Использованная литература:
1.Гирш
И.С.
«Использование
информационно-коммуникационных
технологий
в
воспитательно-образовательном процессе ДОУ» (статья из Интернета).
2.Источник: http://doshvozrast.ru/metodich/pedoput24.htm
3.Калинина Т.В. Управление ДОУ. «Новые информационные технологии в дошкольном
детстве». М, Сфера, 2008
4.Образование и XXI век; Информационные и коммуникационные технологии. – М.: Наука,
1999.
5.Яковлев А.И. Информационно-коммуникационные технологии в образовании. 2005 г.
Шаймерденова Д.М.
Балқаш қаласы, «Айгөлек» КМҚК бөбекжайы
БАЛАБАҚШАДА БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ
Бала – жан-жүрегіміздің айнасы, көзіміздің нұры, көңіліміздің шуағы.
Бала жанының бағбаны атанып, нұр шуағына бөлейтін тұлға болып қалыптасуға
әсерін тигізетін бүгінгі күнгі әдістемелер көптің көкейінен орын алып үлгерді. Бала дамуына,
366
тұлға болып қалыптасуына негіз болатын бала саусақтарындағы ұсақ
моторикаларды дамыту бүгінгі күні өз маңызын жоғалтқан жоқ. Ал «ұсақ
моторика» дегеніміз не? Моториканы дамыту балаларға не үшін керек?
деген сұрақты ғылыми негізде саралап көрсем: физиологиялық тұрғыдан
қарастырғанда, «ұсақ моторика дегеніміз - қолдың ұсақ бұлшық еттерінің
қозғалысы.
Балаларда ұсақ моториканы дамыта отырып, сөйлеуді, зейінді шоғырландырып, тілдің
сөйлеуін жетілдіреміз. Себебі, қолдың саусақ қимылдары мен сөйлеу мүшелерін бақылайтын
бастағы ми қыртыстары бір біріне жақын орналасады екен, сол арқылы қол саусақтары
арқылы миға импульс жіберіледі де, міне осылайша сөйлеу аймақтары жетілдіріліп, бала
сөйлеуге белсенді болады»[2]
Шынымен де ағзадағы барлық қозғалысқа жауап беретін ми қыртыстарының үштен
бір бөлігі жүйке нүктелерінің кескіні алақан мен саусақтарда орналасады екен. Сондықтан,
ғалымдар алақанды «екінші тіл» деп айтады. Белгілі ғалым, педагог-ағартушы В.А.
Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазады.
Бала қозғалысының ұшы қаншалықты епті, ісмер болса, соншалықты ойлау қабілеті мен
сөйлеуі жақсы дамитындығы айқын.[2]
Соңғы кездері қоғамда белең алған балалар арасында сөйлеу тілінің кешігуі, бұзылуы
сияқты мәселелер бұл тақырыпқа терең қарауыма әсер етті. Бұл құбылыс баланың белсенді
қозғалысының болмағандығынан, соның ішінде саусақ моторикасының жеткілікті
дамымағандығынан туындайды. Бұрынғы уақыттарда қолдың моторикасына арнайы назар
аударып, дамытуға аса қажеттілік болмаған, себебі балалар жастайынан еңбекке араласты,
дақыл тазалады, қоқым терді, таза ауада ауылда құм, топырақпен көп ойнады, осылайша
арнайы гимнастикасыз өздерін дамыта түскендігін көруге болады. Бүгінгі күнгі заманауи
әлем, өмірлік бағдарымыз ауысып, қол күшінің қажеті болмай, уақытымызды үнемдеп,
еңбегіміз еселей түсті, осының барлығы қол моторикасын арнайы гимнастика арқылы
дамытуға себеп болып отыр.
Қол моторикасын дамытуды баланың кішкентай, сәби кезінен бастаса оң нәтиже
беретіндігі даусыз. Саусақ жаттығуларының сәбиге арналған ең қарапайым әдістері: саусаққа
арналған массаж, «Қуыр қуыр, қуырмаш» ойындары. Баланың танымы мен ерекшелігін
кеңейту арқылы, «мына жерде май бар, мына жерде қант бар» деп әндетіп отырып, қолын
созып, саусақтарына саялы массаж жасау арқылы, ең соңында қытықтау арқылы жарқын
күлкіге ұласатын осындай жаттығу түрлері бекер тұрмысымыздан орын алмағандығын
көрсетеді.
Балабақшада
қолдың
ұсақ
моторикасы
мен
қимыл
қозғалыстарын дамыту маңызды, өйткені біз тек сөйлеу тілін ғана
дамытып қоймай, баланың қолын қаламмен жазуға ашықтаймыз. Осы
мақсатта қол гимнастикасын дамытудың өзіндік ерекшеліктері мен
заңдылықтарына бағытталған ойындар мен жаттығуларды ақпараттық
технологияларды, смартфонға жүктелетін « Саусақ ойындары»
қосымшасын пайдаланамын. (№1 сурет)
№ 1 сурет «Саусақ ойындары» АКТ пайдалану
Тәжірибемде ең қарапайым және актуалді ұсақ қол моторикасын жылдамдататын тәсілдерді
ұсынамын:
Бірінші: Пазл, мозайка, құрастырғыш лего, моншақпен жұмыс жасау
Екінші: саусақпен ойындар
Үшінші: қол білезігі мен саусаққа массаж
Төртінші: мүсіндеу, илеу, жапсыру
Белгілі психолог, ми зейінін шоғырландыру және жылдам оқыту әдістемесін өз
ерекшеліктерімен жеткізе білген Шамиль Ахмадуллиннің [1] логикалық және зейін
367
шоғырландыру курстарын «YouTube» желісі арқылы ұсақ моториканы дамытуға арналған
жаттығуларды пайдаланамын ( №2 cурет)
№2 cурет. Балабақшадағы ІТ құзіреттілік
Бірінші. «Баладан саусақпен сандарды көрсетуді сұрау» жаттығуы. Бала оң қолымен
екі санын, сол қолымен үш немесе төрт сандарын көрсете алу керек. Бұл саусақ
бұлшықеттерін дамытуға, есте сақтауға көмектесетін ерекше тәсіл. Осылайша дауыс екпінін
үдете, жылдамдата отырып, тез сандарды көрсету жаттығуын жасауға болады.
Екінші. «Допты лақтыру» жаттығуын жасау. Бір қолға допты ұстай отырып, екінші
қолды 15-20 см қашықтықта ұстайды. Доп екінші қолға барғанда, алақанмен жұмып, кезек-
кезек екі қол арасында, қысып жұма отырып лақтырады. Алғашында допты 10-15см
аралығында жіберіп ойнап, арақашықтықты ұзарта беруге болады.
Үшінші. «Қолға жаттығу» жасау. Екі қолды жұмып, жұдырық түйіп бірнеше рет
қайталау керек. Римтге келген соң, оң қолды ашып, сол қолды жұмып, оң қолды жұдырық
түйіп бірнеше рет гимнастиканы қайталау.
Төртінші тәсіл. «Екі қолмен бір мезетте жазып жаттығу» Ақ қағаз немесе кез келген
қағаздың ортасына қарындашпен ұзын сызық жүргіземіз. Баланың екі қолына да фломастер
мен қалам бере отырып, кез- келген әріпті дауыстап оқимыз. Алғашында бала оң қолымен
әріпті дұрыс жазса, сол қолымен керісінше жазады, кейін оң қолымен керісінше, сол
қолымен дұрыс жазып көреді. Бұл да қол моторикасын дамытуда өзіндік рөл атқаратын
жаттығудың бір сипаты.
Қолмен қаламсап ұстауды үйренудің ерекше тәсілдерінің бірі «Үшке дейін санаймын»
әдісі. Үшке дейін санап үлгергенше бала қарындашты өте жылдамдықпен алып үлгеріп,
қағаз түзу бір сызық сызып, жылдам ғана қаламды қайта орнына қою керек. Осылайша сізде
баламен бірге жарысып жазып көруіңізге болады. Бұл жаттығу қаламсапты баланың дұрыс
ұстауына көмектеседі.
«Суретті аяқтап салу» әдісі көбінесе балабақша топтарында жиі жүзеге асатынын
білеміз. Бұл да өз алдына ерекше тәсілдердің бірі саналатын ерекше жаттығу. Сізге алты
дөңгелек, алты шаршы және алты үшбұрышты фигуралар салынған қағаз қажет болады. Егер
бала сегіз жастан кіші болса, фигураларды аз салу керек, сөйтіп әр фигураны өзінің бала
қиялымен сурет салу арқылы аяқтау тапсырмасын береміз.
Баланың ақыл-ойының дамуына, тұлғалық ерекшеліктерін қалыптасуына ойынның
маңызы зор, әсіресе, қолдың ұсақ моторикасын дамытатын жоғарыдағы аталмыш ойындар
бала денсаулығының мықты болуына әсер етеді. Бұл гимнастикалық жаттығулар арқылы
баланың бойындағы агрессия басылады, невротик бала шықпайды.[3] Ойын нәтижесінде
баланың бойында байқағыштық, төзімділік, табандылық секілді қасиеттер көрініс табады
екен. Педагог-психологтардан сұхбат алу барысында: «ұсақ моториканы дамыту арқылы,
баланың тілі жетіледі, ми қабаттарындағы зейіннің тұрақталуына ойын әрекеттері көп рөл
атқаратындығына» көз жеткіздім. Ең қарапайым қолжетімді гимнастикалардың өзі баланың
дамуына тамаша әсерін тигізеді. Мысалы: сегіз қырлы қарындашты алып, қолға үйкелеп,
домалату арқылы баланың алақанындағы барлық нүктелерге ықпал етеміз. Бұл жаттығу
арқылы ұсақ моторика емес, баланың бойындағы стресс деңгейі мен агрессия деңгейін
төмендетуге болады. сонымен қатар, күнделікті түйме тағу, аяқ киімнің бауын байлау,
фасоль мен бұршақты араластырып таңдап алу жаттығулары да көмекке келеді.
Баланың қиялы мен таным түйсігін дамытуда ата-ана мен ұстаздың бірлескен әрекеті
тұлға қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады. Жүрегіміздің бөлшегіне айналған балдай
балапандардың ойы мен зеректігін дамытуда алдыға қойған мақсат айқын, жүйе сенімді болу
368
керек. Бала бойындағы қабілет, дарын, талант, бақша ағаштарындай бабын білсе, жайқалып
өсетіні анық. Адам көңілінен орын алатын әдістемедегі тамаша әдіс-тәсілдер бала
болашағының жарқын болуына ықпал етеді. Тағылым мен тәрбиеге толы ұрпақ тәрбиелеу әр
педагогтің бұлжымас серті.
Достарыңызбен бөлісу: |