A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар


Қазақ мифологиясын жіктеудің шарттары



бет7/45
Дата14.05.2023
өлшемі1,03 Mb.
#93081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
A. Б. Абдуллина мифтік фольклор о у ралы А т бе, 2014 Пікір жа

3.2 Қазақ мифологиясын жіктеудің шарттары. Қазіргі кезде қазақ мифологиясы – өзіндік жүйесі бар, жіктелімі мен құрылымдық жүйесі бар сала. Оны жіктеудің негізінің арнасы біреу. Яғни белгілі бір сала ретінде алатын қазақ мифологиясының және осы саланың бір тармағы қазақ мифологиялық әдебиетінің түп тамыры – бір. Себебі қазақтың мифологиялық әдебиетін 3 арнаға бөліп қарастырар болсақ (қазақ мифологиялық танымы, мифофольклор, мифопоэтика), оның негізгі айналып соғар шеңбері, қазығы – біздің алғашқы реттегі, яғни қазақ мифологиясын жіктеудегі негізгі ұстанымдар болып табылады.
Осы уақытқа дейін шартты түрде біз қазақ мифологиясын 11 түрге бөліп қарастырдық, ал оның негізгі құрылымдық бөлшегі – қазақ мифтерін 10-ға жіктедік. Бұндағы ұстанған басты пирнцип – осы күнге дейін жеткен дәстүр мен жалғастық мәселесі. Халықтық таным мен қиял, сақталып, «жатталып», «қатып қалған» символика, ажырамас бөлшектер, «ұлттық теорема» мен «танымдық аксиомалар», өлең-жырлар – бәрі де осы мифологияға өзек, жүк болып артылды. Сол себептен осындай жіктеулерді жүргізгендегі басты шарттар мынадай:

  1. Ежелгі танымның молынан сипат алуында. Яғни ежелгі түсініктен, алғаш белгілі бір нәрсенің жаралуы турасындағы көнедүниелік, ескілік танымдық сенімдер. Осындай факторлардан барып жетпек орын алады.

  2. Культтық нанымның тереңдігінде. Адамзаттың дүниені тануда анимистік, фетишистік, магиялық, тотемдік «үлгіде» құрылған нұсқалықтардан туындаған түсініктердің жиынтығы.

  3. Қоғамдық-тұрмыстық, әлеуметтік-«саяси» ахуалдың өзектілігінде. Яғни әлеуметтік теңсіздік, қоғамдық алғышарт, «саяси-қияли» тартыстардың тұрмыстық сипаттылығында.

  4. Танымдық дәреженің діни нанымға негізделуінде. Көбінесе эсхатологиялық, тұрмыстық-қоғамдық, философиялық мәнге лайықталған түсініктің діни мағынаға лайықталуы. Осылайша мифологиялық трансформацияның кеңістіктік шеңберін осындай нанымдардан көре аламыз.

  5. Диалектикалық ой-жүйенің, қиялдың өмірмен бірге ұштасуында. Адамзат баласының ойлау жүйесіндегі табиғи тылсым дүниенің әр тараптан, әр қисыннан келістіріліп, уақыт пен кеңістіктік өлшемнің саралануына байланысты жүргізілген пайымдаулар мен пікірлер «өмірмен» бірге жүрді.

  6. Шежіре мен танымның бірлігінде. Шежіре – белгілі бір атаудың арғы, түпкі архетипі дейтін болсақ, онда ол әр құбылысқа тән өзгешеліктің мазмұнына жауап береді. Яки хронологиялық жолмен жетіп, өзіндік бір эволюциялық шеңбері бар атаудың тамырының моносинтезді (атаудың біржақтылығында) және полисинтезді (атаудың көп жақты болып, бірнеше нұсқалықтардың қалыптасуы) болуында.

  7. Философия мен қиял шеңберінің бірлігінде. Қай таным жүйесін алсақ та, оның астарында халықтық дәстүр, халықтық қиял, ой жатыр. Сол себепті халықтық пайымдау – таза «философиялық» танымның жарқын көрінісі.

  8. Түркілік танымның қазақ мифологиясындағы орны. Қазақ мифологиясы өздігінен дүниеге келе салған жоқ. Ең алдымен ол түркілік дәуірдің кеңістігінде қайнады. Уақыт өте келе түркі халықтары бөліне бастаған кезде, алғашқы архетип, ой-жүйе барлық түркі халықтарына таралып, бірдей болып кетті. Дегенмен әркім өзінше «жаңалықтар» мен «өзгерістер» енгізіп, бірақ түп тамырын сақтады.

  9. Әлемдік мифологияның әсері. Жіктеуді жүргізгендегі алатын басты мәселе – ұқсастық мәселесі. Жоғарыда айтқандай, түркілік таным – қазақ мифологиясының басты өзегі. Ал грек, славян, скандинавия, кельт т.б. секілді әр түрлі түп-тамырлы ұлыстардың танымымен қазақ мифологиясының ұқсастығы түркілік нанымға байланысты. Жоғарыда айтқан ұлыстар мен түркілік дүниенің арасындағы байланыс-бірлік «көшпелі сюжеттердің» типологиялық негіздемесіне сай келуінде.

  10. Мифологияны жіктеуде басшылыққа алатын тағы бір принцип – оның синкреттілігінде. Яки өз арнасына бірнеше өнер, таным, ғылым салаларының біріктіруінде. Мифология әлеуметтану, психология, логистика, философия, мәдениеттану, дінтану, әдебиет, тіл, эстетика, антропология, космология, астрономия, ұлттық өнер түрлері (зергерлік, күйшілік, ақындық, аспаптық т.б.) секілді салалармен байланысты. Сол себепті мифологияны біржақты түсінікпен байыптамай, жоғарыда аталған ғылым салаларымен қатар қабылдауымыз жөн.

  11. Мифологияны ізгілендіру, тарихты білгізу мақсатында қолдану керектігі жөнінде пікір қалыптастырту. Әйтпесе мифологияны халықтың «рухани жаны», «рухани тарихы» дер болсақ, ол тек осы мақсатта қолданылу керек. Осы ретте Серікбол Қондыбайдың мына пікірі соны айғақтайды: «Дұрыс түсінілсе мифтік мұраның нақты қоғамға берері мол, ұшантеңіз. Шалағай түсініліп, оны тар мүдделі ортада, әсіресе саяси мақсаттарда пайдаланар болса мифтің қоғамға, нақты халыққа тигізер зияны да мол болып шығады» [3, 16-б.].

Ш.Нұрпейісованың «Рух жүректің бір қыры ғана. Рух – уақыттың билігіне бағынбайтын, мәңгі таусылмайтын нәр» [4, 14-б.] дейтін сөзіне мән берер болсақ, рухани жетпектің астары, шынында мол. Рух – адамзат дүниесінің шебер қиылысқан нүктесі, тарихнамалық «дерекке» толы арна, ешқандай уақыттың көшіне ермейтін, қандайда бір жалған не ақиқат нәрсенің шындығына иланбайтын, тек өз арнасымен жүре білетін құбылыс. Сол себепті бүгінгі таңда қазақ мифологиясын жіктеп, белгілі бір құрылымдық жолмен реттеу – аса бір ұтымды, жүйелі тәсіл болып табылады. Жоғарыда аталған шарттар – жіктеудің басты негізге ұстанар қағидалары. Өйткені қазақ мифологиясына жіктеу жасаған кезде, алдымен ұлттық таным, халықтық шеңбер, наным-сенімге сүйенеміз де, сосын барып экстраметодологиялық (сыртқы факторларға) қағидаға жүгінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет