1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы– 40 минут Балл саны - 30
Тапсырма түрлері: КДЖ- Көп дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар.
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар.
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: дұрыс жауабын таңдаудықажет ететін сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Нұсқа: 15 тапсырмадан тұрады: соның ішінде бірнеше жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар.
Қысқаша жауапты қажет ететін сұрақтар, толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
Бөлім Жасушалық биология . Молекулалық биология . Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Қоректену
Бөлімше Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар. Өсімдік ұлпаларының әртүрлілігі: түзуші, жабын, негізгі, өткізгіш, механикалық, бөліп шығарушы ұлпа. Жануар ұлпаларының әртүрлілігі: эпителий, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу». Зертханалық жұмыс «Жануарлардың ұлпаларын жіктеу». Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық. Көмірсулар – энергия көзі. Глюкоза, сахароза, гликоген, крахмал, жасұнық пен хитиннің маңызы және қызметтері. Липидтердің қасиеттері мен қызметі. Липидтердің әртүрлілігі: майлар, фосфолипидтер, балауыз. Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері. Зертханалық жұмыс «Өсімдіктер бөлімдеріндегі ерекшелік белгілерді анықтау. Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар. Саңырауқұлақтар патшалығы. Зең саңырауқұлағы: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқы. Көпжасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Зертханалықжұмыс « Дара жарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу». Буынаяқтылар типі. Хордалылар типі. Сыртқы белгілеріне қарай салыстырмалы сипаттама.
Dемонстрация «Хордалы жануарлар мен буынаяқтылардың ерекшелік белгілерін анықтау» Жауынқұртының, сиырдың және адамның асқорыту жүйесінің құрылысы. Модельдеу«Адамның, сиырдың және жауынқұртының» асқорыту жүйесінің құрылысын салыстыру. Тістің құрылысы мен қызметі, сүттістердің тұрақты тістерге ауысуы. Тісгигиенасы. Адамның асқорыту жолдарының құрылысы.асқорыту бездері. Асқорыту мүшелерінің қызметі. Тамақтану гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары және олардың алдын алу. Тағамнан уланудың алдын алу. Алғашқы жәрдем шаралары. Ішек құрт ауруларының алдын алу. Дәрумендер және олардың маңызы. Суда еритін және майда еритін дәрумендер. Дәрумендердің тәуліктік мөлшері. Авитаминоз, гиповитаминоз және гипервитаминоз.А авитаминоздағы ақшам соқыр, В1 авитаминоздағы бери – бери ауруы, С авитаминоздағы қырқұлақ , Д авитаминоздағы мешел аурулары.
Зертханалық жұмыс «Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау» Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу: амебалық қантышқақ, фитофтороз, оба, күл, лейшмания, герпес