А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет45/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

ШығАрМА сӨз
Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты 
шығарма сөз, ол аты қысқартылып, көбінесе шығарма деп ай-
тылады. Ауызша шығарылған сөз болсын, жазып шығарған сөз 
болсын бәрі шығарма сөз болады. Шығарманың түрлері толып 
жатыр, оның бәрін шумақтап бір-ақ атағанда, арабша әдебиет, 
қазақша асыл сөз дейміз.
Шығарма сөздің бәрінен бұрын байқалатын тысқы нәрсе- 
лері: 1) тақырыбы; 2) жоспары; 3) мазмұны; 4) түрлері.
тақырып – әңгімедегі пікір не туралы болса, сол нәрсе 
тақырыбы болады. Мәселен, пікір жаз туралы болса, шығар- 
маның тақырыбы «жаз» болады. Той туралы болса, тақырыбы 
«той» болады, ат туралы болса, тақырыбы «ат» болады. 
Әңгімедегі пікір не туралы екенін күн ілгері білдіру үшін 
шығарманың тақырыбы басына қойылады. «Айман-Шолпан», 
«Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» 
деген сөздер шығарма тақырыптары болады және бұл сөздер 
Айман-Шолпан, Бақытсыз Жамал, Қобыланды батыр, Атымтай 
Жомарт турасында айтылатын әңгімелердің басында тұрады. 
Әңгіме басында тұрған «Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жа-
мал» деген сөздерді көріп, кім туралы екенін бірден білеміз, 
бірақ шығарма сөздің бәрінің де басына тақырыбы қойыла бер-
мейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмай- 
ды, үйткені бір өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы айты-
лып кетеді. Тақырыбы бар сөздер Айман-Шолпан», «Бақытсыз 
Жамал» деп тақырыбы аталғанда, тақырыбы басына қойылмаған 
сөздер, мәселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен ата-
лады. Абайдың өлеңдерінде тақырып қойылмаған сөздер көп. 
Оларды атағанда алдыңғы сөздерін айтып, атаймыз: «Өзгеге 
көңілім тоярсың», «Келдік талай жерге енді» деген өлеңі дей-
міз.
жоспар. Сөз шығарудан бұрын шығарушы айтатын пікірін 
қай ретпен жазатынын мерзімдеп, жоспарлап алады, онысы 
неден басталады, неден соң нені айтып, немен аяқтайтынын 
белгілеп алу болады. Әңгіменің жоспарын шығарушы адам я 
ойында белгілеп алады я қағазға жазып алады. Қай шығарма 


157
сөзде де болса, жоспар болады, бірақ біреуінің жоспары, тәртібі 
сара-сара ашық болады. Біреуінің жоспары тәртіпсіз, былықпа, 
ашық болмайды. Қаншама кішкентай шығарма болса да, өзіне 
сәйкес жоспары болады. Балғожаның баласына жазған хаты 
деген кішкене өлең бар, кішкене өлеңнің кішкене жоспары мы-
нау:
1) Оқудағы баласына ата-анасы амандығын білдіру;
2) Баласына айтқан ақылы;
3) Оқымаған қазақ балалары не істейтінін көрсетуі.
Әңгіме үлкенірек болса, жоспары да үлкен болады. Алайық, 
мәселен, Сейдахмет ақынның қондырмаған құрбысына айтқан 
өлеңін. Бұл әлгі айтылған өлеңнен үлкенірек, мұның жоспары 
да үлкенірек, мынадай:
1) Құрбысының кім екені;
2) Құрбысының қонуға келгені;
3) Құрбысының қондырмағаны;
4) Қалаға жақын жердегі қонақасының қымбат, арзандығы;
5) Көңілдестігін көрсетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет