А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет16/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155
23. жҮрГінШілер Мен иттер
Кеш мезгіл келе жатты екі кісі
Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі. 
Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан, 
Бөлінді екеуінің әңгімесі.
Жүгірді және бір ит оны көріп: 
Артынан тағы ит шықты оған еріп; 
Жиылды сол арада қырық-елу ит,
Бірінің дауысын естіп бірі келіп.
Біреуі жүргіншінің сонда тұрып, 
Ойлады қуалауға таспен ұрып. 
Жолдасы жанындағы оған айтты: 
«Қарама, неғыласың мойның бұрып?
Өшігер олар қайта мұнан жаман, 
Тыймассың кесек атып лақтырып. 
Үндемей, жайымызға жүре берсек, 
Өздері қояр әлі-ақ үріп-үріп».
Бұл сөзді екеуі де қабыл етті
Иттерден қырық-елудей қадам өтті. 
Басылып бірте-бірте дауыстары, 
Кешікпей алды-алдына тарап кетті.
* * *
Тағы да бір сөз айтар келді ретім, 
Жаратқан түрлі мінез Құдіретім!
Біреудің малын яки бағын күндеп, 
Күншілдер жоқ па, шулап итше үретін?!
Күндесін, шуылдасын, қылсын өсек
Етпелік, сөйлеп жүр деп, сөзін есеп. 
Иттердей үріп-үріп тарап кеткен,
Қояды шулап-шулап, үндемесек.


55
24. еМеннің тҮБінДеГі ШОШҚА
Түбіне бір Еменнің Шошқа келіп
Жемісін жерге түскен жеді теріп.
Тойған соң келістіріп ұйықтап алып, 
Еменнің түбін қазды тұра келіп.
Шошқаға сол уақытта сөз айтады, 
Ағаштың басындағы құзғын көріп: 
«Тамырын қазып, аршып тастаған соң
Қалмай ма, емен қурап, кеуіп, сынып?».
«Қураса, қурайды деп, қиналман көп
Қурамай тұрғанменен, неме ол сеп? 
Қурасын, маған салса, күйіп кетсін, 
Қайғырман оның үшін уайым жеп!
Құдайым жемісінен айырмасын
Қылатын мені семіз солар ғой тек».
Сол шақта күңіреніп сөйледі Емен, 
Шошқаға айтып тұрған осылай деп:
«Ей, шіркін! Жақсылықты білмейтұғын! 
Білсең сен, не бетің бар, бүй дейтұғын? 
Жоғары қарай алсаң, білер едің 
Шыққанын жеміс қайдан сен жейтұғын!»
* * *
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар, 
Жақсы мен арасында жамандар бар. 
Ғылымды пайдаланып отырса да, 
Сезбейтін сол пайдасын надандар бар.


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет