А. Балабаева



бет1/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А. БАЛАБАЕВА
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА
ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқу құралы
Алматы 2018
ӘОЖ 373
КБЖ 74.102
Б 22


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті базасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілген.
Хаттама №1, 14 қазан 2008 жыл


Пікір жазғандар:
Б.М.Қосанов – п.ғ.к., доцент;
Ә.С.Әмірова – п.ғ.к., доцент;
Б.И.Иманбекова – п.ғ.к, доцент


Балабаева А.И.
Б22 Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесі: - Оқу құралы. /Өңделген, екінші басылым/- Алматы: ИП «Ашикбаева», 2018-144 бет.

ISBN 978-601-7243-03-6


Бұл оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындарында 050101- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мамандығы бойынша оқитын студенттерге және тәрбиешілерге арнлаған.


ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ пәні балалардың математика-лық білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

ӘОЖ 373
КБЖ 74.102


ISBN 978-601-7243-03-6


© Балабаева А.И., 2018
КІРІСПЕ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030» страте-гиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған.


Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анық-талып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген.
Жоғары оқу орындарында болашақ тәрбиешілерді дайын-дайтын «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым матема-тикалық түсініктерін қалыптастыру» деген пән оқытылады. Бұл пән – педагогика ғылымдары жүйесі қатарында, мектеп жасына дейінгі балаларды - бастауыш мектептегі негізгі оқу пәндерінің бірі болып саналатын математиканы меңгеруге және қабылдауға даярлау мақсатында қолданылады, сонымен қатар қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және ойлау іс-әрекеттерін дамы-тудағы маңызын, ақыл-ой белсенділігін дамытудағы маңызын, қоршаған ортаны тануда аса маңызды болып саналатын ақыл-ой әрекетінің қалыптасуындағы әсерін зерттеп, зерделеп түсіндіреді. Курсты оқу барысында студенттер қарапайым математикалық түсініктердің шығу тарихымен, оның негіздерімен, зерттеу әдіс-терімен, қалыптасу процестерімен танысады (жиын, сан, көлем, уақыт, кеңістік, бағдарлау, санау, т.б.). Студенттер баланың әрбір жас кезеңіне сай оқыту мүмкіндіктерімен және олардың ерек-шеліктерімен танысады.
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық тү-сініктерді қалыптастыру пәні, математика курсының аса маңызды мәселелерімен танысуға, оқыту әдістемесінің жаңа тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кәсіби білім, білік және дағдыларды өздіктерінен меңгеруге және жетілдіруге себепші болады.
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру курсы «Балалардың қарапайым мате-матикалық түсінігін қалыптастыру пәнінің теориялық негіздері», «Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы», «Мектеп жасына дейінгі балаларға балабақшада математиканы оқытуды ұйымдастыру», «Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету», «Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптас-тыру әдістемесі», «Арифметикалық есептер», «Балалардың зат-тардың көлемі мен оларды өлшеу труалы ұғымдарын қалып-тастыру», «Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптас-тыру», «Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі», «балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру», «мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау» тәрізді мазмұндық-әдістемелік желілері бойынша ұғымдар мен амалдар тәсілдерін оқыту әдістемесі ашылады.
Бұл пән арқылы болашақ тәрбиеші:
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруды ұйымдастыру формаларын меңгеруі;

  • мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математика-лық түсініктерді қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдай білуге дағдылануы;

  • қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру курсының теориялық негізін білуі;

  • қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тиімді әдістерін пайдалануы;

  • қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін оқу барыныснда қолданатын көрнекіліктердің түрін, оны тиімді қолдана алу біліктілігі;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың математиканың эле-менттерін оқытуды жүйелі жүргізе білуі;

  • балалардың математикалық түсініктерді қалыптастыруда жаңа технологияны қолдана білуі;

  • сабақтың жоспарын құрастыра білуі;

  • түрлі ойындарды, жаттығуларды ұйымдастыра алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет