А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет85/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

6.3. Көтерме сауда
6.3.1. Көтерме сауданың жаратылысы жəне маңызы 
 
Біз сауда-тарату фирмаларын ғана көтерме саудагерлер деп 
есептейміз. Бірақ, осы тұрғыдан өзінің булка нанын, торттарын 
жергілікті қонақ үйге сататын бөлшек сауда наубайханасы да 
көтерме саудамен айналысады емес пе?
Көтерме сауда тауарды немесе қызметтерді қайта сату немесе 
кəсіби тұрғыда пайдалану мақсатында сататын кез келген қызметті 
қамтиды. 
Осы тарауда «көтерме сатушы» жəне «көтерме сауда» терминдерін 
пайдаланатын боламыз. Бұл терминдер көтерме сауда негізгі қызметі 
болып табылатын фирмаларға қатысты қолданылады. 
Көтерме сатушылар бөлшектеп сатушылардан біршама ерек-
шеленеді. Біріншіден, көтерме сатушылар ынталандыруға, өз 
сауда кəсіпорнының орналасқан жеріне, ондағы атмосфераға көп 
көңіл бөлмейді. Себебі, олар соңғы тұтынушымен емес, негізінен 
кəсіби клиенттермен жұмыс жүргізеді. Екіншіден, көлемі бойынша 
көтерме сауда келісімдері бөлшек сауда келісімдеріне қарағанда 
үлкен болады. Сондай-ақ, көтерме саудагердің сауда аймағы 
бөлшек саудамен салыстырғанда ауқымды. 
Көтерме сатушылар сауда үрдісінің тиімділігін қамтамасыз 
етеді. Біріншіден, қаржы ресурсы шектеулі ұсақ өндірушінің 
тікелей маркетинг ұйымын құруға жəне ұстап тұруға шамасы 
келмейді. Екіншіден, өндіруші қолында жеткілікті капитал бола 
тұра, өз қаржысын көтерме сауданы ұйымдастыруға емес, өндірісті 
дамытуға жұмсағанды жөн көреді. Үшіншіден, көтерме сатушылар 
қызметінің тиімділігі жасалатын операциялардың ауқымдылы-
ғына, іскери келісімдердің көптігіне жəне олардың арнайы білім-
дері мен ептіліктерінің арқасында үлкен болады. Төртіншіден, кең 
тауарлық ассортиментпен жұмыс істейтін бөлшектеп сатушылар, 
көбінесе тауарлардың барлық жиынтығын əртүрлі өндірушілерден 
бөлшектеп сатып алғаннан, бір көтерме сатушыдан сатып алғанды 
жөн санайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет