізу немесе билікті ұстап қалу үшін жасайды.
Инновация – әр саладағы болып жатқан жаңа өзгерістер (медицина, ғылым, білім, ауыл шаруашылығы т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет