44
Монархия дегеніміз – жоғары мемлекеттік
өкімет монарх корольдің,
князьдің, сұлтанның, шахтың, әмірдің қолында болатын және мұраға
берілетін басқару түрі. Монархия абсолютті болуы мүмкін. Ондайда
монархтың билігі шексіз дерлік болады
немесе конституциялық болуы
мүмкін. Ондайда жоғары мемлекеттік билік конституциямен шектеледі.
Қазіргі дүние жүзінде конституциялық монархиялар неғұрлым көп тараған.
Монархияның тағы бір түрі – монарх – шіркеу басшысы болатын
теократиялық монархия.
Республика дегеніміз – мемлекеттік биліктің барлық жоғары
органдары сайланатын, оларды жалпыұлттық өкілетті мекемелер –
парламенттер құратын басқару түрі.
Дүние жүзінің барлық мемлекеттері
унитарлық және федерациялық
елдер деп сараланады.
Унитарлық мемлекет дегеніміз – оның аумағының құрамында өзін-өзі
басқаратын түзілімдер болмайтын
мемлекеттік құрылым түрі. Мұндай
мемлекетте бірыңғай конституция, мемлекеттік
өкімет органдарының
бірыңғай жүйесі болады. Әкімшілік бірліктердің заң шығарушылық емес,
атқарушылық қана билігі болады. Қазіргі дүние жүзі мемлекеттерінің
көпшілігі унитарлық.
Федерациялық мемлекет – өзінің аумағында өзін-өзі басқаратын
түзілім болатын мемлекеттік құрылым түрі. Мұндай түзілімдер
одақтық
бір мемлекетке кіргенімен, біршама саяси дербестігі болады. Мұндай
федерациялық
бірліктердің
(республикалар,
штаттар,
жерлер,
провинциялар және т.б.) әдетте өз конституциясы,
өкімет органдары
болады.
Мемлекеттердің бірігуінің енді бір түрі – конфедерация біршама
сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: