А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет153/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   220
Использованная литература
:
1.Модель 
развития 
дошкольного 
воспитания 
и 
обучения 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000137


275 
2. Затеева, Е.В., Трапезникова, О.А. Развитие детской инициативы средствами 
мультипликации / Детский сад: теория и практика. 2016. №6 (66). С. 70-77 
3. Мелик-Пашаев, А.А. Создание мультфильмов, как творческая деятельность детей / 
Культурно-историческая психология 2014. Т. 10. №4. С. 66-71 
4. Тимофеева, Л.Л. Проектный метод в детском саду. «Мультфильм своими руками». — 
СПб: Детство-Пресс, 2011. — 80 с. 
5. Ядне Н.И., Рябова Н.А. Использование современных информационно-коммуникационных 
технологий при создании мультфильмов. ООО «АР-Консалт». 2015. С. 137-139 
Омар Б.С., Жанғали А. 
Қарағанды қаласы, «Шаңырақ» КМҚК бөбекжайы 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕР: 
ҚОЛДАЙМЫЗ БА, ӘЛДЕ ҚАРСЫМЫЗ БА? 
Біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Электронды 
гаджеттер балаларға шаттық сыйлайды, оларды қолдану қуантады. Бұл ақпараттық 
«шабуылға» төтеп беру мүмкін емес, сондықтан оларды балаларды оқыту мен дамытуға 
пайдаланудан басқа амал жоқ [1, 10 б].
Қазіргі заманғы балалар дәстүрлі ойындарды аз ойнайды, көбіне уақыттарын 
компьютер алдында өткізеді. Бір жағынан бұл дұрыс та, себебі олар ақпараттық 
технологиялар жайлаған заманда қалыпты бейімделуге қажетті дағдыларды меңгеруі тиіс. 
Баланы компьютер мен өзге де ақпараттық электрондық құрылғылардан қандай да бір 
жолдармен баладан алып қойдық делік. Нәтижесі қандай болады екен?
Ол өзін оқи алатын құрдастарымен салыстырғанда сауатсыз сезінетіні сөзсіз. Екінші 
жағынан, балалардың осы жоғарғы компьютерлік құзыреттілігімен бірге бірнеше кері әсерді 
де аламыз:
• 
сөздік қорының азаюы,
• 
агрессияның жоғарғы деңгейі,
• 
көз көруінің нашарлауы,
• 
дене сымбатының бұзылуы
• 
және ең бастысы, компьютерлік және ғаламторға деген тәуелділік.
Осындай кері әсерлер психологтарды алаңдатып отыр. Нәтижесінде арнайы оқыту 
және дамытушылық компьютерлік ойындар шығарылды. Олардың маңызды - баланың жас 
ерекшелігін ескеруі мен олардың қызығушылықтарына сай дайындалуы жатады. Сондай – 
ақ, бұл ойындар шынайы балалар ойынының барлық мүмкіндіктерін қамтыған, мысалы, бала 
ойын сюжетін өзі ойлап таба алады және өзгерте алады. Оның үстіне бұл компьютерлік 
ойындарға ойын құралдарының шексіз жиынтығы берілген, ол балаларға өз қиялы мен 
фантазиясына ерік беруге мүмкіндік береді.
Мысалы, шынайы өмірде бала сурет салғанда қолында бар түрлі-түсті 
қарындаштармен, бояулармен немесе фломастермен ғана қолдана алса, компьютерлік 
ойында алуан түрлі түстерден тұратын шексіз түстер палитрасы ұсынылады. Оның үстіне, 
тіпті сурет сала алмайтын баланың өзі ойындарда дайын геометриялық кескіндер бейнесін, 
ертегі кейіпкерлері мен декорацияларды қолдана отырып, әртүрлі композициялар құрастыра 
алады.
Компьютерлік ойындардың кейбір түрлері балаларға мектепке барғанда нақты оқу 
әрекеттерін орындауға үйретеді. Мысалы, балаларды сандармен таныстыратын және 
қарапайым математикалық операциялар жасататын, әліпбимен таныстыратын және сөз 
құрастыру ережелерінен тұртатын ойындар бар. Олардың негізіне «ойната отырып оқыту» 
қағидасы жатады. Компьютерлік ойындар балаға таныс заттар мен ертегі кейіпкерлерінің 
бейнелерін қолдануға мүмкіндік береді. Баланың дұрыс әрекеттері дыбыстық және көрнекі 


276 
сигналдармен бекітіледі. Осылайша балалар еш мәжбүрсіз мектепте оқуына қажетті 
дағдыларды меңгере алады [3, 12 б]. Осы жақсылықтарға қарамастан, компьютерлік 
ойындарды қолдану ата-аналардан мұқият болуды, аса жауапкершілікпен қарауды талап 
етеді. Ол үшін бірнеше маңызды сәттерді есте сақтаған жөн.
Бірінші талап, баланың жас ерекшелігіне қатысты. Компьютерлік ойындарды 5 жасқа 
толмаған балалармен бастаудың қажеті жоқ. Неліктен деген сұрақ тууы мүмкін. Біріншіден, 
виртуальды ортада бала шынайы өмірде жоқ заттармен, олардың қиялдан туған 
әрекеттерімен әрекет етеді, оларды қолға ұстауға болмайды, салмағын сезіне алмайды, 
лақтыруға да мүмкіндік жоқ. Сондықтан, балада шынайы өмірдегі заттардан ерекшеленетін 
заттар туралы түсінік қалыптасуы мүмкін.
Екіншіден, ерте жастан бастап компьютерлік ойындармен ойнау баланың қалыптасып 
келе жатқан эмоциялық және еріктік салаларына кері әсер етуі мүмкін. Мектеп жасына 
дейінгі баланың эмоциясы мен сезімдерінің қалыпты дамуы үшін баланың өз құрдастарымен 
және ересектермен тікелей қарым-қатынасқа түсуі маңызды.
Ата-аналар мен педагогтер баланың өз қобалжуларын түсінуге ықпал етуі керек, оған 
мынадай сөздермен қолдау жасайды: «Сені ойынға қабылдамағанына ренжіп қалдың ба? 
Қатты ренжідің бе? Сабақта сені мақтағанда саған ол ұнады ма?». Сондай-ақ, ересек адам 
баланың құрдастарының қобалжуларына да назар аудартады. Өзге адамның өзіне деген 
сезімін бақылай отырып, бала өз сезімін білдіруді үйренеді. Компьютерде отырған бала да 
әртүрлі эмоцияны басынан өткереді (қуанады, ренжиді, қорқады), бірақ оны өзі байқамайды, 
және компьютер, тірі адаммен салыстырғанда, оған көмектесе алмайды [2, 547 б].
Компьютермен жұмыс жасауда балаларға уақыт жағынан шектеу қою керек. 
Дамытушылық компьютерлік ойындардын ұзақтығы 5 жастағы балалар үшін – 10 минуттан, 
6 жастағы балалар үшін – 15 минуттан аспау керек. Егер ойын 10-15 минуттан кейін бітетін 
болса, ол балада үлкен реніш тудыруы мүмкін. Сондықтан, ойынды таңдаған кезде оның 
құрылымына назар аудару керек. Ойынның ұзақтығы аз уақытты алатын блоктардан тұрғаны 
жақсы. Бұл Сізге де, балаға да компьютердегі сабақты уақытында аяқтауға мүмкіндік береді 
[2, 544 б].
Ойындардың мазмұнына келетін болсақ, таңдауда баланың жас ерекшелігі мен жеке 
қызығушылығына қарауға болады. «Дұрыс» ойындардын түсініктемесінде ұсынылатын бала 
жасын көрсетеді. Бұл дегеніңіз, осы ойынның сол жастағы балада дамытуға қажетті 
дағдылар ескерілген дегенді білдіреді. Баланың жүйке жүйесінің ерекшелігіне байланысты 
ойынды таңдаған дұрыс болады. Мысалы, егер бала жаңаны білуге құштар болса, оған 
танымдық ойынн ұсынуға болады, ол өзге елдер туралы, ерекше жануарлар туралы, қызықты 
оқиғалар туралы біле алады. Егер бала аса белсенді болса, онда ойын аса қозғалмалы, 
мысалы жылдамдыққа бірдеңе жасауға арналған болуы керек.
Көбіне балалар үйде үлкендер жұмыс жасайтын компьютермен ойнайды. Егер 
келесідей қосымша шаралар мен гигиеналық нормаларды сақталатын болса, оған рұқсат 
етуге болады:
• 
бала отыратын орындықтың биіктігі бала көзінің деңгейі экранның ортасына сәйкес 
келетіндей болуы керек; 
• 
көз бен экран арасындағы қашықтық 60-70 см болуы керек;
• 
бөлмедегі жарық көздері экранда жарқырамауы керек, сондықтан мониторды терезеге 
қарсы немесе тура жарық көзіне қарсы орнатпау керек;
• 
компьютер қосулы бөлмені жиі желдетіп тұру керек.
Ойын-сабақтардан кейін көзге арналған гимнастика жасау керек: «Кәне бәріміз 
жасайық, экранға қарап көздерініз шаршады ғой: 
• 
көзімізді жауып ашайық, жауып ашайық. – бірнеше рет 
• 
басты қозғамай көзді жоғары – төмен, оңға – солға қозғау;
• 
алдымен өзіне жақын затқа қарау, содан кейін көзді алысқа салу».
Әр жаттығуды баламен бірнеше рет қайталау керек.


277 
Шаршауды басу үшін дене жаттығулар жасату керек. Компьютермен жұмыс жасау 
кезінде адамдар әдетте бір позада және кейде тыныс алмай отырады. Сондықтан, бойды 
босаңсыту үшін бөлме ішінде қолды жан – жаққа созып, басты әрі-бері қозғап, бірнеше терең 
тыныс алып жүрген дұрыс. «Кәні, бәріміз жасап көрейік:
• 
қолдарыңызды жан – жаққа созайық,
• 
басымызды әрі-бері қозғап,
• 
бірнеше терең тыныс алып жүрейік». 
Аталған барлық кеңестерді есепке алу компьютерлік ойындарды «заттық» 
ойыншықтарға жақсы қосымша ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сіз 
балада пайдалы дағдыларды қалыптастыра аласыз, ол дағдылар балаға кейін мектепке 
барғанда қажет болады.
Соңымен, «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютер – Қолдаймыз ба, 
әлде Қарсымыз ба?» деген сұраққа оралатын болсақ, біз оған: «Әрине, Қолдаймыз» деп 
жауап береміз. Бірақ, біз ақылға қонымды қолдау туралы айтып отырмыз. Сіздер де бізбен 
келіседі деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет