А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет1/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165
Байланысты:
Маркетинг



1
 
А. Б. Рахимбаев
Маркетинг 
теориясы жəне практикасы 
Оқу құралы
Алматы 
2009


2
3
ББК 65.290-2я7
Р 24
Сарапшылар:
Экономика ғылымдарының докторы, 
профессор — Ж. Ж. Сүлейменов, 
кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, 
профессор — М. Д. Есқалиев
Р 24 А. Б. Рахимбаев
Маркетинг теориясы жəне практикасы: Оқу құралы.— 
Алматы: «Нұр-пресс», 2009.— 372 б.
ISBN 9965-813-58-2
Оқу құралында маркетинг негізі мен даму эволюциясы қазіргі заманғы 
бəсекелестікке құрылған нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы 
тұтынушының мінез-құлқы жəне тауардың жылжытылуы маңызды 
экономикалық тақырып ретінде қарастырылады. Оқу құралының 
құрылымы студенттерге оқытылатын пəн бойынша кешенді білім беруге 
бағытталып, құрастырылған. Ұсынылған кітапқа маркетинг түсінігі, 
тұтынушы мінез-құлқы, оның таңдауы, тауарды жылжыту əдістері, 
тауардың өміршеңдік циклына байланысты фирманың стратегиясы 
секілді теориялық аспектілерді қамтитын дəрістік материалдар енгізілген. 
Берілген пəн бойынша студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне 
мүмкіндік беретін арнайы тапсырмалар мен тесттер құрастырылған.
Оқу құралы экономикалық жəне экономикалық емес мамандықтар 
бойынша оқитын студенттер мен жоғары оқу орындарының, колледж-
дердің оқытушыларына ұсынылады. 
ББК 65.290-2я7
© А. Б. Рахимбаев, 2009.
ISBN 9965-813-58-2 © Нұр-пресс, 2009.
К І Р І С П Е
Маркетинг — қазіргі заманғы негізгі экономикалық пəндердің 
бірі. Сауда операцияларының тиімділігін үнемі арттыру қажеттілігі 
маркетингтің пайда болуы мен дамуына алып келді.
Берілген пəннің зерттеу жəне саралау нысаны тауарлы-на-
рықтық қатынастардың соңғы сатысы, тауар мен тұтынушыны 
байланыстыру, тұтынушылық таңдауды қалыптастыратын фак-
торлар, тауарды жылжыту саясатының құрылу бағыты мен 
əдістері болып саналады. Бұл мəселелерде қазіргі экономикадағы 
тұтынушының қозғалысты мінез-құлқы жəне белгісіздік тəуекелдері 
ескерілген. Жоғарыда айтылғанның барлығы «Маркетинг» білімі 
кез келген бизнес жүргізуге немесе кəсіпкерлік бастамада өте 
қажет екендігін көрсетеді.
Бұл жайттар нарықтық қатынастарды негізге алған Қазақстан 
экономикасы үшін аса өзекті болып отыр. Маркетинг саласы 
бойынша білікті мамандарды дайындау — экономикадағы ре-
формалар қарқынын анықтауға, тұтынушы талғамындағы өзге-
рістердің анағұрлым нақты болжамдық нұсқаларын есептеп 
шығаруға, осының негізінде фирмалардың тауарды өткізуінің 
тиімді стратегиясын жасауға септігін тигізеді.
Ұсынылған оқу құралының құрылымы, біріншіден, оқытылатын 
пəн бойынша жеткілікті ақпарат беруге құрылған, екіншіден, өз 
бетінше орындалатын тапсырмаларды шешу арқылы алынған 
ақпаратты қорыту жəне тəжірибе жүзінде пайдалану іске асады, ал 
үшіншіден, маркетинг саласында жеке зерттеу жүргізу, маркетинг 
əдістерін жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау үшін негіз бола 
алады. 
Оқу құралын дайындау барысында маркетинг саласында 
жазылған шетел əдебиеті, соның ішінде Ресей зерттеулері қол-
данылды.
Берілген оқу құралы тек экономикалық мамандықты таңдаған 
студенттер мен оқытушыларға ғана емес, сонымен қатар, өзге де 
мемлекеттік мекемелерде, бизнес құрылымдарында еңбек ететін 
адамдар үшін қызықты болары даусыз. Өйткені, оқу құралы төмен-
дегі үш түрлі түбегейлі сауалдарға жауап береді: 


4
5
1. Тұтынушылық мінез-құлықты қандай факторлар қалыпта-
стырады?
2. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі қандай кезеңдерден 
құралады?
3. Тауарды жылжытудың тиімді стратегиясын қалай құрастыру-
ға болады?
Тақырыптық шолу
1


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет