А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет140/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

БІРІНШІ БӨЛІМ
сөз өнерінің ғылымы
Түпнұсқа мен 1991 жылғы басылымдағы: «Тіл (я лұғат) деп ата-
лады» сөйлемі 1989 жылғы басылымда: «Тіл я лұғат деп аталады» 
деп, жақшасыз берілген екен. Түпнұсқаның осы тарауында кезде-
сетін «...көрнекі...» сөзі 1989 жылғы басылымда «...көрнекті...» бо-
лып берілген. Ал, «Ақ жолда» «...өрнегі...» деп өзгерген. Түпнұсқа 
мен 1989 жылғы жинақтағы «Ішкі пікір жағы, тысқы тіл жағы» 
деген сөйлем 1991 ж. жинақта: «Тысқы тіл жағы, ішкі пікір жағы» 
деп берілген. Түпнұсқа мен 1989 жылғы жинақтың осы тарауында 
кездесетін: «Шығарманың түрінің ғылымы, шығарманың тілінің 
ғылымы» деген сөйлем 1991 ж. жинақта «Шығарманың тілінің 
ғылымы, шығарманың түрінің ғылымы» деп беріліпті. 2003 жылғы 
жинақ орны ауысқан сөздерді түпнұсқалық қалпына келтірген, осы 
жинақ негізге алынды.
2003 ж. жинақта «Сөз қисыны» деген тарауша «Тіл қисыны» 
боп өзгерген. Осы жинақта түпнұсқа бойынша «Сөз қисыны...» деп 
түзетілді.
сөз қисыны (яки лұғат қисыны)
Түпнұсқадағы «...тұтынған сөзді...» деген тіркес 1989 ж. жинақта 
«...тұтынған сөз...» деп, 1991 ж. жинақта «...тұтынған сөздер...» бо-


368
лып өзгертілген. 2003 жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны орнына 
келтірген. Біз де осы жинақты негізге алдық.
сөз талғау
Сөз дұрыстығы. Түпнұсқа және 1991 ж. жинақтағы «...нәрселерді 
жақсы біліп, әрқайсысын...» деген сөйлем 1989 жылғы басылымда «...
нәрселерді біліп, әрқайсысын...» болып, «жақсы» сөзі түсіп қалған. 
Тіл (лұғат анықтығы). Түпнұсқа және 1989 ж. жинақта кезде-
сетін «Жаман қатын алсаңыз» деген сөз тіркесі 1991 ж. жинақта 
«Жаман қатын алмаңыз» болып өзгеріске ұшыраған. Сондай-ақ, 
түпнұсқадағы «...жастардан өзінің тәрбиесіз...» деген сөйлемдегі 
«тәрбиесіз» сөзі 1991 жылғы жинақта «...тәртіпсіз...» деп берілген. 
Ал, 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы сақталған. 
Тіл дәлдігі. Түпнұсқадағы «Амәндес...» сөзі 1989 ж. басылымда 
түпнұсқаға сай берілген болса, 1991 ж. Басылымда «Әуендес...» бо-
лып өзгерген. Түпнұсқадағы: «...амәндес сөз...» деген тіркес 1991 
жылғы басылымда «...әуендес сөз...» болып, 1989 жылғы жинақта «...
амәндес сөздер...» деп өзгеріске түскен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет