А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет129/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

«нәбек аты». Бұл шығарманың атауы түпнұсқада осылай беріл-
ген. Ал, 1989, 1991 ж.ж. жинақтарда атау сөз «Нәбік» деп өзгертілген. 
2003 ж. жинақ түпнұсқадағы қалпына келтірілген, соңғы нұсқасы 
берілді.
Түпнұсқадағы «Малы көп, түрлі бұйым бәріне cam» деген 
сөйлемдегі «бәріне» деген сөз 1989, 1991 жж. басылымда «бәрі де» 
деп берілген. Түпнұсқадағы «Үстіне сылқым-сылқым киіп алып» 
деген өлең жолы «Үстіне салқам-салқам киім іліп» деп өзгертілген. 
Түпнұсқалық қалпы 2003 жылы түзетілгендіктен, осы жинақ негізге 
алынды.
«сорлы болған мұжық». Түпнұсқадағы «Қаншығым балалады 
күні кеше» деген тармақтағы «балалады» деген сөз 1989 ж. жинақта 
«күшіктеді» деп өзгертілген. Түпнұсқа 2003 жылы қалпына келтіріл-
ді, осы жинақ бойынша берілді.
«Қаздар». Түпнұсқадағы «Пайдасы, базар өтіп, кетер жерде» 
деген тармақ 1989, 1991 жылғы жинақтарда «Базар өтіп, пайдасы 
кетер жерде» деп өзгеріске түскен. Түпнұсқада «Біздің бе (*)... жоқ 


357
өткізген еңбегіміз?» деген тармақтағы «біздің» деген сөзден кейін 
жұлдызша қойылып, осы беттің астына «ойланып, ойланып» деген 
автор сілтемесі берілген. Сілтеме 1989 ж. жинақта жоқ. Осы жолдан 
кейінгі «Әше жөн» деген сөз 1991 ж. басылымда «Әсте жөн» деп 
өзгертілген. Түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетілді, осы жинақ не-
гізге алынды.
«есек пен үкі». Бұл өлең 1991 ж. басылымда «Қырық мысал» 
жинағының 36-ншы мысалы ретінде берілген. Түпнұсқаға сүйенсек, 
аударма «Маса» жинағында жарияланған. сондай-ақ, түпнұсқада 
«Есек пен үкі» мысалының түйіні ретінде берілген ғибрат:
«...Жазған сөз жаным ашып Алашыма:
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан қан еткен інім, бауыр жұртым!
Қараған «Қара таудың» қаласына.
Іші лас, сырты таза залымдардың
Алданып құр сыртының тазасына.
Мәз болып байғазы алған балаларша 
Сатылып жылтыраған танасына.
Әбілдің зиаратын аттап өтіп,
Қабылдың бата қылма, моласына.
Қорыққанға қос көрініп, қойдай үркіп,
Тығылып дажалдың итханасына.
Ес кетіп, сабыр қалмай сасқалақтап,
Қорыққаннан көзің сыймай шарасына.
Ұмытып Құдайды да, Құранды да,
Бас ұрма Лат, Манат ағашына»
төрт шумақтың алдында келетін яғни «Тал түсте лақты деп соны айтып 
жүр» деген тармақпен тәмамдалған бөлігі «Аудармалар» деген тарауға, 
ал жоғарыда келтірілген «Жазған сөз жаным ашып Алашыма» деген 
тармақтан басталатын алдыңғы мысалдық бөлікте айтылған ғибраттық 
ойды білдіріп тұрған қорытынды бөлігі «Өлеңдер» атты тарауға топтас- 
тырылған. 2003 ж. басылымда бұл мысал түпнұсқадағы қалпына кел-
тірілді. 
«Жазған сөз жаным ашып Алашыма» деген тармақтан бастала-
тын жоғарыда келтірілген үзінді «Ақ жолға» (1991) енбей қалған. 
Түпнұсқадағы «Тығылып дажалдың итханасына» деген тармақ 1989 ж. 
жинақта «Тығылып тажалдың бұтханасына» деп берілген және түп- 
нұсқадағы «Бас ұрма Лат, Манат ағашына» деген тармақ 1989 жыл- 
ғы жинақта «Бас ұрма ләнат-манат ағашына» деп өзгертілген, бұл 


358
өзгертулер түзетілді. Лат, Манат, Ғузза – арабтардың ислам дінін 
қабылдаған уақытқа дейін табынған пұт мүсіндері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет