А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Келесі тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар



Pdf көрінісі
бет144/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   165
Келесі тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар
4.1 тапсырма 
Халықтың түрлі топтары инвестициялық қаржы компанияла-
рының қызметтерін пайдалана ма? Осы мəселені зерттеу қажет. 
Балама сұрақ құрастырыңыз.
4.2. тапсырма 
Халықтың «Миэль» жылжымайтын мүлік агенттігі туралы 
хабардарлығы зерттеледі. Балама сұрақ құрастырыңыз.
4.3. тапсырма 
Кəсіпкерлердің кəсіпкерлік тəуекелді арнайы қаржылық қолдау 
қажеттігі туралы көзқарасын зерттеу. Балама сұрақ құрастырыңыз.
4.4. тапсырма 
Телекөрермендерге «Орбит» сағызының жарнама роликтері 
қаншалықты ұнайтынын білу керек. Балама сұрақ құрастырыңыз.
3. № 3 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын 
орындау мысалы
Тапсырма
«Трансаэро» əуе компаниясының негізгі жолаушылар топтарын 
зерттеу.
Шешімі
Алгоритм
1. Сұрақ қоюдың мақсатын анықтау
2. Сұрақты құрастыру
3. Жауаптардың əртүрлі нұсқаларын 
жасау
4. Құрастырылған жауап 
нұсқаларының
мəселені қамту толықтығын тексеру
5. Қажет болса, жауаптардың жаңа
нұсқаларымен толықтыру
6. Құрастыруды редакциялау
Алгоритмді орындау
1. Мақсат — аталмыш əуе 
компаниясының рейсіне билет 
сатып алатын адамдардың мінез-
құлықтарын анықтау
2. Соңғы жарты жылда «Трансаэро» 
əуе компаниясының рейсімен кіммен 
бірге ұштыңыз?
3. А. жалғыз; Ə. жұмыстағы 
əріптестермен;
Б. əйеліммен (күйеуіммен). 
4. Жауаптардың берілген нұсқалары 
ықтимал жағдайды толық 
қамтымайды
5. Таңдалуы мүмкін жауаптарды 
мынандай нұсқалармен толықтыру 
керек: 
В. Туристік топтың құрамында; 
Г. балалармен; Д. əйеліммен 
(күйеуіммен) жəнебалалармен; 
Е. достарыммен.
6. Сұрақтың құрастырылуы 
жəне жауаптардың нұсқалары 
редакциялауды талап етпейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет