352
интерактивті ойындар, сабақтарға арналған бейне материалдарды әзірлеу, дидактикалық
ойындар құрастыру, сонымен қатар балалар мен өзіміз үшін әртүрлі жаңа және қызықты
ақпаратты іздеу.
Әр мұғалім, әрине, білім беру процесінде не тиімді болатынын өзі шешеді. Мен өзім
үшін ақпараттық технологияларды қолдана отырып, балалармен жұмыс істеудің көптеген
формалары мен әдістерін қолданамын. Білім беру процесінде аудио және бейне құралдарын
пайдаланудан басқа, мен PowerPoint құралдарын пайдаланғанды ұнатамын. Осы
бағдарламаның көмегімен мен балаларға оқу материалы түрінде презентациялар,
интерактивті ойындар жасаймын, сонымен қатар ата-аналарға кеңес беремін. Бұл
бағдарламада сіз мәтіннің әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалана аласыз, сонымен қатар
ақпаратты қызықты қабылдау үшін суреттердегі барлық нәрсені көрсете аласыз.
Егер мұғалім оны балаларды тәрбиелеу мен оқытудың басқа әдістемелік
құралдарымен бірге қолданса, онда қазіргі мұғалімнің имиджі әрқашан жоғары деңгейде
болады. Бұл технологияларды қолдану мұғалімнің жеке басының дамуына үлкен әсер етеді.
Ең алдымен, ол өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіреді, үнемі шығармашылық ізденісте болады.
Компьютерді пайдалану, интернет ресурстарын тиімді пайдалану мүмкіндігі заманауи
дидактикалық материалдарды әзірлеуге және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларды қолдану сөзсіз оқу іс-әрекетін жандандырып,
қызығушылығын арттырады, дұрыс сөйлеуі мен тілін дамытуда жетістікке жеткізер жолдың
бірі болып табылады. Ертеңімізді бүгін ойлап, жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеумен
жеткілікті білім қорын беру әр ұстаздың міндеті екенін ұмытпайық.
Достарыңызбен бөлісу: