А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет92/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Өткізу бөлімдері жəне кеңселері. Өндірушілер көп жағдайда 
тауар қорын, өткізу мен ынталандыруды басқару бойынша 
жұмысты қатаң бақылауда ұстау үшін, өздерінің өткізу бөлімдері 
мен кеңселерін ашады. Өткізу бөлімдері тауар қорларын сақтайды 
жəне орман өнеркəсібі, автомобиль жабдықтары мен бөлшектері 
өндірісі секілді салаларда кездеседі. Өткізу кеңселері тауар 
қорларын сақтамайды жəне көбіне тоқыма жəне галантерея 
тауарлары саласында кездеседі. Өткізу бөлімдері мен кеңселерінің 
үлесіне жалпы көтерме сауда мекемелерінің 11 %-ы жəне жалпы 
көтерме сауда айналымының 36 %-ы тиесілі. 
Сатып алу кеңселері. Көптеген бөлшек саудагерлер өздерінің 
сатып алу кеңселерін Нью-Йорк жəне Чикаго секілді негізгі нарық 
орталықтарында ұстайды. Сатып алу кеңселері шамамен брокерлер 
немесе агенттер секілді рөлді атқарады, бірақ сатып алушы 
ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 


152
153
Экономиканың бірқатар салаларында мамандандырылған 
меншікті көтерме сауда ұйымдары бар. Ауылшаруашылығы 
өнімдерін сатып алушы көтерме саудагерлер өнімді фермерлерден 
сатып алады жəне өнімдерді тағам өнеркəсібі, нан зауыттары, 
наубайханаларға жəне мемлекеттік мекемелердің атынан сатып 
алушыларға жіберу үшін ірі партиялармен жинайды. 
Көтерме сауда мұнай базалары мұнай өнімдерін май құю 
стансаларына, бөлшек саудадағы басқа да кəсіпорындарға жəне 
іскер кəсіпорындарға сатып, жеткізіп береді. Аукционшы-көтерме 
саудагерлер тұтынушылар тауарды сатып алғанға дейін көргенді 
қалайтын қызмет салаларында үлкен рөл атқарады. Мəселен, бұл 
темекі жəне мал нарығы.
6.3.6. Көтерме саудагерлердің маркетингтік шешімдері
Көтерме саудагерлер мақсатты нарықты таңдауға, тауар 
ассортиментін қалыптастыруға, қызметтер кешеніне, баға қалып-
тастыруға, ынталандыруға, кəсіпорынның орналасатын жерін 
таңдауға қатысты болатын маркетингтік шешімдерді қабылдауға 
тиісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет