А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет25/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Балаларды заттың көлемі мен өлшеуге үйретудің маңызын талдау.

  2. Көлемді өлшеудің әдіс-тәсілдерін қарастыру.

  3. Өлшей білуді баланың ойын әрекетіне қолдануға үйрету жолдарын түсіндіру.

БАЛАЛАРДЫҢ КӨЛЕМ ТУРАЛЫ ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Объектіні берілген өлшеуіштермен өлшеу баланы бәріне ортақ өлшем бірліктермен таныстыруға дайындайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға бұл материалдың бір бөлігі ғана таныс (негізінен бұл мектепте оқытылатын материал).


Қазіргі таңдағы мектеп реформасы бастауыш мектеп жасына дейінгі оқушылар және мектеп жасына дейінгі баланың оқыту мазмұны мен әдістерінің тығыз байланыста болуын талап етеді.
Мектепте жалғасын табатын балабақшадағы өлшеу әрекеті кеңістік ұғымдарын қалыптастыруға және көзбен мөлшерлеудің дамуына бағытталған. Ол оқытуды еңбекпен және өмірмен байла-ныстырыла отырып, политехникалық дайындықтың құралдарының бірі болып есептеледі. Сондықтан бастауыш мектеппен балабақ-шадағы өлшеу жұмыстарының білімділік және тәрбиелік маңыз-дылығының бірлігі байқалады. Өлшеу әрекетін баланың ақыт-ой және математикалық дамуының тиімді құрал ретінде қарастыру, оның мүмкіндік деңгейін математикалық түсініктермен ұғымдар-ды қалыптастыру жолында кеңінен пайдаланады.
Балабақшада өлшемді оқыту негізінен берілген өлшеуіш-термен шектеледі. Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшем туралы түсініктері оқушылардан гөрі нақтылау.
Алайда балабақшада үйретілетін өлшеуіштер өлшем жүйе-сінің бірліктерінің негізгілерін баланың тез және оңай меңгеруіне жаңа күрделілеу өлшеу тәсілдерін үйренуіне, өлшем туралы тү-сініктерін байытуға көмектеседі.
Ұзындықты өлшеу математикалық білімнің бөлімі болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды шартты өлшеулермен өлшей білуге үйрету қажет. Олар кейін өлшеуіштердің мәнін тереңірек түсінетін болады (ұзындық, масса, көлем, биіктік, уақыт, темпе-ратура).
Өлшеу процесі барысында нәрселермен айнала қоршаған шындық құбылыстар жөніндегі балалардың түсінігін кеңейте түседі. Іс жүзінде уақытты, әр түрлі ұзындықтарды, массаны, ыдыстардың сыйымдылығын өлшеу балалардың уақыт яғни кеңістік жөніндегі түсінігін кеңейтеді. Логикалық ойнауды әрі қарай дамытуға септігін тигізеді.
Өлшенетін ұзындық бойына белігілі бір сан өлшеп салына-тын қысқа өлшеуіш қолданамыз. Салыстыруға байланысты жаңа ұғымға келеміз (көп, аз тең). Ұзындықтың әрбір түрін балалар жеке қабылдағанда және салыстырғанда (ұзындығын, енін, биік-тігін) біліп қана қоймай, 3 өлшемді нәрселерді олардың кеңістік орнына тәуелсіз тани білетіндігі де анықталды.
Биіктік өзінің өзгергіштігімен белгіленеді. Мысалы, столды өлшеу оның өлшемімен ғана шектеледі. Бірақ ештеңе де өзгер-мейді. Үшінші қасиеті заттардың бір қалыптылығы. Бір зат жанын-дағы затпен салыстырғанда үлкендігі және кішілігі байқалады.
Балалар көрген нәрсесін үлкен, кіші деп, не биік аласа деп бөледі. Нәрселерді санау және қарапайым өлшеулер – бұлар адамның жеңіл–желпі қажеттіліктері мен тығыз байланыста бола-тын 2 түрлі әрекет «Басқа да ғылымдар сияқты математика адам-ның практикалық қажеттіліктерімен шыққан жер учаскелерін, аудандарын өлшеу және механикадан туындаған, – деп көрсетеді Энгельс. Өлшенетін ұзындық 2 операцияға бөлінеді. 1) Бөлшектеу процесі бала бүтін деген бірдей бөліктердің белгілі бір сан рет қосылғанда шығады деп түсінеді. 2) ығыстыру немесе жалғастыру операциялары. Мұнда бала бір бөлікті екіншіге таныстырып қосады. Осы айтылған системаға сүйене отырып, мынадай қоры-тындыға келуге болады. Сан ұғымына қарағанда өлшеу процесі кешірек дамиды. Өйткені тұтас бүтінді өзара алмастырылатын бірліктерге бөлу, бөліп қойылған элементтерді санап шығудан қиынырақ. Балаларды алуан түрлі өлшеулермен таныстыру тұр-мыста балалар бөлменің ұзындығын қадамдап өлшейді. Тарыны стақанмен өлшейді, ал бөлмедегі сүтті банкімен өлшейді. Шелек-тегі суды кружкамен өлшеу. Бұл тұрғыда дербес жағдайда 6–7 жасар балаларды шартты өлшеулермен өлшей білуге үйретіледі. Одан кейін мектепте көпшілік қабылдаған өлшеуіштердің (ұзын-дық, масса, көлем) мәндерін тереңірек түсінетін болады.
Балабақшадағы балалар шартты өлшеуіштер мен өлшеудің әр түрін меңгеру керек. Бірінші түрге сызықтық өлшеуді жатқызу керек, балалар парақтағы сызықтардың, таяқшалардың, жіптердің, қадамдардың және басқа да шартты өлшемдердің көмегімен әр-түрлі заттардың ұзыдығын, елін және биіктігін өлшеуді үйренеді. Өлшеудің 2-ші түрі – шартты өлшеуіштер арқылы сусымалы заттың көлемін анықтау; балалар кружка, стақан, қасық және басқа да көлемдермен пакеттегі құмшекерді өлшеуді үйренеді. Үшінші түрі – шартты өлшеу арқылы сұйықты өлшеу онда балалар би-дондағы сүт қанша стақан болады. Графиндегі су қанша кружка болатынын үйренеді.
Балаларға шартты өлшем ретінде бір клетка немесе төрт клеткадан тұратын шаршыны алып, бір парақ қағаздың ауданын өлшеуге мүмкіндік бергені дұрыс. Осы өлшеулердің қайсысы оңай, балаларға қай өлшемнен бастап үйреткен дұрыс? деген сұрақтарға кейбір авторлар сызықтық өлшеуді басқа біреулері сұйық және сусымалы заттардан бастауды ұсынады. Шартты өлшеммен өлшесе де барлығы да бірдей екенін ескеру керек. Дегенмен, балалар практика жүзінде көбінесе ұзындықты өлшеуді мектепте де ең алдымен кесінді өлшеуден бастайтынын еске алсақ сызықтық өлшемге тоқтау керек екенін түсінеміз. Өлшеуді қол-дану – орнатылған процесске дәл нақтылық қатынас береді. Теңдік, теңсіздік, бөлік – бүтін, бұл денелерді қасиетін кеңірек және тереңірек игеруге мүмкіндік береді. Шартты өлшемдермен өлшеу мектепке дейінгі балаларға бірқатар қарапайым функцио-налдық тәуелділіктің түрлерімен танысуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет