А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет80/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

1. әуезе, оның түрлері 
Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, ретінше мез-
гілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады. 
Әуезе ақпар мағынада оның мысалы, шағын түрде айтқанда, 
мынау болады:
Қосшыларды ұйымдастыру, ағарту жұмысы 
Қалалық ұйымдарда жетіде бір рет, ел арасында айында 
екі рет жалпы жиылыс болып тұрады. Қала ішіндегі жиылыс-
тар көңілдегідей, ел ішіндегілер онша болмайды. Жиылыста 
ұйымның мақсаты, ел ішіндегі залалды ғұрыптармен қалай 
күресу, өкімет жұмыстары, қосшы мүшелерінің шаруашылығын 
күшейту туралы мәселелер қойылып, түсінік берілді.
Және қосшы ұйымына бұрын кіріп кеткен атқамінер 
қуларды шығарып, тазалау туралы түсіндіріледі. Бірақ қулар 
да қарап тұрмайды, ұйымның кедей, малай мүшелерін өздеріне 
тартқылап, азғырып жүреді. Мұндайларды тамырымен құртуға 
шара қолданудамыз.
Ағарту жайына келсек, үйезде, қалада ұйым комитеті жа-
нында оқу үйі клуб бар. «Қызыл шайхана» ашуға қаражат 
жоқтығынан аша алмай отырмыз. Бұдан былай мүшелердің 
сауатсыздығын жоюға үйездік оқу бөлімінен мұғалім сұрап, 
мектеп ашпақшы болып жатыр. Бұдан басқа, «Еңбекші қазақ», 
«Ақ жол» газеттерін алдырып, таратып тұрамыз.
25-нші жылғы қосшы мүшелерінің жарналары әлі жиналған 
жоқ. Жаңада жинауға кірісіп жатыр. Мүшелік жарналары 
жиналмағандықтан үйездік аудандық комитетте қаражат ақша 
жоқ. Ақша жоқ болғандықтан, болком, райком қызметкерлері 
айлық ақыларын ала алмай отыр. Соңғы кезде қосшы ұйымының 
қызметкерлері айлықтарын ала алмаған соң, қызметке де 
салақ болып кетті. Бұл кемшіліктерге аймақтық комитет шара 
қолданса екен.
Аямбай ұлы, «Еңбекші қазақ», 
25-нші жыл, 412-сан.
Әуезе көбінесе үш тақтаға бөлінеді: 1) мәлімдеу, 2) маз- 
мұндау, 3) қорыту.


247
Мәлімдеуде иә уақиғаның алдында не болғаны айтылады
иә айтушының уақиғадан қанша хабардар екендігі айтылады. 
Мазмұндауда уақиға қалай болып, қалай өткені айтылады. 
Қорытуында иә уақиғадан шыққан нәтижесі (ақтығы) айтыла-
ды, иә айтушының қарары айтылады.
Е с к е р т у: әуезелердің бәрінде де айтылған үш тақта бола 
бермейді. Кейде жазушы тақталамай, уақиғаны бастан-аяқ 
мазмұндайды да қояды.
әуезе әңгімесі айтатын түріне қарай бірнеше тарауға 
бөлінеді. Біреулері өткенді сөз қылғанда уақыт сарынымен 
айтады, екіншілері уақыт сарынымен айтады, үшіншілері біре-
уден біреуді туғызып, туыс сарынымен сөйлейді. Кейбіреудің 
өз заманындағы болған уақиғасын сөйлегенде, кей өткен 
замандағы уақиғаның әңгімесін сөйлейді. Біреуі бір адамның 
өмірін яки мінезін әңгіме қылғанда, бүтін жұрттың өмірін яки 
мінезін әңгіме қылады. Сондықтан әуезелердің мынадай тарау-
лары болады: 1) шежіре, 2) заманхат, 3) өмірбаян, 4) мінезде-
ме, 5) тарих, 6) тарихи әңгіме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет