А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет28/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

ҚОжА нАсреДДин АҚылы
Бір күні Қожа Насреддин жиылған жұртқа үгіт айтуға мінбе-
ге шығып: «Азаматтар, мен сөйлейін деп тұрғаным ненің жайы, 
білесіңдер ме?» депті. Жұрт: «Жоқ, білмейміз!» – депті. Қожа: 
«Білмесеңдер білмейтін нәрселеріңді мен қалай сөйлеймін» 
деп мінбеден түсіпті. Жұрт қамтама қалып, білмейміз дегеніміз 
ағат болған екен, енді сұраса білмесек те білеміз деп айталық 
депті.
Екінші рет Қожа мінбеге шығып тағы сұрапты: «Аза-
маттар! Мен не жайын сөйлемекпін, білесіңдер ме?» – деп. 
«Білеміз! Білеміз!» – деп жұрттың бәрі шулапты. «Өздерің 
біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын» – деп Қожа мінбеден тағы 
түсіпті. Жиылған адамдар, айтады: «енді сұраса білетіндер де, 
білмейтіндер де бар» деп айтпақшы болып сөз айтысты.
Үшінші рет Қожа мінбеге шығып бұрынғыдай тағы 
сұрағанда, жиылғандар «білетініміз де бар, білмейтініміз де 
бар», – депті. «Олай болса, білетіндерің білмейтіндеріңді 
үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін! – деп Қожа 
мінбеден түсіпті де жүріп кетіпті.


86
ОҚУғА ШАҚырУ
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, 
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: 
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман, 
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ дауысы
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ дауысы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал, кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
нәБеК Аты
Арабтың Нәбек деген жалғыз аты –
Сол екен болған малы, мүлкі, заты.
Озбайтын шапса жылқы асқан жүйрік,
Бітпеген өзге аттарға түр-сипаты.
Күн сайын жал-құйрығын сүзіп тарап, 
Суарып мезгілімен, жемдеп, қарап,
Өткізбей күндіз ыстық, түнде суық,
Адамнан атын артық күтеді араб.
Бар екен Дайыр деген бір асқан бай,
Малы көп, түрлі бұйым бәріне сай.
Мұңы зор: сонша байлық ортасында 
Аты жоқ жылқысында жарлы атындай.
Ал деді, аямады малын, затын,
Алмады, бермеді де Нәбек атын:
Атқұмар атын қимас, жанын қияр, –
Атынан еш нәрсе жоқ оған жақын. 


87
Дайырда күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ, 
Жарлыдай жалғыз атты, бай сиқы жоқ. 
Алмаққа Нәбек атын амалменен,
Ойлайды алдайын деп бір пақыр
1
боп.
Жүретін Нәбек һәман жолын біліп, 
Үстіне сылқым-сылқым киім іліп,
Ауру, халі мүшкіл, мүсәпірше 
Отырды жол шетінде, аһ-уһілеп.
Оңаша, жолдасы жоқ, жалғыз өзі 
Нәбекті келе жатқан көрді көзі.
Өтерде нақ қасынан бишарасып,
Ыңқылдап, міне, Дайыр айтқан сөзі:
«Е, жаным! Мен жолаушы, жолым алыс, 
Адам жоқ бұл маңайда маған таныс.
Ауру, дәм татпаған үш күндей аш, 
Орнымнан жылжу маған қиын жұмыс. 
Атыңмен анау елдің ортасына 
Жеткізсең, берер едім көп-көп алғыс!»
Тоқтатып, басын тартып, Нәбек атты: 
«Жарайды, мінгесе ғой, кел!» – деп айтты. 
Сөйлейді тағы Дайыр жыламсырап:
«Халім жоқ, міне алмаймын, дертім қатты».
Атынан бұл сөзді естіп, түсті Нәбек, 
Көтеріп мінгізді ерге сүйеп, демеп.
Тиюі тізгін қолға мұң-ақ екен,
Жөнелді, бір тебініп, Дәкең шу деп.
Шығып ап оқ бойы жер, қарап кейін, 
Ойлайды: бірдеме оған деп кетейін.
«Әй, Нәбек! Кім екенім білдің бе енді? 
Атыңмен қоштас, аңқау, сорлы ақпейіл!»
«Тұра тұр! – Нәбек айтты, – тоқтап солай, 
Атыма асық еді адам талай.
Тілейтін жалғыз сенен тілегім сол –
Адамға айта көрме – алдың қалай!»
«Бұ не сөз? Не тілек!» – деп бай таңданды, 
Мәнісін білейінші деп ойланды:
1
Пақыр – араб сөзі «кеден», «жары» деген мағынада.


88
«Айтпа деп сонша өтініп, жалынасың,
Көрерсің айтсам онан не залалды?»
«Ойлама! – Нәбек айтты – арбайды деп, 
Қол жетпей, тілін құрап, жалғайды деп.
Оқиға бұл секілді шықса аузыңнан,
Білгейсің! Жайылмай, жай қалмайды деп. 
Қалайша алғаныңды жұрт естісе,
Қараспас шын пақырға алдайды деп».
Мұны естіп, Дайыр жылдам аттан түсті: 
Ұққанға адал сөзден бар ма күшті?
Құлашын жайып, қойнын ашып келіп,
Нәбекті сүйіп Дайыр, мойнын құшты.
* * *
Ебі көп, дорбасы жоқ қайыршылар,
Ебіне Құдай көнсе, байыр шығар.
Арымай алдырғанға Нәбекшілеп,
Адам аз айтқанды ұғып Дайыршылар.
Жақын бол, жақындықты ебім дейді, 
Бергенді алдым еппен тегін дейді.
Қайтармай, қарыз алып қайбіреулер,
Алдадым, бермей кеттім, жедім дейді.
Осындай ер басына іс көп келер!
Білмеспіз кімге қалай, кім дөп келер!
Сұмдығы сұраушының азаймаса,
Не жөн бар? Қайырсыз деп жұртқа өкпелер?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет