А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет67/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   172
Байланысты:
Байтұрсынұлы

 түйдектеу.
Аз сөзге көп ой сыйғыза сөйлеу – түйдектеу 
деп аталады. Түйдектеп сөйлегенде сөздің әсері күштірек бо-
лады, себебі сөйлем ішінде сөз аз болса, әр сөзге көбірек на-
зар түсіп, ілтипат көбірек айтылады. Көп нәрсеге адам назар 
салғанда ілтипаты ыдырап, сиреп түседі. 
Мәселен, топ адамды көргенде, назар топқа түсіп, бас-ба-
сына аз түседі. Сондықтан әрқайсысының түрін-түсін, киген 
киімін, мінген атын байқамай қаласың. Аз адамды көргенде, 
назар әрқайсысына көбірек түсіп, түр-түсін де, киген киім, 
мінген аттарын да байқап қаласың. Сөйлем ішіндегі сөз де сол 
сияқты. Түйдектей сөйлеудің мысалы мынау:
1) Бақ ерікте; ерік ерлік пен бірлікте; ерік ұранымыз, бірлік 
Құранымыз болсын.
(Шырша)
2) Адамына – оқ, 
Қаласына – от! 
Мұнан басқа бітім жоқ!
( Темірше)
3) Соғыс. Бұ не әурешілік? Қырылған жан, төгілген қан, 
шулаған ел, шұбырған босқын, жылаған қатын-бала.
6. Бүкпелеу.
Сөзді ашып айтпай, ұшығын ғана көрсетіп айту 
бүкпелеу деп аталады. М ы с а л д а р:
1. Отыр ем бала ғой деп жүзің жарқын,
Сөз – кілт, кеуде – сандық, ақыл – алтын. 
Ақылың көп болғанмен шашың ұзын, 
Жібердің келістірмей сөздің артын.
 (Жарылғасын ақын)
2. Ақсұлу, айтар сөзді аңдамадың, 
Аузыңа келген сөзді сандаладың. 
Әкесін шешесімен нандырады.
Қыз бала елдің жайын қайдан білсін. 
Білмесе қыз бен жайын бозбаланың.
7. Кекесіндеу.
Сөздің тысқы лебіз мағынасына ішкі астыр-
тын мағынасы қайшы келсе, кекесін болып шығады. Кекесін-


199
мен сөйлеуді кекесіндеу дейміз. Қорқақ кісіні «батырым» деу, 
қара кісіні «аппағым» деу, ақымақ кісіні «данышпаным» деу 
– осылардың бәрі де кекесін сөздер. Кекесіннің түрі толып жа-
тыр, бірақ толып жатқан түрін екі топқа бөлуге болады:
1) Зілсіз кекесін (ойын, қулық, қалжың, әзіл). 2) зілді кекесін 
(мазақ, сықақ, мысқыл, келемеж, келеке, әжуа).
Кекесін мысалдары:
1. Тұрсынбай датқаның балалары болыстыққа таласып, араз 
болып жүргенде Бұдабай ақынның айтқаны:
Бір күнде Досан болды Алтынбекпен, 
Датқаны не қыласың өтіп кеткен. 
Таласып Әлмембеттің ісін алсаң, 
Бақытты келтірдің ғой қиыр шеттен.
2. Иттерге таласса да жарасады, 
Өйтпесе ит әдетінен адасады. 
Дос болған адамдарға қарап тұрсаң, 
Биікпен тең деп болмас аласаны.
Сүйектей арасына түссе нәрсе, 
Иттерден олар артық таласады.
 («Қырық мысал»)
Төрені түйеге тіркеп қойып, «Төре неме ғой, жүрер ме екен» 
деген.
«Ой, бәрекелді! Ой, сабаз-ай!» дегенде ырза болып айтса, 
қостау болады, ырза болмай айтса, кекесін болады.


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет