АҚ «Алматы технологиялық университеті»
Инжиниринг жәнеақпараттықтехнологияларфакультеті
Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар кафедрасы
Дәріс конспектісі
PKSP 2106 Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану)
АТУ-дың барлық мамандықтарына арналған
Күндізгі білім беру нысаны
Алматы, 2021 ж.
Дәріс 1.Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану.
Социология терминілатынcөзі «societas» - коғам, және «Іоgоs» - ілім, білім деген сөздерден құралған. Демек, социология қоғам туралы ғылым деген сөз. Бірақ коғам басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология -қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тең объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.
«Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы Огюст Контпен (1798-1857) қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді.
Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық.
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әр ғылым басқа ғылымдардан өзінің зерттеу пәнімен ажыратылады. Барлық ғылымдар түрлі құбылыстар мен үрдістердің объективті шындығын зерттейді. Бірақ әр ғылымның зерттеу нысанына, біріншіден, объективті шындықтың белгілі жағы мен саласы, екіншіден, тек берілген ғылымға ғана тән арнайы даму зандылықтары мен заңдары, үшіншіден, осы заңдар мен заңдылықтардың әрекет механизімдері мен айқындалуының ерекше формалары жатады. Сондықтан, ғылымның объектісі мен пәні ажыратылады: объектісіне зерттеу үрдісінің бағыты, ал пәніне зерттеу объектісін құрайтын, байланыстар мен қатынастар жатады. Әлеуметтанудың объектісіне қазіргі қоғам жатқызылады. Тек жай қоғам емес, таным үрдісі бағытталған әлеуметтік шындық саласы: әлеуметтік институттар, әлеуметтік қатынастар мен үрдістер, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қоғам , әлеуметтік роль , әлеуметтік бақылау және т.б. жатады. Әлеуметтік зерттеу объектісіне ғылыми анализға жататын, әлеуметтік қарама-қайшылық жатқызылады. Социологиялық зерттеудің пәні объект қасиеті мен мәселе сипатымен айқындалады. Әлеуметтік танымның пәнің белгілеу үрдісінде шешуші әлеуметтік құбылыстар адам өзара әрекеті, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауым мен үрдістер және т.б. жатады. Белгілі қатынастар қандай да бір әлеуметтік құбылыспен белгіленген, белгілі заңдылықтардың немесе тенденциялардың әрекетіне тәуелді. Олар әлеуметтанудың негізгі пәнін құрайды.
Макросоциология қоғамдық дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, ауқымды үрдістермен байланысты. Макросоциология қоғамды, оның құрылымын, әлеуметтік институттарды тұтас әлеуметтік ағза ретінде қарастырады.
Микросоциология әлеуметтік тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен жекелендіруіне көңіл аударады.
В.А.Ядов «Осыдан әлеуметтануды анықтаудың екі әртүрлі жолдары ажыратылады: бірінші, ғылым ретінде пәнінің тұтас қоғамдық ағза, әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылуы, екінші, бұқаралық әлеуметтік үрдістер мен бұқаралық тәртіп жөніндегі ғылым» деп жазады.
Әлеуметтану – қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.
Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.
Әлеуметтік заң – бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.
Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады.
Әлеуметтік білімнің осындай өзіндік ажыратылуы әлеуметтану пәнінің түсінуінен айқындайтын өз тарихы бар. Ғылым дамуының әр кезеңінде белгілі өзгерістерге ұшырауы, әлеуметтану пәнінің әдістері мен атқаратын қызметтері жаңаша түсіндіріліп жатты. Конт заманында әлеуметтану макроәлеуметтану түрінде дамыды, бұл әлеуметтік білімнің жалпы қағидалық білімге бағыттауы, қоғамды тұтас ағза ретінде сипаттауда назардың шоғырлануын белгілейді. 20 ғасырда микроәлеуметтанудың қалыптасуы, нақты құбылыстарды анализдеуде қағидалық сипаттаулардан әлеуметтік – психологиялық және социометрлік әдістерді қолдану арқылы эмпирикалық зертеулерге көшу белгіленді.
Мертонның әлеуметтану қағидасы макро және микроәлеуметтанудың бірігуін көздеді. Сондай-ақ, бұл екі деңгейден басқа әлеуметтанудың негізгі мақсаты мен бағытына байланысты, қағидалық және қолданбалы деңгейді ажыратады.
Егер зерттеудің негізгі мақсаты қағиданың дамуы болса, онда ол фундаментальды қатарына жатқызылады, ал егер тек тәжірибелік ұсыныстарды алуға бағытталса, онда ол қолданбалы зерттеу қатарына жатады . Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің көпшілігі екі міндетті шешуге бағытталады:
1) қағидалық;
2) тәжірибелік ұсыныстар жасау.
Арнайы әлеуметтану қағидалары қоғамдық дамудың арнайы және жалпы заңдылықтарының қоғам өмірінің жеке салаларында әрекет механизмі мен ақындалу формаларын зерттеуге бағытталады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні әлеуметтік өмірдің өзіндік салалары, әлеуметтік қауым түрлері, олардың даму заңдылықтары болып табылады. Олар жалпы әлеуметтік қағиданы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулерге өту өлшем ролін атқарады. Арнайы әлеуметтік қағида пәні спецификасы негізінде, келесі топтарға бөлінеді:
1) арнайы әлеуметтану қағидасы адам қызметінің негізгі түрлері мен формасын (еңбек әлеуметін, демалыс уақытын, тұрғын –тіршілігін ) зерттейді;
2) әлеуметтану және басқа да гуманитарлық пәндер – әлеуметтану құқығы, әлеуметтану экономикасы, әлеуметтану саясаты, мәдениеті және т.б. ғылымдар аралығында қалыптасқан қағидалар;
3) арнайы әлеуметтік қағидалар, қоғамның әлеуметтік құрылымы – әлеуметтік стратификация қағидасын, этноәлеуметтану, қала мен ауыл әлеуметін сипаттайды;
4) арнайы әлеуметтік қағидалар, әлеуметтік институттар әрекетін – басқару әлеуметі, білім беру, отбасы әлеуметтенуы, ғылым әлеуметін зерттейді;
5) арнайы әлеуметтік қағидалар, девианттық тәртіп пен деликвенттік (қылмыстық) тәртіп әлеуметін зерттейді.
Соңғы уақытта кең таралған көзқарас бойынша, әлеуметтік білім деңгейі келесі сатыларға бөлінеді:
а) фундаментальдық зерттеулер деңгейі, берілген саланың принциптерін мен заңдылықтарын айқындайтын, ғылыми білім жолы арқылы қағиданы құрастырады;
ә) қолданбалы зерттеулер деңгейі, берілген фундаментальды білім негізінде, айрықша тәжірибелік құндылығы бар мәселелердің көкейтестігін зерттеуді мақсат қояды;
б) әлеуметтік инженерия – әр түрлі техникалық құралдарды құрастыру мақсатында ғылыми білімнің тәжірибесін енгізу деңгейі;
Берілген жіктеу әлеуметтік құрылымның үш деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді:
1) қағидалық әлеуметтану
2) қолданбалық әлеуметтану
3) әлеуметтік инженерия
1.5 Әлеуметтану функциялары
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді орындайды:
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады;
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы әлеуметтік ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым». «әлеуметтік институт», «әлеуметтік ұйымдастыру», «әлеуметтік топ»,«әлеуметтік әрекет». «әлеуметтік мінез-құлқы» т.б. көлемді категорияларды камтиды. Бұлардың әркайсысы өз алдына бірнеше маңызды категориаларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «тап». «әлеуметтік қабат». «халық», «ұлт», «жанұя» ұғымдарымен тікелей байланысты.
Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияиың осы байланысын түсіну үшін оның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастыруға болады.
Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.
Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.
Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын – саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.
Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани жақтарын да қарастырады.
Социология мен әлеуметтік философияның арақатынасын қарастырғанда ең алдымен социологияның философиялык ғылымдағы жатпайтынын, өйткені ол әлеуметтік философияға қарағандға жалпылылығы әлдекайда төмен заңдылықтарды қарастыратынын атап көрсеткен жөн.
Олардың озара тығыз байланысын анықтайтын мәселе - екеуі де қоғамды жүйелі де тұтас әлеуметтік организм түрінде қарастырады.
Социология мен тарих қоғамды зерттегенде тарихи процесті субъективтік, іс-әрекеттік жағына ерекше көңіл бөледі , қоғамдык емірдін нақты факттілерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік ұйымдар саясаттын субъектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер -жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Саясат кең де күрделі жан-жақты құбылыс. Ол қоғамның барлық салаларын қамтиды? Сондықтан экономикалық саясат, әлеуметтік саясат, мәдени саясаты т.б қоғамдық дамуға зор әсерін тигізеді.
Экономикалык және басқа коғамдық ғылымдар да қоғамнын жеке салаларын. Бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал социология қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе деп қарайтыны белгілі. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қатынастарын зерттейді. Ал бұлардың өзгерісі әлеуметтік процестерге әсер етпей қоймайды. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенеді. Сонымен қатар экономикалық процестердін өзі керісінше, әлеуметтік жағдайлар мен факторлартын әсерінен, олардың өндірісте, өнімді бөлісуде айырбас пен тұтынуда пайдалануынан тәуелді екенін өмірдің өзі дәлелдеуде. Бұл тәуелдік экономика мен социология ғылымдарынын өзара әсерін күшепте түсуді талап етеді. Экономикалық ғылым қоғам өмірінің аса маңызды саласынын ішкі айрықша заңдарын зерттесе, ал социология осы салада әлдекайда жалпы социологиялық заңдардын ерекше бой көрсетуін зерттейді.
Социология басқа да арнайы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Мысалы, құқықтану ғылымын алайық. Социология құқықтық қатынастарды жеке-дара қарастырмай, бүкіл қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарап, социологиялық зандылықтардың құқық саласындағы көріністерін қарастырады. Социологияның алдына қоятын міндеті - құқыққа және оның әлеуметтік рөліне әлеуметтік факторлардың, қатынастар мен институттардың және әлеуметтік ұйымдардың тигізетін әсерін анықтау.
3. Социологияның әлеуметтік-қоғамдық қызметі алуан түрлі. Солардың негізігі үшкуін арнайы қарастыру қажет сияқты. Олар теориялық-танымдық, саяси-практикалық және идеялық-тәрбиелік қызметі. Теориялық-танымдық қызметін іске асыру арқылы социология қоғамның мәні, оның құрылысы, заңдылықтары мен оның қызметі жайлы, дамуынын негізгі бағыттары мен тенденциялары, жолдары жөніндегі білімді тереңдете нақтылай түседі. Теориялық социологияның дамуында эмпирикалық социологияның және онымен байланысты арнаулы социологиялық зерттеулердін ролі ерекше.
Социологияның практикалық-саяси қызметінін маңызы жайлы сөз еткенде бұл ғылым әлеуметтік болмысты танып білумен шектеліп қалмайтынын, ол өз зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік өмірді жетілдіруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар тұжырымдайтынын атап көрсету қажет. Социология элеуметтік өмірді және оның ар саладағы көріністері зерттеп қана қоймайды, гуманизм, жалпы адамзат процесі тұрғысынан белгілі бір баға береді.
Социологияның идеялық-тәрбиелік қызметі - оның зерттеулерінің тәрбие жұмысында қандай нәтижелер беретінінен көрінеді. Социология әлеуметтік болмысты объективті бейнелейтін ғылым ретінде таптар мен әлеуметтік топтардың мақсат- мүддесіне бейтарап қарайды. Бірақ осы таптар, әлеуметтік таптар өздерінің таптық, әлеуметтік топтық мүддесі мен мақсатын белгілеу және қорғау үшін өздерінің саясаты мен практикалық іс-әрекеттерін ақтау, негіздеу үшін социологиялық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |