А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Пайдаланылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет16/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   220
Пайдаланылатын әдебиеттер: 
1.Акуненок Т.С. «Дәстүрден тыс сурет салу техникасын қолдану» Мектепке дейінгі тәрбие, 
2010ж. 
2. Грибовская А.А. «Балалар шығармашылығы», Просвещение, 2009ж. 
3. Е. Першина «Креативные техники рисования для детского сада» 
4. Электронды ресурстар: 
-Білім айнасы.kz/балабақша 
-Balabaksha.kz 
-BARINBILKZ 
-Источник: 
https://zvetnoe.ru/club/poleznye-stati/risovanie-na-vode-ebru/
 
-МААМ.RU/ 
 
Асабуева С.Ж., Манжосова В.Г. 
Қарағанды қаласы, «Аққу» КМҚК бөбекжайы 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
Бұл тақырыптың өзектілігі: Балаларды жан-жақты дамытып мектепке дайындау. Әрине 
кәзіргі заманда технологиялар дамыған, әліде даму үрдісінде. Тек, барлық мектепке дейінгі 
ұйымдарға қол жетімді болып табыла бермейді. Мемлекеттің тарапынан алып қарасақ, 
ауылдарда, шалғайларда технология аздық етеді. Қалалардың өзінде мектепке дейінгі 
ұйымдарда жеткіліксіз. Ақпараттық технологияға: интерактивті тақта, ноутбуктар, 
магнитофон (радио), теледидар, бағдарламалар, бейнесабақтар жатады. 
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға топта не болмаса, музыкалық залда ертегілер 
көрінісін қойса, бүлдіршіндердің ойлау, есту, көру, есте сақтау, қабілеттері дамиды. 
Сонымен қоса сөздік қорлары, байланыстыра сөйлеу тілдерін жетілдіреді. Бұл көріністі 
тамашалаудың өзі бір театр әлеміне саяхат болып табылады. Тәрбиелік мәңі де зор. Ал осы 
маңызды тәрбиелік жағын алып қарасақ, балалардың театрда, көріністерде өзін-өзі 
ұстаулары, дұрыс, тыныш отырулары, ертегіні тамашалап, тыңдап көріп-естулері. Ертегі 
кейіпкерлері мен сахна актерларына қол шапалақтап сый құрмет көрсетулерінің тәрбиелік 
мәңі зор. Енді бұл ертегілерде табиғаттың дыбыстарымен, жануарлардың дауыстарын 
естіртсек, музыка әуенімен сүйелдемесек міне технологияны қолдану болып саналады. 


29 
Мысалы, біздің балабақшаны алып қарасақ: 
Ұлттық сауға ең ірі, 
Балалардың серігі. 
Құлақ қойып тыңдаса, 
Көтерілер көңілі. 
Әр қазаққа біреуден, 
«Ұластың» ұлттық өнімі! дегендей 
Электронды қазақ үй бар. Бұл электронды қазақ үйінде 1200 шығарма бар.
Олар: *Қазақ ертегілері 
*Балалар әндері 
*Күйлер 
*Дәстүрлі әндер 
*Терме толғаулар 
*Бесік жырлары 
*Абайдың қара сөздері 
FM радиосы бар, тілді дамытып, рухты көтеретін заманауи тәрбие құралы. Бұл 
электронды қазақ үйі Қазақстан Республикасы Мәдениет министірлігі, Тіл комитетінің 
тапсырмасы бойынша шығарылған құнды, керемет дүние. 
Кәзіргі заманда қазақ тілінде ойыншықтар санаулы. Ол әліппе, сотик ана тілімізде 
(ойыншық телефон). Бірақ жүректі шаттыққа кернейтін сәттердің бірі: ол мемлекеттік қазақ 
тілінде кітаптардың, ертегілердің болуы.
Диқан жаңбыр тілемес, астық жатса қырманда. 
Басқа қамын түк емес, тілдің қамы тұрғанда. 
Тілсіз келген білімнің, түбі шаттық қиғылық. 
Көсегесін тілімнің, көтеремін ту қылып. 
Ақын көзі жұмылмас, жырдың көзі жұмылмайды. 
Елдің туы жығылмас, тілдің туы жығылмай. (Татьяна Бургамистрова) 
Сондықтан жас програмист мамандарға ұсынамыз: қазақша бағдараламалар, қазақша 
ойындар, мультхикаялар, ойлап тапса. 
Біздің «Аққу» бөбекжайының логопедтері «Ерекеше білім беру қажеттілігі бар 
мемлекеттік тілде оқытылатын топ балаларының сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын 
интерактивті ойындар мен электронды презентациялар арқылы қалыптастыру» атты 
тақырыпта конференцияда ойындармен таныстырды. Бұндағы жұмыстың мақсаты: мектеп 
жасына дейінгі балалардың лексикалық дағдыларын ойын арқылы қалыптастыру. Ал міндеті: 
балалардың жас ерекшелігін ескерту; оқыту принциптерін басшылыққа алу; сөлеу тілінің 
дыбыстық ерекшелігін меңгерту, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету; ойын 
арқылы сөйлеу тілінің лексикалық құрылымын қалыптастыру. 
Логопедтің негізгі міндеті: артикуляциялық аппараттарын дамыту және сөздер мен 
барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау; білімдерін тереңдете және қоршаған әлем туралы 
түсініктердің негізінде балалардың сөздік қорларын байыту және белсендіру; диалогтік 
тілдесу дағдыларын жетілдіру, әңгімелеп айту және қысқаша пікірлерін ату, біліктерін 
дамыту; ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу 
мәдениетінің дағдыларын жетілдіру; балаларды практикада фразалық тілді пайдалана білуге 
үйрету, яғни тілде негізгі грамматикалық, лексикалық категорияларды дұрыс пайдаланудан, 
сөзді практикада жекелік, көптік, септік, шақтық, жақтық формалармен түрлендіру дағдысын 
қалыптастырудан тұратын себебі сол. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін логопед топтық және 
жеке арнайы түзету іс-әрекетінде грамматикалық, лексикалық ойындарды жас 
ерекшеліктеріне сай жүргізеді. Біздің «Аққу» бөбекжайының логопедтері септік 
жалғауларын, көптік жалғаулары, қарама-қарсы мәндес сөздерді, кеңістікті бағдарлау,яғни 
үстеу, жаңа сөздер құрастыру, заттың белгісі (сын есім), еркелетіп айту бойынша ойындарды 
ұсынды. Бұл ойындар қазақ тілінің лексикасына сәйкес жасалынды.


30 
Сонымен қоса жас, жалпы логопед мамандар тәжірибелерімен алмасса: білімдерін 
арттырады, қоржындарына тәжірибе жинайды, жаңа көп дүние меңгереді. 
Қорыта айта кетсек, иновацияны бейнесабақтар мен тапсырмаларды тек індет кезінде 
қолдана ғана қоймай, бала жиі не болмаса ұзақ уақыт ауырып балабақшаға келмей жүрген 
жағдайда, ауа райына байланысты, боранды, қатты аязды күндері, демалыс кезінде де 
пайдаланған тиімді.Сонымен қоса, бала белі бесіктен шықпай жатып, құлақ қыршынына 
бесік жырын айтып тыңдату. Үйде радио қосып қою. Қазақша дәстүрлі әндер мен терме-
жырлар тыңдату. Көлікпен жол жүрсекте осы әндерді балаларға тыңдату. Домбыра шерте 
білсеңіздер күй ойнау. Күй тыңдату. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздерін оқып, 
айта жүру. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, 
ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болып, еліміз тыныш, 
халқымыз аман болғанда жас ұрпағымыздың бойына сіңіріп тәрбиелеу, атадан келе жатқан 
ата мұра салт дәстүрімізді ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе берейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет