247
Мәлімдеуде
иә уақиғаның алдында не болғаны айтылады,
иә айтушының уақиғадан қанша хабардар екендігі айтылады.
Мазмұндауда
уақиға қалай болып, қалай өткені айтылады.
Қорытуында
иә уақиғадан шыққан нәтижесі (ақтығы) айтыла-
ды, иә айтушының қарары айтылады.
Е с к е р т у: әуезелердің бәрінде де айтылған үш тақта бола
бермейді. Кейде жазушы тақталамай, уақиғаны бастан-аяқ
мазмұндайды да қояды.
әуезе
әңгімесі айтатын түріне қарай бірнеше тарауға
бөлінеді. Біреулері өткенді сөз қылғанда
уақыт сарынымен
айтады, екіншілері уақыт сарынымен айтады, үшіншілері біре-
уден біреуді туғызып,
туыс сарынымен
сөйлейді. Кейбіреудің
өз заманындағы болған уақиғасын сөйлегенде, кей өткен
замандағы уақиғаның әңгімесін сөйлейді. Біреуі бір адамның
өмірін яки мінезін әңгіме қылғанда, бүтін жұрттың өмірін яки
мінезін әңгіме қылады. Сондықтан әуезелердің мынадай тарау-
лары болады: 1)
шежіре
, 2)
заманхат
, 3) ө
мірбаян
, 4)
мінезде
-
ме
, 5)
тарих
, 6)
тарихи әңгіме
.
Достарыңызбен бөлісу: