41
Конституция адамның өнегелі сапасы – оның ары мен абыройын
жоғары ұстайды. Барлық халықта ар мен абырой кісінің жоғары
бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының «малым –
жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген мақалы арды
қастерлеудің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген
қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады. ҚР Конституциясы адамның
ар мен абыройына қол сұғуға жол бермейді.
Заң бойынша, біреуді қорлау қылмыс деп танылады. Тіл тигізу жалпы
адамзаттық ұстаным қағидасынан алып қарағанда, адамның қадірін қорлау
болып табылады. Заң жеке адамның арын, ұжданын және абыройын
қорғаумен бірге, оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына жол
бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: