7.3 Зертханалық жұмысты орындау реті 10.3.1 GRUB конфигурациялық файлын жүктеу үшін Grub.conf файл атауы жазылады. Кей жағдайда бұл команда Boot каталогындағы Grub ішкі каталогының Menu.lst командаларын орындау арқылы жүктеуге болады. Кез-келген операциялық жүйе туралы мәлімет title сөзінен басталады.
10.3.2 Операциялық жүйені таңдау үшін конфигурациялық файлдардың Defaulte директивасын қолдануға болады. Ол жүктелетін сектордың номерін анықтайды. Номер 0-4 бүтін сандардан тұрады. Мысалы, defaulte 4 timeout 10. Мұндағы defaulte 4 – Windows операциялық жүйесін таңдап, оны timeout 10, яғни 10 секундтан кейін жүктейді.
10.3.3 Түсті өзгерту үшін Color параметрі қолданылады. Фонның түсін таңдау командасы:
#PrettyColourscolor cyan/blue white/blue
Сонымен қатар, фонның түсі ретінде суретті таңдауға болады. Ол үшін суретті xmp форматында сақтау керек.