А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет143/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

Әсерлеу (лептеу). Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Мүбтәла 
қып...» тіркесі 1991 ж. жинақта «Мұншама ғып...» болып өзгерген. 
Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы «...мұнша азапқа» тіркесі 
1991 жылғы жинақта «бұл азапқа?» болып өзгерген.Түпнұсқадағы 
«Қан қарадан жасқанбай...» деген тіркестегі «қан» сөзі 1989 жылғы 
жинақта «Хан қарадан жасқанбай...» болып берілсе, 1991 ж. жинақта 
кездеспейді. 1989 ж. басылымдағы өзгеріс. Түпнұсқада және 1989 ж. 
жинақта кездесетін «Сарыарқа сайран жерім-ай» деген тармақтағы 
«сайран» сөзі 1991 ж. жинақта «қайран» болып өзгертілген. Сон-
дай-ақ, түпнұсқа және 1989 ж. жинақтағы «Тоқталсайшы ыстық 
қан» деген өлең жолындағы «тоқталсайшы» сөзі 1991 ж. жинақта 
«Тоқталмапты...» болып берілген. 
Түпнұсқадағы: Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен 
тоқылық! Оқысаңдар, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің 
алдыңнан, Іздемей-ақ, табылар (Алтынсары Ыбырай)деген өлең 
жолдары 1989 жылғы жинақта осы ретпен берілген. Тек автордың 
аты «Алтынсарин Ыбырай» деп жазылған. Ал, 1991 жылғы басы-
лымда бұл өлең шумақтары кездеспейді.
1989 ж. жинақта кездесетін:
«Пір Назар, Смайыл мен Жүсіп Назар!
Тілімді алсаң, мұныңды қой, мырзалар!


371
Бар ма еді, құлағыңда қалған нақыл:
«Тозған қудан топтанған қарға озар» 
(Бұдабай ақын)
деген өлең жолдары түпнұсқадан өзгертілмей алынған болса, 1991 
жылғы жинақта бұл мысал жоқ.
Қайталақтау.Түпнұсқадағы және 1989 ж. жинақтағы «Үш ата-
мыз...» тіркесі 1991 жылғы жинақта «Ұлы атамыз» деп берілген. Түп- 
нұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «...нәрсенің ғамалын, күйін...» де-
ген сөйлем 1991 ж. жинақта «...нәрсенің күйін...» деп, «ғамалын» сөзі 
түсіп қалған. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «Дүниеде неғып 
тұр, Адамзат бір сағат» деген жолдар 1991 ж. жинақта мүлдем кез-
деспейді. Біз 2003 жылғы жинақ түпнұсқа бойынша берген. Түпнұсқа 
мен 1989 ж. жинақта кездесетін «...азар келдім» тіркесі 1991 ж. 
жинақта «...әрең келдім» деп өзгеріске ұшыраған. 
Осы тарауда, түпнұсқада берілген «...ықсан жан тіріде» деген 
тіркес 1989 ж. жинақта сол қалпында берілсе, 1991 ж. жинақта «...
ықсын жан тіріде...» болып өзгерген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет