338
толғайды. Сондықтан күліс толғау
күлкілеу,
келемеждеу болып
шығады. Күлкі қылу әлемдеп көрсетумен бірдей нәрсе, бірақ
көпке жаққан күйе яки таққан әлем, көптің үстінде болған соң,
күшті әсер ете алмайды. Көп ішінде бір адамға жаққан күйе,
таққан әлем күштірек әсер етеді. Сондықтан көпті қандай дат-
тап, сөккенмен, масқаралауға болмайды. Сөзбен жеке адамды
ғана масқаралауға болады.
Ақын залымдықты, надандықты көріп, күйінгенде қандай
күйге түсіп толғайтынын Абайдың төмендегі сөзі көрсетеді:
Адамның
кейбір кездері
Көңілде алаң басылса,
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса,
Сылдырлап
өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі үшін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуаттан ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда
ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға,
Шиыршық атып толғанар.
Әділет
пенен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірер алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия,
ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.
Достарыңызбен бөлісу: