252
Жалқылай әліптегенде
нәрсе дербес алынып, дара басы
әліптеледі. Мұнда әліптеушінің назары нәрсенің өзгеден айры-
латын айрықша әліптерінде болады.
Жалпылай әліптегенде нәрсенің бүтін табы алынып, табы-
на тиісті сипатпен әліптеледі.
Мұнда әліптеушінің назары
таптағы нәрсенің бәрінен табылатын белгілерінде болады
(нұсқалықтың 18-19-ыншы нөмірлерін қара).
Сәнді әліптемеде қандай
белгілерін алу әліптеушінің
көздеген өз мақсаты бойынша болады (нұсқалықтың 18, 19-ын-
шы нөмірлерін қара).
Жол әліптемесі
. Жолаушы жүріп, дүние
кезіп көрген
жерінің, елінің әлібін, қалпын жазу жол әліптемесі яки жолай
деп аталады.
Әліптемеге қатыспайтын әңгіме аз болады, бірақ әңгімеде
не әліптеме болып келетін түрлері бар. Соның бір түрі жол
әліптемесі. Жол әліптемесінің әңгімесі әліптегенде түрлі нәр-
сені түрлі тарапынан әліптегендіктен пәлендей нәрсе тақы-
рыпты сөйлейді деуге болмайды.
Жол әліптемесінде нәрсені
әліптеу реті ұшырау ретінше: алдымен ұшыраған алдында,
соңынан ұшыраған соңында әліптеледі.
Қияли жол әліптемесі деген әліптеменің бір түрі бар. Он-
дай әліптемелер жолаушының жазған сөзі емес, қиял кезуінің
сөзі болады. Жазушы қиялын жолаушы жүргізіп, қиял көзімен
көргенін сөйлейді. Ондай жол әліптемесі ғылым мағлұматын
беру мақсатпен де жазылады. Қазақта қиялмен жазылған жол
әліптемесі жоқ:
жай жол әліптеме де аз
(Жай жол әліптеме мысалын нұсқалықтың 20-ыншы
нөмірінен қара).
Достарыңызбен бөлісу: