А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет152/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   165
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ 
(Время глагола) 
Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын 
көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды. 
Етістікте үш шақ болады: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. 
І. Осы шақ 
Настоящее время 


163 
Етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде болып тұратынын немесе 
істің сөйлеп тұрған кезде орындалып жатқанын білдіреді. Осы шақтың екі 
түрі бар: нақ осы шақ (собственно-настоящее время), ауыспалы осы шақ 
(переходное настоящее время). 
І. Нақ осы шақ 
Собственно-настоящее время 
Нақ осы шақтың істің сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіреді. 
Нақ ос шақ не істеп отыр?, не істеп тұр?, не істеп жатыр?, не істеп жүр? 
деген сұрақтарға жауап береді. 
Нақ осы шақтың екі түрі бар: 1. дара; 2. күрделі.
1. Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің жіктелуі 
арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып 
етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі, тек 
қана ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Мысалы: 
Жекеше
І-жақ Мен қалып етістік+ -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін 
ІІ-жақ Сен қалып етістік+ -сың/-сің 
Сіз қалып етістік+ -сыз/-сіз 
ІІІ-жақ Ол қалып етістік. 
Көпше 
І-жақ Біз қалып етістік+ -мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз 
ІІ-жақ Сендер қалып етістік+ -сыңдар/-сіңдер 
Сіздер қалып етістік+ -сыздар/-сіздер 
ІІІ-жақ Олар қалып етістік+ көптік жалғауы. 
2. Күрделі нақ осы шақ етістіктің -ып/-іп/-п және –а/-е тұлғалы 
көсемше түрі мен отыр, тұр, жатыр, жүр деген етітіктердің біреуі тіркесу 
арқылы жасалады. Соңғы қалып етістіктері ғана жіктеледі де, көсемшелер 
өзгеріссіз қалады. 
Жекеше 
І-жақ Мен түбір ет. -ып/-іп/-п қалып етістік+ -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін 
Мен оқы+п отыр+мын 
ІІ-жақ Сен түбір ет. -ып/-іп/-п қалып етістік+ -сың/-сің 
Сен оқы+п отыр+сың 
Сіз түбір ет. -ып/-іп/-п қалып етістік+ -сыз/-сіз 
Сіз оқы+п отыр+сыз 
ІІІ-жақ Ол түбір ет. -ып/-іп/-п қалып етістік. 
Ол оқы+п отыр. 
Көпше 
І-жақ Біз түбір ет.+ -ып/-іп/-п қалып етістік+ -мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз 
Біз оқы+п отыр+мыз 
ІІ-жақ Сендер түбір ет.+ -ып/-іп/-п қалып етістік+ -сыңдар/-сіңдер 
Сендер оқы+п отыр+сыңдар 
Сіздер түбір ет.+ -ып/-іп/-п қалып етістік+ -сыздар/-сіздер 
Сіздер оқы+п отыр+сыздар 


164 
ІІІ-жақ Олар түбір ет.+ -ып/-іп/-п қалып етістік+ көптік жалғауы. 
Олар оқы+п отыр. 
ЕСКЕРТУ: -а/-е тұлғалы көсемше түрі жатыр деген етістікпен ғана 
тіркеседі. 
Жекеше
І-жақ Мен түбір ет.+ -а/-е қалып етістік+ -мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін 
Мен бар+а жатыр+мын 
ІІ-жақ Сен түбір ет.+ -а/-е қалып етістік+ -сың/-сің 
Сен бар+а жатыр+сың 
Сіз түбір ет.+ -а/-е қалып етістік+ -сыз/-сіз 
Сіз бар+а жатыр+сыз 
ІІІ-жақ Ол түбір ет.+ -а/-е қалып етістік. 
Ол бар+а жатыр. 
Көпше 
І-жақ Біз түбір ет.+ -а/-е қалып етістік+ -мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз 
Біз бар+а жатыр+мыз 
ІІ-жақ Сендер түбір ет.+ -а/-е қалып етістік+ -сыңдар/-сіңдер 
Сендер бар+а жатыр+сыңдар 
Сіздер түбір ет.+ -а/-е қалып етістік+ -сыздар/-сіздер 
Сіздер бар+а жатыр+сыздар 
ІІІ-жақ Олар түбір ет.+ -а/-е қалып етістік+ көптік жалғауы. 
Олар бар+а жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет