А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет72/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

1. Өлең АйШыҚтАры
1. Жалғыз шумақты өлең
Әманда болар солай әм болар да, 
Жаралған солай етіп бұ жалғанда. 
Ғалымдар толып жатыр, ақылды аз, 
Таныс көп, аз табылар дос адамға.
 (Пушкиннен)
2. Екі шумақты айшық
Бота көз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым, 
Әр жерде өткізсең де өмір таңын. 
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе, 
Ойнайды аласұрып неге жаным?!
* * *
Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім, 
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін. 
Гүлсім – күн, көкте ақырын жүзе беред, 
Сүйдіріп-күйдіргенін қайдан білсін?
 (Мағжан)
3. Үш шумақты айшық
Қараңғылық қоюланып келеді
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді. 
Күлімсіреп жанындағы жас бала,
Қызық көріп сөнген шоқты үреді.
* * *
Шоқ үстінен кішкене үшқын ұшты да, 
Біразырақ шоқ қызара түсті де 
Дереу сөніп, тезірек күлге айналды,
Астындағы ыстық күлді құшты да. 


222
* * *
Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді,
Сөнген шоқты күліп бала үреді. 
Ой басты ма, әлде көзім талды ма, 
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.
 (Мағжан)
4) Төрт шумақты айшық
Адамдық диқаншысы қырға шықтым
Көгі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. 
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
* * *
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, 
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. 
Оттай бер, жануарым екі аяқты!
Адамдық хайуанға қанша қажет
* * *
Жаратқан малды Құдай не керекке, 
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. 
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
* * *
Таяққа еті үйренген, қойшы жайлап, 
Көк есек қозғала ма, түрткенге айдап. 
Есептен алданғанды болғандар көп
Жасықты асыл ма, деп білмей қайрап.
 (Маса)
Мұнан әрі бес шумақты, он шумақты, жүз шумақты, онан 
да көп шумақты болуы ықтимал. Мәселен, «Зарқүм» сияқты 
қиссалар, тең шумақты өлеңдер: Абайдың «Сегіз аяғы» және 
«Көлеңке басын ұзартып» деген, «Масадағы» «Бақ» және «Над-
соннан» деген, Мағжанның «Мен жастарға сенемін!» және 


223
«Күншығыс» деген өлеңдері секілділер болады. Бұл сияқты 
өлеңдер жеке шумақты өлеңдердің де табына жатады.
Тұтас шумақты өлеңдер деп «Масадағы» «Ақын ініме», 
«Жауға түскеннің сөзі» деген, Абайдың «Мәз болады болысың» 
жөне «Антпенен тарқайды» деген өлеңдеріндегі секілді өлең 
шумақтары. Мағжанның «Жаралы жан» деген сөзі сияқты 
өлеңдер – ала шумақты өлең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет