72
73
немесе егер қанағаттандырылмаса, бəсекелес тауарларға, болма-
са тауардың басқа түріне ауысатын елеулі сұраныс орын алған
жағдайда ықтимал өзгерістерді алдын ала білу үшін қажет;
— тауардың имиджін зерттеуге көмектеседі. Бұл тұтынушы-
ларға олар қажет ететін тауарларды немесе қызметтерді ұсынып жа-
тыр ма деген мəселені анықтау үшін, яғни сауда, өткізу, нарықтағы
жылжыту дұрыс жүргізілуде ме, болмаса бір, яки бірнеше пункттер
бойынша коммерциялық саясатты қайта қарастыру қажет пе де-
ген сауалдарға жауап алуда тауардың бəсекелестік жағдайындағы
имиджі мен оның уақыт бойынша қалай жылжитынын білуге
қажет;
Жаңа тауарларға қатысты себепті зерттеу тауарды жасағанға
жəне нарыққа шығарғанға дейін сəтсіздіктердің болу мүмкіндігін
жоққа шығаруға, болуы мүмкін клиенттердің талғамдары мен өмір
салтын, сондай-ақ «бұзып өту» əдісін іске асыруға жəне кенеттілік
əсерін пайдаланып, ұзақ уақытқа енуге болатын нарыққа бағдарлану
кезіндегі ықтимал бағыттарды зерттеуге мүмкіндік береді.
Өткізу арналарының қызметіне байланысты бөлшек сау-
да қызметкерлерімен бірге жүргізілген зерттеулер мыналарды
анықтауға мүмкіндік береді:
— неліктен бір тауарлар сұранысқа ие болса, екіншілері сұра-
нысқа ие болмайды;
— саудагерлердің жабдықтаушылар туралы түсінігі қандай;
— олар тауарлар мен тауар өндірушілерді қалай таңдайды;
— олардың түрлі тауарлар туралы түсінігі қандай (жақсы
жақтары, кемшіліктері, пайдалану мүмкіндіктері);
— бөлшек сауда қызметкерлерінің жұмысы несімен маңызды,
олар қандай қиындықтармен кезігеді; олардың тілектері, олардың
орындалуы қаншалықты мүмкін, бəсекелес фирмаға қарағанда,
жақсы жағдайға жету.
Біз өткізу жүйесі мəселесіне тағы оралдық. Осыған қатысты
клиенттердің себептерін зерделеу сауда нүктелерінің тауардың
белгілі бір түріне сəйкестігін, сатудан кейінгі қызмет көрсету са-
пасын, дүкендерді жабдықтауды, сауда фирмаларының əсерін
зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сатып алуға нен-
дей мəселенің бөгет болатынын, өнімнің сапасына қатысы жоқ
кедергілерді анықтауға (сауда кəсіпорындарына деген теріс пікір)
болады.
Достарыңызбен бөлісу: