А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет144/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

Шендестіру. Түпнұсқадағы «Жалғыз шиден оқ аттың» де-
ген өлең жолы 1989 жылғы басылымда сол қалпында берілген. Бұл 
тармақ 1991 ж. жинақта мүлдем кездеспейді. 
Дамыту. Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Әншейін сөйлегенде 
дамыту мысалы мынау:» деген жолдар 1991 ж. жинақта кездеспей-
ді. Түпнұсқадағы «Аяғын топтап басады» деген өлең жолындағы 
«топтап» сөзі 1991 ж. жинақта «топ-топ» деп өзгеріске түскен. Ал, 
осы өлең жолынан кейін келетін «Жүні судай тасады» өлең жолы екі 
басылымда да (1989, 1991) қалып қойған. Түпнұсқада және 1989 ж. 
жинақта кездесетін «Халықты қаңсылату – обал» деген сөйлемдегі 
«қаңсылату» сөзі 1991 ж. Жинақта «қанжылату» болып өзгерген. 
Түпнұсқа мен 1989 ж. жинақтағы «Тығылып Дажалдың пұтқанасына» 
деген өлең тармағындағы «дажал», «пұтқана» сөздері 1991 ж. 
жинақта «тажал», «пұтхана» болып өзгеріске түскен. 
түйдектеу. Түпнұсқадағы «... ерік ұранымыз, бірлік – Құранымыз 
болсын» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «...ерік – ұранымыз, 
бірлік – құранымыз болсын» деп берілсе, 1991 ж. жинақта «...ерік 
ұранымыз болсын, ерлік-бірлік құранымыз болсын» болып өзгерген. 
«Тіл (лұғат) әуезділігі».Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтағы «... 
да болып, құралуы мүмкін. Сөздің дыбыстары құлаққа жағымды-
жағымсыз болып құралу сияқты» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «...
да болып құралу сияқты...» деп өзгеріске ұшыраған. 


372
Сөз әуезділігі. Түпнұсқа мен 1989 жылғы «...апта егін қуса игі 
еді» деген сөйлемдегі «апта егін» сөзі 1991 жылғы басылымда «...
ата жолын...» болып өзгеріске түскен. 
Өрнекті сөйлемдер.Түпнұсқа мен 1989 жылғы басылымдағы 
«Үйткені өрнекті сөйлем қанша үлкен болғанымен...»деп басталатын 
сөйлемнің «...яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша көп болғанымен...» 
деген жалғасы 1991 ж. басылымда кездеспейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет