А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет44/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   172
әДеБиет тАнытҚыШ


150
БАстАры
Аңдату
Біздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы 
нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан
 жаратынды нәрсе, 
не адам ісінен шыққан 
жасалынды нәрсе
. Орман, теңіз, тау, 
тас, өзен, бұлақ – бұлар табиғат ісінен шыққан жаратынды 
нәрселер; үй, кірпіш, бақша, арық, құдық – бұлар адам ісінен 
шыққан жасалынды нәрселер. Табиғат ісінен шыққан жара-
тынды нәрселердің бәрі 
табиғат дүниесі
болады. Адам ісінен 
шыққан жасалынды нәрселердің бәрі 
өнер дүниесі
болады, 
өйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, 
әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен.
Өнер түрлі болады. Біреулер үй салады, арық қазады, етік 
тігеді, арба істейді, киіз басады, ыдыс жасайды, тағысын тағы 
сол сияқты шаруаға керек нәрселерді жасайды. Біреулер көрікті 
мешіт, көрнекті там, көркем сүгірет салады. Әдемі ән, әсерлі 
күй, ажарлы сөз шығарады. Алдыңғы өнер мен соңғы өнердің 
арасында айырым бар. Алдыңғы өнерден шыққан нәрселер 
күн көру ісіне керек шаруа керек-жарақтары. Мұны істеген-
де, «сұлуынан жылуы» дегендей, көркем болуын көздемейді, 
тұтынуға қолайлы, жайлы, берік болу жағын көбірек көздейді. 
Екінші өнерден шыққан нәрселер жылуынан гөрі сұлу болуы 
көбірек көзделінгеннен, көзге көркем, көңілге жағымды болып 
істелген нәрселер. Алдыңғы нәрселер адамның, мақұлықтық 
жан сақтау
керегінен шыққан нәрселер. Соңғы нәрселер 
адамның 
жан қоштау
керегінен шыққан нәрселер. Сондықтан 
алдыңғы нәрселерді жасауға жұмсалатын өнер – тіршілік 
үшін жұмсалатын 
тірнек өнері
болады да, соңғы нәрселерге 
жұмсалатын өнер –
 көрнек өнері 
болады.


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет