А. Амангелді, С. Симбаева



Pdf көрінісі
бет155/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   165
Байланысты:
Снимок экрана 2023—02—02 в 12.33.47

 
КЕЛЕР ШАҚ 
(Будущее время глагола) 
І. Келер шақ 
Будущее время 
Келер шақ іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін 
болатындығын білдіреді. Келер шақтың үш түрі болады: 1) болжалды 
келер шақ; 2) мақсатты келер шақ; 3) ауыспалы келер шақ.
1. Болжалды келер шақ 
Будущее предположительное время 
Іс-қимылдың орындалары белгісіз, болжалды екенін білдіретін келер 
шақтың түрін болжалды келер шақ дейді. Болжалды келер шақ етістіктің 
түбіріне -ар/-ер/-р жұрнақтары, болымсыз етістіктен кейін -с жұрнағы 
жалғанып, одан кейін жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. 
Жекеше
І-жақ Мен түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с -мын/-мін, -пын/-пін 
Мен жаз+ар+мын 
ІІ-жақ Сен түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с -сың/-сің 
Сен жаз+ар+сың 
Сіз түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с -сыз/-сіз 
ІІІ-жақ Ол түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с


168 
Көпше 
І-жақ Біз түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с -мыз/-міз, -пыз/-піз 
ІІ-жақ Сендер түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с -сыңдар/-сіңдер 
Сіздер түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с -сыздар/-сіздер 
ІІІ-жақ Олар түбір етістік+ -ар/-ер/-р/-с 
ІІ. Мақсатты келер шақ 
Будущее время намерения 
Мақсатты келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле 
орындалатынын білдіреді. Мақсатты келер ашқ етістіктің түбіріне -мақ/-
мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде оған -шы/-ші 
қосымшасы қосылып, болымсыз түріне емес деген көмекші етістіктің 
тіркесуі арқылы жасалады. 
Жекеше
І-жақ Мен түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек + -пын/-пін 
Мен жаз+бақ+пын 
ІІ-жақ Сен түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек + -сың/-сің 
Сен жаз+бақ+сың 
Сіз түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек + -сыз/-сіз 
Сіз жаз+бақ+сыз 
ІІІ-жақ Ол түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек 
Ол жаз+бақ 
Көпше 
І-жақ Біз түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек + -пыз/-піз 
Біз жаз+бақ+пыз 
ІІ-жақ Сендер түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек + -сыңдар/-
сіңдер 
Сендер жаз+бақ+сыңдар 
Сіздер түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек + -сыздар/-
сіздер 
Сіздер жаз+бақ+сыздар 
ІІІ-жақ Олар түбір етістік+ -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек 
Олар жаз+бақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет