8.3 Зертханалық жұмысты орындау реті
10.3.1 Командалық қатардың негізгі командалары:
Файлдармен жұмыс командалары: touch, cat, tac, more, less, cp, mv, rm which, ln, mcedit
Каталогтармен жұмыс командалары: mkdir, ls, cd, rmdir, rm.
10.3.2 Бос файл құру командасы: touch.
10.3.3 Мәтіндік файлмен жұмыс жасау командалары: cat – мәтіндік файл құрамын көру, tac – мәтіндік файл құрамын керісінше ретпен көру, more – мәтіндік файл құрамын парақ бойынша көру, less – мәтіндік файлдарды көру бағдарламасы.
10.3.4 Файлдың көшірмесін алу, атын өзгерту, өшіру командалары: cp – 1-файлды 2-файлға көшіру; mv – 1-файлды 2-файлға орын ауыстыру/атын өзгерту; rm – файлды жою; which – файл орналасқан каталогты анықтау; ln – файл немесе каталогқа сілтеме құру.
10.3.5 Каталог құру және каталогтармен жұмыс жасау командалары: mkdir – каталог құру; ls – каталог мазмұнын шығару; cd – каталогқа өту; rmdir – бос каталогты жою; rm – бос емес каталогты рекурсивті өшіру; ~ - үй каталогы; .. – түпкі каталог; . – ағымдағы каталог.
Достарыңызбен бөлісу: |