А б а й и н с т и т у т ы н ы ң хабаршысы


Өнерге əркімнің-ақ бар таласы



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата06.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#8164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 

Өнерге əркімнің-ақ бар таласы,  

Сонда да солардың бар таңдамасы. 

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,  

Қазақтың келістірер қай баласы? – 

 

дейді.  Бұқар  жырау,  Шортанбайлар  сияқты 

бұрынғы ірі ақындарға сын тартады. Міне, Абай 

өлеңге осындай шарт кояды. Осындай, осы айт-

қандай  болып  келген  өлеңді  өлең  дейді.  Осын-

дай қылып өлең жазған ақынды ғана ақын дейді. 

Сөйтіп  қазақтың  атақты  аты  шулы  ақыны 

Абай 1904 жылы  алпыс  жасында  дүниеден 

қайтты. 

Қазақ  əдебиетіне  ұлы  қазына  дерлік  мұра 

қалдырды.  Осы  мұраны  Ленинше  ұғып,  пайда-

мызға асыру біздің əдебиетіміздің міндеті. 



 

АБАЙДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ 

«АТТЫҢ СЫНЫ» 

 

Мынау  «Аттың  сыны» – Абайдың  сол 

замандағы  жақсы  деген  атты  тілмен,  сөзбен 

суреттегені, жақсы суретші Абайдың осы сөзіне 

қарап  отырып,  оп-оңай  Абай  айтқан  аттың 

суретін  салып  шығарар  еді. Шебер  жазушының 

бір  затты  суреттеп  айтқан  сөзіне  қарап,  сол 

заттың суретін жолдап алуға болады. 

Ат  қай  заманда  болса  да  керексіз  мал  емес, 

ат мықты көліктің, мықты құралдың бірі. 

Абай  заманы – ескі  заман.  Ол  заманда  ат 

өте-өте  қадырлы  болған  заман.  Онда  осы  күнгі 

қазақ  арасындағы  пойыз  отарба  жоқ.  Ауыл 

арасы, ру ішіндегі тап тартысы, жиын-той, дау-

шар  атқа  байланысты  еді.  Ол  кезде  жаңа,  өте-

мөте  одан  арғы  замандарда  да  жақсы  ат 

қазақтың  бір  қызының  қалың  малы  еді.  Осы 

күнге  дейін  айтылып  келген  «бір  қыздық  ат» 

деген мəтел сол замандардан қалған. 

Атқа  арнап,  ат  болғанда  осындай  ат  жақсы 

деп  сол  замандағы  «Аттың  сынын»  сыншы-

ларша  жазды.  Ат  болса  осындай  ат  болсын 

дейді.  Əрине,  əр  дəуірдің  бір  нəрсеге  қойған 

сынында белгілі айырмашылық болуға тиіс. 

 

АҢШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ 



 

Аңшылық осы күнге дейін маңызын жоғалт-

паған  кəсіп.  Бірақ  Абайдың  айтып  отырған, 

Абайдың əдемілеп суреттеп отырған аңшылығы 

біздің кешегі байлар билеген ауылдың аңшылы-

ғымен  таныстырады.  Солардың  аңшылыққа  бе-

ретін  сабағымен,  көзқарасымен,  суреттеуімен 

таныстырады.  Байлар  билеген  замандағы  əлді-

лердің ит жүгіртіп, бүркіт салып, ат шаптырып, 

ас  беру  суреттері  Абайдың  өлеңдерінде  айқын 

керінеді.  Ақсүйектер,  байлар  аңшылықты  тек 

қызық салтанат, атақ деп бағалаған. 

Абайдың  аңшылықты  суреттеуі,  Абайдың 

аңшылыққа көзқарасы, мырза байлардың көзқа-

расы екенін айқын көрсетеді. 

 

ЖЫЛДЫҢ ТӨРТ МЕЗГІЛІ 



 

Жылдың төрт мезгілі: жазғытұрым, жаз, күз, 

қыс.  Абайдың  көркем  жазылған  шығармалары. 

Абайға  шейін  қазақ  көркем  əдебиетінде  жара-

тылыс  құбылыстарын  жазған  Алтынсарыұлы 

Ыбырай еді. 

Құнанбайұлы  Абай  Алтынсары  Ыбырайдан 

да толық əсерлі қылып суреттейді. 

Жылдың 4 мезгілін  бөлек-бөлек  қылып  су-

реттегенде,  Абай  көркем,  əсерлі  тілмен,  жанды 

суреттермен пернелейді. 

Жасарып,  гүлденген  жаздың  түрін,  əнін, 

махаббатын суреттейді. 

Жаз суреттері, күлген, елжіреген күн. Маса-

тыдай  құлпырған  жердің  жүзі,  əдемі  киінген 

қыз-келіншек, жаңа шыққан гүл-бəйшешек, гүл-

ге қонған көбелектер, «Сыбдыр қағып бұраңдап 

аққан  су»,  қаршыға  салған  жігіттер,  қырда 

торғай,  сайда  бұлбұл,  ойнаған  жастар,  оң-сол 

əн-күй,  балалаған  мал,  ойнаған  бала...  біреуі 

екеу болған шаруа, көшкен ел... 

Шілде суреттері: көкорай шалғынға семірген 

мал,  сыңқылдап  күлісіп  үй  тіккен  қыз-бозбала, 

жақсы  атқа  мініп  келген  бай,  кілемнің  үстіне 

қымызға  отырған  байдың  үйі,  байға  жарамсақ-

танып  малшыларға  «малды  əрі  қайыр»  деп 

ақырған  ақ  сақалды  қарт,  таңертеңнен  асау 

мініп, салпылдап келіп тұрған жылқышылар. 

 

КҮЗ БЕЛГІСІ 



 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,  

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.  


20                                                                                                                         Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

Тоңғаны ма білмеймін, тойғаны ма,  

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 

 

Жасыл шөп, бəйшешек жоқ бұрынғыдай,  

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.  

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,  

Жапырағынан айырылған ағаш-қурай. 

 

Бұрынғыдай  жадырау,  көлеңке  іздеу  жоқ, 

кемпір-шал  құнжың  қағып,  бала  бүрсең  қағып, 

жылы жер, жылы киім іздей бастаған. 

Осы жерде Абай еріксіз кедей мен байдың күзгі 

тұрмысын қосып, күздің суретін талқылайды. 



 

...Кəрі қой ептеп сойған байдың үйі,  

Қай жерінен кедейдің тұрсын күйі.  

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,  

О да қылған кедейге үлкен сыйы.  

Үй жылы киіз тұтқан айналасы,  

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты  

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы. 



 

Кедейдің  күзгі  қызықсыз  халын  суреттейді. 

Осы  суық  күзде  бай  сары  тонға  оранып,  от 

басында  отырса, кедей  дірдектеп, соның  малын 

бағып  жүреді.  Баласы  көзінің  жасы  ағып  жүріп 

байдың баласын ойнатады. Бұл өлеңде осы тең-

сіздікті  көрсетеді.  Абай  бұл  теңсіздіктің  аяғы-

ның  бара-бара  жақсы  болмайтынын,  байға  да 

оңай  соқпайтынын  сезіп,  кедей  мен  байды 

келістірмек болады. 



 

...Алса да аяншақтау кедей сорлы,  

Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.  

Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,  

Бір қыс сақта, тас болма сен де о ғұрлы. 

 

ҚЫС БЕЛГІСІ 



 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.  

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.  

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,  

Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

 

Міне, қысты ақ сақалды мылқау қарттың 

суретіне теңейді, ол мылқау қартты қаһарлы 

қылып суреттейді. 

 

Дем алысы үскірік аяз бен қар  



Кəрі құдаң қыс келіп əлек салды.  

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,  

Аязбенен қызарып ажарланды... 

 

Міне, Абай жылдың терт мезгілін өстіп 

суреттейді. 

 

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТІЛІ, ТҮР ШЕБЕРЛІГІ 



 

Тіл  ретінен  Абайдың  шығармалары  көп 

пайда  береді...  Қазақ  тілінің  барлық  байлығын, 

барлық  тұлғасын  Абай  шығармалары  толық 

көрсете  алады.  Сондықтан  да  Абай  шығарма-

ларының  мəні  зор.  Онан  қазақ  тілін  сұлулар, 

көркем  накыштап,  əдемі  кестелеп,  əсерлі  жыр, 

сұлу күйлі өлең қылып шығару ретінде де Абай 

үлгі өрнек болатын үздіксіз шебер ақын екендігі 

белгілі. Бұл ретте Абай сөздерінің мəні зор. 

Ескі тұрмыспен, ескі санамен танысу үстінде 

Абайдың шығармаларының мəні зор. 



 

Сейфуллин С. Шығармалары.  

Көп томдық. VI том

 

 

Е. Ысмайлов, З. Шашкин

АБАЙДЫҢ ПОЭТИКАСЫ 

Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Абайдың поэтикасы. Абай жəне Пушкин.  

Абай поэзиясының ерекшеліктері. Буын түрлері жəне өлең өлшемдері. Ырғақ. 

Тірек сөздер: Абай, поэтика, поэзия, буын, өлең өрнегі, ырғақ, ұйқас. 

 

Е. Ысмаилов, З. Шашкин

ПОЭТИКА АБАЯ 

Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Поэтика Абая. Абай и Пушкин. 

 Особенности поэзии Абая. Стихосложение. Ритм. 

Ключевые слова: Абай, поэтика, поэзия, слог, стихосложение, ритм. 

 

E. Ysmailov, Z.Shashkin 

POETICS OF ABAI 

Abstract. The issues dealt in this article. Poetics of Аbai. Аbai  and Pushkin. 

 Features poetry of Аbai. Versification. Rhythm. 

Keywords: Аbai, poetics, poetry, syllable, versification, rhythm. 

 

ӨЛЕҢ ӨРНЕКТЕРІ 

 

Абай – қазақ  поэзиясының  сөзсіз  бір  биік 



асқар  белі.  Қазақ  поэзиясына  тұйықтан  жарып 

шын  мəнді  поэзияның    тұңғыш  есігін  ашты.  

Əдебиет  тарихымызда    поэзияның  айқын  жол-

дарын  салды.  Ол  жол  қазіргі  əдебиетімізде  де 

сайрап жатыр.  

Пушкинге  дейінгі  орыс  поэзиясы    халық 

əдебиетінің сарынынан етек алып  шыға алмаса, 


Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          21 

 

 

 



Пушкин  орыстың  үлгілі    поэзиясының    кілтін 

бұрады.  Тетігін  тауып,  кілт  бұралғасын,  поэзия 

еркін  құлашын  жайды.  Өмір  тарихының  өріне 

өрмеледі.  Бұрын  поэзия  өмірдің    босағасынан  

орын  алса,  енді  төрінен  орын  алды. «Евгений 

Онегинмен»  орыс  поэзиясы  мейлінше  аспанда-

ды. Пернелі сөз, өлеңнің нелер  сұлу кестесімен, 

терең  мағыналы  пікірмен  Пушкин  поэзиясы 

тарихтың  желісін  тартты.  Кейін    Лермонтов, 

Тютчев, Некрасовтармен поэзия кемеріне жетіп 

тасыды.  Декаденттер  символистерге  жеткенде, 

кемеріне  жетіп  тасыған    поэзия  төгіліп  төмен 

түсе  бастады.  Жиһангерлік  дəуірмен  байланыс-

ты  ол  пернешілер  (символистер)  поэзиясы  ас-

пандап  көтеріле  алмады.  Октябрь  төңкерісінің 

зор толқынына араласқан Маяковский поэзиясы 

ғана дəуірлейді. 

Осы қалып шақ келмегенмен, біздегі поэзия-

ның  өсуі,  бəсеңдеп  қайта  көтерілу  кезеңдері  

орыс  əдебиетінің  сарынымен  жүріп  отыратын 

сияқты.  

Абай  Пушкинмен  замандас  болмағанмен, 

Пушкиннің əдебиет мəні Абай заманына сəйкес. 

Іргесі  берік,  феодал  қоғамына  сауда  капиталы-

ның  шеті  көріне  бастаған  дəуірдегі  жағдай 

Пушкин  заманында  Ресейде  кез  келсе,  қазақ 

жағдайында  айырмасымен  Абайға  кез  келді. 

Сондықтан  Абайдың  Пушкинмен  пікірі  қосы-

лып,  олардан  көп  оқып,  көбірек  ала  білген.  

Өзіне  тұспа-тұс  жақын  келген  Некрасов,  Сал-

тыковтерден алмаған. Неге десеңіз, Некрасовтар 

капитализм  өсіп,  белең  алған  кезеңдегі  бұқара-

шыл ағын еді, Абай бұдан алыс еді.  

Қазақ поэзиясына Абай Пушкиндей төңкеріс 

жасады  ма?  Жасай  алды.  Абай  да  өзіне  дейін 

болған    тəртіпсіз  халық  əдебиетінің  тетігін  та-

уып,  Батыс-Шығыс  əдебиетіндегі  нелер  жылғы 

поэзия  өнерінің  үлгісімен  жаңа  шын  көркем 

поэзияға жол ашты. Абайға дейін қазақтың  бай 

ауыз  əдебиеті,  тілі  өріс  ала-алмай  тұйыққа 

тіреліп  тұрса,  Абай  ол    тұйықты  жазды.  Өзінің 

поэзиясына  жаңадан  өріс  іздеді.  Ол  қамала 

беретін  тұйықтан  құлашын  жайып,  қанаты  тал-

майтын  жазыққа  құлаш  ұрды.  Ол  шыңнан 

аспанға  өрмелеген  жоқ,  жазықтан  шыңға  өрме-

леді.  Жазықтан  поэзияға  сара  жол  салып  ас-

пандады.  Сондықтан Абай қазақтың  нағыз көр-

кем  поэзиясының басы десек дұрыс болар еді.  

Енді  Абай  поэзиясының  ерекшеліктеріне 

тоқтайық. Абай өлеңдеріне, өзіне  дейін болған 

қазақтың  ауыз  əдебиеті  түгелдей    кіреді.  Ауыз 

əдебиетте    бар 11 буынды  қара  өлең,  жыр, 

тақпақ,  терме,  толғау,  мысалдау,  арнау,  даттау, 

ақыл-нақыл,  үгіт,  жоқтау,  жұмбақ,  мақалдау 

түріндегі  өлеңдердің    бəрі  бар.  Бұл  жағынан 

қарағанда,  Абай  қазақтың    нағыз  əдебиетінің  

жуан ортасында, соның бір мықты қазығы сияқ-

ты.  Қазақтың  əнге  келтіріп  айтатын    өлеңінің  

көбі – 11 буынды өлең. Осы 11 буынды өлеңнің 

өлшеуін  Абай  өте  көп  қолданған,  оның  өлең-

дерінің негізі, осы қара өлең. Абайда 16 өлеңнің  

мөлшері болса, бірінші орынды 11 буынды ала-

ды. Абайдың барлық өлеңі 210. Соның 84 өлеңі 

11 буынмен жазылған. Оның үстіне бұл өлеңнің 

ұйқасуын 4 жолмен  қайырып  тоқтатпайды.  Бір 

келкі  ұйқаспен  созып, 30-32 қатарға  дейін 

апарады. Мысалы: 

 

Қалың елім қазағым, қайран жұртым, 



Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың… 

 



 

деген үйлес пен қатарын жазбай отырып: 

 

Пыш-пыш демей қала ма? Ол да астыртын!, 



 

 



деп, 30-жолымен  бір-ақ  аяқтайды.  Бұған  Абай-

дың  өлеңге  еркін,  сөзге  қысылмай,  айтайын 

деген  ойын  бір-ақ  кестелі  ұйқасымен  іркілмей 

айтып бере алатындығын көрсетеді.  «Байлар да 

мал  қызығын  біле  алмай  жүр»  деген  өлеңнің 

үйлесі  отыз  екінші  жолмен  қайырылады. «Қар-

тайдық,  қайғы  ойладық,  ұйқы  сергек»  деген 

өлеңі бір түрлі сергек үйлес пен қырық төртінші 

жолдан, «Қан сонарда  бүркітші  шығады аңға» 

деген өлеңі  елу жолдан қайырылады. Қазақтың 

бұрынғы поэзиясының ұзын арқауы осы 11 буын-

ды  өлең  болып  отырса,  Абай  поэзиясының  да 

ұзын арқауы – осы 11 буынды өлең. Абайдың ең 

тəуір  деген  өлеңдері  де,  поэмалары  да  осы  өл-

шеумен  жазылғаны  көрінеді. Абайдағы  өлеңнің 

екінші өлшеуі – жыр, тақпақ, терме өлеңдері. 

Бұл  өлеңдерде  Абайға  дейін  халық  əдебие-

тінен,  билер  сөзінен,  шешендер  сөзінен  толғау, 

арнау,  жоқтау  сияқты  жырлар  да  үлкен    орын 

алған.  Абай  бұл  өлшеуді  де  поэзиясында  көп 

қолданған.  Абай  өлеңдерін  үгіт  өлеңдері  мен 

нағыз  лирикаға  айырып  екіге  бөлсек,  үгіт 

жырлары осы жыр, тақпақ түрінде айтылады.  

 

Ғылым таппай мақтанба! 



Орын таппай баптанба! 

Құмарланып шаттанба, 

Ойнап босқа күлуге 

Бес нəрседен қашық бол! 

Бес нəрсеге асық бол. 

Адам болам десеңіз, 

Тілен, өмірің алдыңда 

Оған қайғы жесеңіз... 

 

 

Бұл – терменің үгіт түріндегісі. Мұнда жыр-



дың  сыртқы  дəлдігін,  тармақтарының  бірдей 

қатар  келіп  отыруын,  ұйқасымдардың  бір  қа-

лыптасуын  ескермейді,  айтатын  ойын  көпке 

жеткізу  мақсатын  алға  тұтады. «Сабырсыз,  ар-

сыз, еріншек» деген тақпақ үлгісімен жазылған. 

Ол – даттау  жыры.  Сол  кездегі  ақынның  өзіне 

жақпаған,  өмірде  оғаш  көрінген  жаман  қылық-


22                                                                                                                        Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011

 

 



 

тарды  əшкерелеп  даттап  отыр.  Əбдірахман 

өлгенде  жазған  жоқтау  жырларының  бұрынғы 

ауыз əдебиетінде бар жырдан айырмасы  жоқ. 

 

Арғы атасы қажы еді, 



Бейістен тартқан шербеті. 

Жарықтықтың өнері 

Айтуға тілді тербетті. 

Балалық  ақыл жасынан, 

Қозғапты, тыныштық бермепті... 

 

Тағы  осы  ретте  қайталап  келе  береді.  Жыр 



өлеңдері  əдетте 7 буыннан  аспайды.  Жыр  түрі-

мен жазылған өлең 36 («Жаз», «Антпен тарқай-

ды» деген  өлең бұған кірмейді). 

Енді  Абайдың  «Жаз»  деген  өлеңі  туралы 

бір-екі сөз. Абайға дейінгі халық əдебиетінде де, 

Абайдың  жыр  үлгісімен  жазылған  өлеңдерінде 

де «Жаздай» шебер жазылғаны жоқ. Бұл өлеңде 

Абай  сөзді  ойнатып,  ырғаққа  билетіп,  дауыс 

толқындары  да  бірыңғай  шығып,  ұйқастарында 

ешбір  олқылық  білінбейді,  жорға  аттың  жүрі-

сіндей ырғалып, тайпалады да отырады. 

Мына: 


 

Жазды күн шілде болғанда, 

Көк орай шалғын бəйшешек. 

Ұзарып өсіп толғанда 

Күркіреп жатқан өзенге, 

Көшіп ауыл қонғанда: 

Шұрқырап жатқан жылқының 

Ат, айғырлар, биелер, 

Бүйірі шығып ыңқылдап...

 –

 



 

деген  өлеңді  бастап  оқып  жібергеніңде,  өзіңді 

еріксіз  ерітіп,  еліктіріп  үйіріп  ала  жөнеледі. 

Жүрісті  жорғаға  мініп  алғанда,  қамшы  салғы-

зып,  тізгінін  қаққызбайды,  желіп  жөнеледі. 

Тізгінді  тежеп  жүрісіне  сүйсініп,  жаның  жай 

тапқандай болады. Баратын жеріңе жетпей жор-

ғаның  басын  тартпайсың  ғой.  Сол  сияқты  «Теп 

тегіс айналасы жұмыр келген» бұл өлеңді  сон-

дай  қызығып,  сүйсініп  оқисың.  Өлеңнің  ұйқас-

тары 2-3-4 жолдан  бір  аспайды  не  кемімейді. 

Абай  өлеңдерінің  ішіндегі  көтеріңкі,  серпімді 

рухпен жазылған шаттық жағдайды жалғыз ғана 

өлеңнің  мағынасынан  ғана  емес,  ырғақ,  дауыс 

толқыны, ұйқасымның өзінен көрініп отыратын 

өлең.  Сондықтан  «Жазды»  өз  алдына  бір  түр 

етіп алдық! 

«Жаз»  өлеңіндегі  сөздерді  жеке  талдап, 

есепке алғанда, өлеңнің жаңалықты əсерлі күші 

бар екенін мына кестеден көруге болады. 

Бұл  өлеңдегі  сөздің  көпшілігі – қимылды, 

істі көрсеткен етістік. Оның үстіне түс, бояу мен 

дыбысты  да  бірдей  келтіргендіктен,  салқын 

қанды баяу өлеңдей емес, желпіндіріп отыратын 

жанды  (динамичный)  өлең.  Онан  соң  қайталап 

келген  сөздер (2 рет  қайталаған  сөздер)  орны-

мен  қайталанған.  Мысалы: «Ақ  білек,  ақ  көй-

лек», «көк  орай,  көк  құсы», «Жас  бала,  жасы 

үлкен», «күн, күннің»  деген  сияқты. Бұл  қайта-

лауда  өлең  ешбір  əлсіремейді. 6 рет  қайталап 

айтылған көмекші етіс «деп» кей жерінде орын-

сыз қайталағаны байқалады. 

 

Сөз есебі 



Жол 

ұйқасы 


Бірыңғай 

келген 


етістіктер 

Түс бояуды 

көрсеткені 

Дыбыс үнді 

көрсеткені 

Қайталаған сөздер 

Барлық сөз 

 

60 жол  



18 ұйқас 

86 16 17 

 

 

 



 

 

Ат, ақ, мал, 



Қымыз, бір бөлек 

көк, қаз, су, дос, 

күн, келер 

 

.............. 



.............. 

.............. 

.............. 

.............. 

............... 

............... 

............... 

............... 

.............. 

.............. 

............... 

............... 

............... 

............... 

2 реттен 

Ауыл, бай, тұр, 

жаз, жатыр 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

............. 

3  


реттен

Деп............ ............. 

 

............. ............. ............. 



........ 

........ 

........ 

........ 

реттен 


 

«Бай  байғұсым  десін»  деп,  басынан  мүдір-

мей  оқып келе жатқаныңда, осы араларына сəл 

кідіріп  қаласың!  Барлық  қайталаған 29 сөзді 

шығарып  тастағанда, 155 cөз – тыңнан  қолда-

нылған  сөздер.  Мұнда  демеу,  жалғаулық,  септеу, 

жалғау, үстеулер  сөз есебінде  алынған жоқ.  

Сөзді түйіп айтқанда, «Жаз» өлеңі Абайдың 

бұрын-соңды қазақ поэзиясында ерекше  шебер-

лікпен жазылған өлеңі дейміз. 

Енді тоқталатын өлеңдеріміздің көбі – Абай-

дың өзіне дейінгі ауыз əдебиетте болмаған поэ-

зияға кіргізген жаңа өлшеулері. Өлеңдер шумағы, 

өлшеуі,  ырғақ,  бунақтары  жағынан  қара  өлең 

мөлшерінен айырылады. 

«Əсетке»  деген  өлеңі  əлгі 8 буынды  «Жаз» 

өлеңіне қарама-қарсы жазылған. «Жаз» өлеңінің  

ырғағы  өзіңді  ілгері  алып  қашып  жорғалап 

отырса,  бұл  өлең  шабан  аттай  жортақтайды. 

Шалқалап  кейін  серпіп  жатыр.  Əдетті  қазақ 

сөзінде  екпін  сөздің  ақырғы буынында келсе, 

бұл өлеңде ақырғы буынға таяу буында. 

 

 



Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда, 

Есі жоқ, теріс пе оң ба? 



Абай институтының хабаршысы.  № 4 (10). 2011                                                                                                                          23 

 

 

 



Тіленіп, телміріп ізденер, 

Тиын ба яки бір сом ба? 

Кісімсіп, белгілі білгіш, 

Біреуге  сондай-ақ күлгіш. 

Бұлықсып, бұлданып босқа, 

Өзімшіл, оңбаған шерміш. 

 

Бұл – екі шумақты өлең. Екпін үлгісі: үйлес-



кен а, а, а жолдарының  бəрі де  екпіні біркелкі. 

Аяқталған соңғы буын екпінсіз. Өлеңді  мұндай  

тартыншақ  ырғақпен  келтіріп  жазу  Абайға 

дейінгі    əдебиетте  болмаған.  Бұл  ырғақтың  өзі 

белгілі  бір  мағына  береді.  Ол  мағына  өлеңнің  

өзінде  айтылып  тұрған  негізгі  пікірге  сəйкес. 

Сондықтан  буын  ырғақтары,  дыбыс  күйлері 

өлеңнің  сыртқы  құрылыстары  Абай  поэзия-

сында мағынамен қалыптасып ұштасып жатады. 

Абайдағы  бесінші өлеңнің өлшеуі: 



 

Жүрегі айна көңлі ояу, 

Сөз тыңдамас ол баяу. 

Өз өнері тұр таяу, 

Ұқпасын ба сөзді тез. 

 

Əр  жол 8 буыннан.  Екпін  ақырғы  буында. 

Өлеңнің ырғағы не көтеріңкі, не басыңқы емес. 

Баяу  бір  қалыпта  келе  жатып 4-жолда  тоқтап 

тынады. Ырғақтың   жүрісі шапшаң  болмаса да, 

ақырын  жүрістің  өзінен  қанаты  талып  шарша-

ғандай 4-жолда  кілт  тоқтап  тұра  қалады.  Бұл 

енді – Абайдың  ызалы  ойға бет  алған  дəуірінің 

басы.  Өлеңнің  мағынасымен  бірге  ырғақ,  рухы 

да бəсеңдеп, идеясындағы ұлы сарынның жолы-

на түседі. Бұл өлеңнің түрі Абайдан кейін əдебиет 

дəуірінде  де  осы  күнгі  əдебиетімізде  өте  аз 

қолданған. Əлі өрістеп орын алған жоқ. Алтын-

шы өлеңнің өлшеуі «Сегіз аяқ»: 



 

Алыстан сермеп 

Жүректен тербеп 

Шымырлап бойға жайылған. 

Қиуадан шауып, 

Қисынын тауып 

Тағыны жетіп қайырған. 

Толғауы тоқсан қызыл тіл 

Сөйлеймін десең өзің біл. 

 

Қайғылы  сарын  күйі  жүректен  қалғып  шы-

ғып,  қалғып  сорғалап  аспанда  өрлеп  барып, 

қайта  жайылып  бəсеңдейді.  Тұла  бойды  шы-

мырлатып  балқытады.  Күйдің  пернесі  қайталап 

тартылғандай дауыс толқыны  бір көтеріліп өр-

леп өрістей,  тағы  басылып тынғандай болады. 

Бірақ  жаңғырық  күйі  тынбастан  іле  шала  іркіл-

ген  түйдек  толқыны  бір  шапшып  жарға  ұрыл-

ғандай шаңқ етіп, беті қайтады,  жаралы болған 

жан  тəрізді  өзін  мойынсұндырып,  əлсіреп,  əлі 

бітіп  барып  тоқтайды!  Өлеңнің  ырғағы,  дыбыс 

толқындары  (əні  өз  алдына  жəне  бар) «Сегіз 

аяқтың»  осы  сарын  күйін  күшейте  түседі:  тағы 

ырғақ  пен  мазмұнның  əн  күйіне  бірлігі  келіп 

шығады. 


Өлеңнің бунақ, буындары ешбір ауыспайды. 

11 буынды қара өлеңде Абай өлеңдерінің бунақ,  

буындары  бір  шумақтың  ішінде  əлденеше  рет 

ауысып  отырса,  мына  ұйқас,  буын,  ырғақ  дəл-

дігін қатты ұстайды. 

Жетінші  өлеңнің  өлшеуі: «Қор  болды  жа-

ным». Енді бұл өлең бүтіндей құлап түскен. Еш 

бір  көтеріліп  серпіле  алмайды.  Шаршап,  талы-

ғып аяғы нəзік əлсіреген үнді дыбыс пен тоқтай-

ды  да,  сəл  серпіліп,  сілкініп  бойын    жазбақ  

болып,  өзін  бір  қалыптағы  ырғақта  тербетеді. 

Бірақ, ауыр салмақ  зілді  көтеріп, өзін-өзі жеңіл 

билей  алмайды.  Дауыс  толқыны  ырғақта  діріл-

деп, тəлтіректеп тоқтайды. 

 

Қор болды жаным. 



Сенсіз де менің күнім. 

Бек бітті  халым 

Тағдырдан келген зұлым. 

Тағдыр жетсе Алла. 

Не көрмейді пенде. 

 

Бұл өлеңде буын, бунақ, өлшеулер артық не 

кем болмайды да, дəл келіп отырады. Екпін сөз 

аяғында  келіп тұрса да, басыңқы  болып, төмен 

түсіп  кеткендіктен,  екпін  күші  «н,  м»  дыбыс-

тарының  ықпалымен  əлсіреп  жойылып    кетіп 

отыр.  Сондықтан  тиянақты  болып  тұрған  екпін 

сарын  күйге  балқып,  тірек  таба  алмайды.  Бұл 

өлеңнің  түрі  Абайдан  кейінгі  ақындарда  да 

кездеседі.  Бірақ,  буынға  буын,  ырғаққа  ырғақ 

дəл келерліктей емес. Ұзын ырғақ  үлгісі ғана. 

Сегізінші өлеңнің өлшеуі.  

«Мені не етесің?» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет