A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар



бет33/45
Дата14.05.2023
өлшемі1,03 Mb.
#93081
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
A. Б. Абдуллина мифтік фольклор о у ралы А т бе, 2014 Пікір жа

11. Ай. Космонологиялық мифологияның символы – адам тағдыры, ғұмырына байланысты өлшенген қағидалардың жиынтығы. Мифтерге сүйенсек, Тәңір көк пен жерді жаратқаннан соң, өмірге ұрпақ келтіру үшін еркек пен әйелге бөлді. Құдай-әйелді Ұмай-Тәңір деп атап, оны Сумер тауының ұшар басына, сүтті көлі бар (Сүткөл) Аспан тауының қия шыңына қондырады. Тәңірдің құдіреті мен күш қуаты шексіз болып, екпіні мықты еді. Демі жел мен бұлттарға, даусы күннің күркіреген дабылына айналып, оң көзінен Күн, сол көзінен Ай жаратқан. Осы түсінікке орай, халық «оңыңнан Күн, солыңнан Ай тусын» деп тілек білдіреді. Б.Күлеев:
Оңнан айым, күнім туып сол жатқан,
Алашыма айнадай сәуле бере ме? [11, 14-б.], - деп ұлт тағдыры, ел намысын ойлап, алашының жапырағы жайқалып, көсегесінің көгеріп, бақыт таңының атуын тілейді. Мифтік аңыз бойынша, Айдағы қыз – Зайра деп аталады. Ол Аймен сырласады, мұңдасады:
Ай ым қылып, жер жымиып, күн күлед,
Өздерінше сөйлесе ме кім білед [11, 225-б.], - деп, Ай, Күн, Жердің өзара жымдасып, үйлесімдік құрып, лирикалық кейіпкермен жақындасқысы келеді. Сірә, Ай – қалыңдық, Күн – күйеу. Сондықтан асқан сұлу, қаса аруды халық Айға балайды. Сол секілді лирикалық кейіпкер менің сүйгенімді Ай алып кетті ме деген секеммен:
Айнамменен,
Зайрамменен
Мен де бірге болайын [11, 207-б.], - деп, немесе жан сырын Айға жайып салғысы кеп, онан басқа ақынды ешкім түсінбейтіндей көреді:
Айға, айға, жалғыз-ақ айға айтамын,
Айдан басқа кім ұға алсын мұңымды?! [11, 219-б.].
Сайып келгенде, Б.Күлеев шығармаларында жын, пері, жезтырнақ, ібіліс, әзірейіл, албасты секілді образдарды қолдана отыра, біріншіден, сезім сарайы, сұлу жар, әділдік пен зұлымдық, сырлас серік, дос, запыранды зарлы замана, тойымсыз, қанағатсыз көңіл, яғни жеке басқа тән лирикалық толғаныс иірімдерін көрсету болса, екінші жағынан ұлттық ой-сезімде қалыптасып, танымдық шеңберде жатталып қалған ертегілік, мифтік ұғымдарды адам санасының түкпірінде, жарқын ұрпаққа өнеге ретінде пайдаланған. Мифтік ұғымдар халықтық ұғым болғандықтан, ел-жұрт барда, мәңгілік сақталады. Және де ондай халықтың руханият дүниесі нені тілге тиек етпесін, ұлттық мүдде, ұлттық мінез, ұлттық бояу-реңкті есінен бір елі де шығармай, жырға қоса білген Бернияз Күлеев сынды талантты ақындары арқылы сақталып, кейінгіге жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет