Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: Математикалық ұғымдарды қалыптастыруға даярлаудың жалпы сипаттамасы.
Математикалық ұғымдарын қалыптастырудың әдістерін талқылау.
Математикалық ұғымдарын қалыптастырудың құралдары. Реферат жазу.
Математикалық дағдыларын дамытуға бағытталған ұйымдастыру шараларына сипаттама беру
ГЛОССАРИЙ
Білім берудің дамытушы әдістері – ойлау операция-ларын қалыптастыратын әдістер: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификация. Қозғалыс ойн дамытады. Балалардың сыртқы әрекетін ұшту, кейін ол сөйлеуге ықпал етіп, ішкі ойына айналады. «Баланың жақын даму аймағынна» бағытталған әдістер.
Жиын - әртүрлі анализаторларымен (көру, дыбыстық) қабылданатын біртекті объектілердің (заттар немесе құбылыстар, дыбыстар, қозғалыстар) жиынтығы.
Жиын элементтері – жиындарды салыстыру, ондағы санды дәлірек анықтау.
Белгілік жүйелер элементтері – цифрлар, белгілер конфигурациясының белгілері: үлкен, кіші, тең, тең емес, т.б.
Мөлшер – жиындардың көп не аздығын білдіретін сан есім сөздер.
Сан – жиын көрсеткіші. Жиындарды салыстырғанда санды атайды.
Цифр – санның шартты белгісі, графикалық кескінделуі.
Реттік сан – сан екі жақты мағынаға ие болады. реттік сан натурал қатардағы санның номерін, басқа сандар арасындағы оның орнын көрсетеді.
Мөлшерлік сан - мөлшерлік сан нәрселелрді олардың саналу ретіне тәуелді есептеу нәтижесін көрсетеді, ең бастысы, барлық нәрселелер де тек бір ғана ретпен саналу керек.
Графикалық көрнекілік – кестелер, модельдер, сандық баспалдақ, техникалық суреттер (материалдың мөлшері, пішіні, өлшемі бойынша таңдап алу үшін), т.б.
Бейнелеу көрнекілігі - әртүрлі мөлшерде, өлшемде, әртүрлі пішінде және әртүрлі кеңістік орналасуда нәрселер бейнеленген карточкалар, түрлі түсті өлшемді, әртүрлі орналасқан геометриялық пішіндер, цифрлар, шартты белгілер салынған карточкалар.