1 2 3 116
Байланыс
аудиториясы
Ұйымға нақты немесе əлеуетті қызығушылық
танытатын болмаса оның алға қойған
мақсаттарына жету қабілетіне əсер ететін кез
келген топ.
117
Маркетинг
кешені
Маркетингтің бақылауға көнетін айнымалы
фактілер жиынтығы, фирма бұл жиынтықты
мақсатты нарық тарапынан қалаған жауапты
реакцияны тудыру үшін қолданады.
118
Маркетингті
жоспарлау
Əрбір жеке өндіріс, тауар немесе фирманың
тауарлық маркасы үшін болашақтық жəне
жылдық жоспар жасау.
119
Маркетинг
қызметін
функционалды
ұйымдастыру
Маркетинг бойынша мамандар маркетингтік
қызметтің əр түрлеріне жетекшілік етеді.
120
Географиялық
ұстаным
бойынша
ұйымдастыру
Мемлекеттің бүкіл аумағында сауда
жасайтын компанияларға тəн жəне өткізудің
жалпыұлттық қызметін басқарушыдан,
өткізудің аймақтық, зоналық жəне аудандық
қызметтерін басқарушылардан, сауда
агенттерінен құралады.
121
Стратегиялық
шаруашылық
бөлімшелері
(СШБ)
Нақты нарықта шоғырлану ұйымының
аясындағы ассортименттік топқа немесе
кез келген тауарлық бөлімге жауапты жəне
стратегиядағы бүкіл функцияларды біріктіруге
толық жауапкершілік берілген басқарушысы
бар дербес бөлімдер немесе бөлімшелер.
122
Тауарлық
өндіріс
бойынша
ұйымдастыру
Басқару деңгейі, кең тауарлық номенклатурасы
бар жəне/немесе маркалық тауарлардың алуан
түрі бар фирмаларда пайдаланылады, тауарлық
немесе тауарлы-маркалық өндіріс бойынша
ұйымдастыруды қолданады.
123
Нарықтық
ұстаным
бойынша
ұйымдастыру
Өз ассортиментіндегі тауарларды сипаты
бойынша əртүрлі жеке тұтынушылар, іскер
кəсіпорындар, мемлекеттік мекемелер
нарығында сататын фирмалар қолданады.
124
Стратегиялық
жоспарлау
Фирманың мақсаттары, оның əлеуетті
мүмкіндіктері жəне маркетинг саласындағы
үмітінің арасындағы стратегиялық сəйкестікті
жасау жəне сақтау бойынша басқарушылық
үрдіс.
125
Нарыққа ену
стратегиясы
Тауар қозғалысын жəне бағаның бəсекелестігін
қарқындату көмегімен қазіргі нарықтарда
тауар өткізуді ұлғайту; нарық əлі қанықпаған
жағдайда қолданылады.