Академик Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
Ӛмір заңдылығы сияқты қазіргі қалыптасқан бір жағдай адам және тірі жүйелердің белгілі бір ымыраға келе алмауы. Екеуі екі полюсте тұрғандай. Биологиялық жүйелер де адамның рухани дүниесі сияқты үнемі ӛзгерістерге ұшырап отырады, бірақ қажетті жағдайда егер ол пайдалы болса ұзақ уақыт тұрақтылық сақтай алады. Осындай жүйелі ымыраға келуге ұстаздар қауымының тигізер ықпалы зор болуы тиіс. Ұстаз, тәрбиеші міндетті түрде ӛзін-ӛзі ұстай білуі керек, ӛйткені ол - педагог. Ұстаз алдында оқу материалын жоспарлау, сағат кӛлемін, қажет болса оқылатын такырыптар, тараулар ретін ӛзгерту, оқытудың формалары мен сабақты ӛткізудің әртүрлі әдістерін қолдану сияқты үлкен шығармашылық әлемі жатыр.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, ӛзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын қалыптастыратын түсініктерге жатады. Биологиялық білім – ӛсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, ӛмірді аса үлкен, зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан- жақты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады. Ал, биологияны оқу – биосфераны қорғау адамзаттың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді [5]. Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі – оқушыларға материалистік кӛзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Ӛйткені пәннің мазмұны тіршіліктің пайда болуы, да-муы және мәні заңдары негізінде берік моральды, ӛмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды қылықтар мен әрекеттерге тӛзе алмайтын ұрпақ тәрбиелеу [1]. Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім ӛз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған кӛптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы кӛптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б. Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланы-сты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен кӛп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, кӛз қарасқа қалыптасады [4].Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға,
қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс- әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәнінің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі. Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу, процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеу оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялық мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі. Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны ӛмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді. Әдістеме оқу пәнінің мазмұнын және оқу формаларымен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Әдістеменің аталған бӛлімдері бірін – бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдары мен жабдықтарын да анықтайтын осы әдістеме [2]. Қорыта айтқанда әдістеме дегеніміз – биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? – деген сұрақтарға жауап береді.Биологияны оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің ӛзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (ӛсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстарымен дамуын оқытады.Биология пәнінің мазмұны және оның ӛзіндік ерекшеліктері, оқыту әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.Биологиядан сабақ беру барысында тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылықтарын оқып білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық материалистік кӛзқарастарын қалыптастырады. Биологиялық білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды ӛмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Биологияны оқыту әдістемесі екіге бӛлінеді: жалпы биологияны оқыту әдістемесі; арнайы биологияны әдістемесі.
Жалпы биологияны оқыту әдістемесі мектепте биология пәнінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады.Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды.Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесы, экскурсиялар сабақтан тыс жұмыстар кластан тыс жұмыстар қарастырылады [2].
Биологияны оқыту әдісі барлық биология ғылымдар саласымен тығыз байла-нысты. Мектеп биология курстарынан сабақ беріп, оқыту үшін, мұғалім биология ғылымдар жүйесімен теориялық біліммен қаруланған тұлға болуы керек. Табиғатта болып жатқан құбылыстардың сырын, ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін мұғалімнің теориялық білімі үлкен рӛл атқарады. Мектеп оқулықтарының мазмұны ғылыми тұрғыда беріледі.
Биология ғылымдар саласының негізгі зерттеу әдістері: бақылау эксперимент жүргізу және жинақталған фактілерді теориялық тұрғыдан қорытындылау болып табылады. Бақылау және эксперимент жолмен жинақталған материалдарды салы-стыру, қорытындылау зерделеу оқушылардың логикалық шығармашылық ой-лауын дамытады. Мектеп биология курстарының мазмұнынымен биологиялық ғылымдағы ең үлкен айырмашылық, оның мақсатында, кӛлемінде, құрылымында, әдісінде және мазмұндау формасында. Биология ғылымының мақсаты – зерттеудің нәтижесінде табиғат туралы жаңалықтар ашу. Мектеп биология пәнінен шақтап берген кӛлемінде, оқушыларға артық ақпаратсыз күрделі ғылыми проблемалармен ғылым негіздерін хабарлау. Биология агрономия мен медицинананың негізі болып табылады. Мектеп биологиясында бұл байланыс, оқушыларға политехникалық бағытта білім беру барысында, теорияны практикамен ұштастыруда кӛрініс береді [1].
Әдістеме тек биология мазмұнының ерекшелігімен ғана емес, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жеке басының дамуына байланысты анықталатын болғандықтан балалар, психологиясымен де тығыз байланысты. Баланың жеке басының дамуына байланысты. Биология курсының мазмұны кла-стан, класқа жоғарылаған сайын күрделенеді. Сондықтан мұғалім сабақ беру ба-рысында 5-8 кластарда бір сабақтың ӛзінде әр түрлі әдістермен, тәсілдерді қолданады. Ал жоғарғы кластарда сабақ барысында бір-екі тәсілді қолданумен шектеледі [3]. Сабақтың мазмұны фактілерді қарастыру кезінде және теориялық қорытынды жасау барысында күрделенеді.
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, педагогикамен де тығыз байланыста, себебі дидактиканың жалпы принциптері мен тәрбиелеу мәселелері бір. Мектептегі білім беру, тәрбиелеп оқыту негізінде жүргізіледі: материалдың мазмұны, оқыту әдістері, мазмұнның логикалық түрде қарастырылуы, оқыту процесінің барлық формалары мұғалімнің жеке тұлғасын тәрбиелейді, оның ғылымға деген кӛзқарасын арттырады [1].
Табиғат туралы ғылымдардың негіздерін оқытудың мақсаты, диалектикалық – материалистіккӛзқарасты тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан, биология пәнін нағыз ғылыми түрде оқыту,диалектикалық- материализмге негізделеді.Бұл фило-софия ғылымымен тығыз байланыстығын кӛрсетеді.
Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасу мен дамуы, мұғалімнің қортындысымен, пікірлеріне,педагогикалық ӛнердің ғылыммен ұштасуына, шығармашылық зерттеулерге тікелей байланысты. Әдістеменің ӛзекті мәселерінің шешілуі бастапқы кезеңде сараптау жолымен жүзеге асады. Біртіндеп жаратылыстанудың жалпы методикасынан жекеленген пәндер методикасы бӛлініп шықты [3]. Қазіргі кезеңде әдістеменің ғылым ретінде дамуындағы ӛзекті мәселердің бірі осы кезде дейін жинақталған тәжірбиелердің қортындысын, материалдардың мазмұнын сараптап, биология пәнін оқытудың әдістемелік жағын түбегейлі жетілдіру болып табылады. Биология материалдарының негізінде әдістеме, оқутудың мәселелерін, тәрбиелеудің жолдарын жетелдіру барысында әдістемелік зерттеулер жүргізіледі.
Биологияны оқыту әдісінің объектілері және ғылыми зерттеу әдістері тӛмендегідей:
Озат алдыңғы қатарлымұғалімдердің тәжірбиелеріне, құнды бастамаларды анықтау мақсатында бақылаулар жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктерін кӛрсету;
Әдістеменің шешілмеген, ӛзекті мәселелерін анықтап жұмыс болжамдарын алға қою;
Болжамдарды шешу мақсатында мектептерде эксперименттер ұйымдастыру;
Эксперимент жұмыстары мен бақылаулардың нәтижесін жинақтап- қорытып, сараптап болжамды растау, оның теориясын жасау;
Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жарияланған әдістемелік жұмысты тексеруден ӛткізіп, әдістемелік теорияны бекітіп, дәлелдеу[4,54].
Осылай зерттеулердің нәтижесінде әдістеме ғылым ретінде қалыптасады.Әдістеменыңӛзіндік мәселелері – биологияны тәрбиелеп оқытудың ӛзіндік ерекшеліктері бар.
Әдістемеде бұл іс- әрекеттер заңдылықтарға жатады:
Мектеп биологиясының мазмұны мен құрылымдағы ғылым негіздерінің синтезі;
Ұғымдар мен дағдыларды біртіндеп дамыту барысында оқушыларға саналы түрде берік білім қалыптастыру;
Оқыту әдістерінің және оқыту формаларының оқу материалдарының мазмұнына сай ұйымдастырылуы;
Оқыту және тәрбиелеу процесінің жан-жақты байланысы бір тұтастығы. Мұғалім жас ӛспірімдер мен оқушыларға тиянақтыбілім,тәрбие қалыптастыруы үшін,оқу процесіне жетекші болатын әдістеменің ғылыми негіздерін білуі керек [2]. Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, ӛмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып кӛрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, ӛз ӛміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Қарағанды, 2006