А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Друдл технологиясы арқылы жұмыс



Pdf көрінісі
бет214/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   220
Друдл технологиясы арқылы жұмыс 
Сол парақтағы суретті аяқтау кезінде балалардың қиялының жүйріктігін байқайсыз. 
Балалар ертегідегі кейіпкерлерді сан түрліше етіп бейнелейді. Тәжірибемде қолданған бұл 
технология-друдл технологиясы деп аталады. Білім саласындағы кенже технология. 
Droodle 
cөзі 
үш 
сөздің 
бірігуінен 
жасалған 
сөз, 
яғни 
"doodle"
 
(елтірі), 
"drawing" (сурет) "riddle" (жұмбақ). Негізінен друдл деген графикалық басқатырғыш. Оның 
бірнеше жауаптары болады, себебі әр адамның қиялы әр түрлі.
Ол әдіс тікелей қиялға 
байланысты әдіс.
Осындай білім саласына жаңадан қосылып жатқан технологияның бір түрі-квест 
технологиясын бала шығармашылығын дамытуда қалай қолданатыным жайлы айтсам ба 
деймін. Ағылшындық квест сөзінің өзі «іздеу» немесе «приключение» деп түсіндірілуі 
мүмкін. Іс жүзінде білім берудегі квест технологиялары белгілі бір тапсырманың шешімін 
іздеуге негізделген. Квест технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ұғым ретінде салыстырмалы 
түрде жақында пайда болды. Квест ойындары – баланың белсенді танымдық позициясы бар 
шығармашыл, физикалық сау тұлға ретінде өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға 
бағытталған қызықты құралдардың бірі. 
Квест түрлері: 

Бағыт парағы (станцияларды және олардың орналасу жерін жай ғана жазуға болады 
немесе жұмбақтар, ребустар, шифрланған сөз болуы мүмкін, олардың жауабын орындау 
керек орын болады); 

«Сиқырлы доп» (баратын жердің аты жазылған жазбалар жіпке кезекпен бекітіледі. 
Допты бірте-бірте шешіп, балалар станциядан станцияға ауысады); 

Карта (бағытты схемалық түрде көрсету); 

«Сиқырлы экран» (планшет немесе ноутбук, онда қатысушылар бақылайтын орындардың 
фотосуреттері ретімен орналастырылған); 

Қатысушылар станцияда тапсырманы орындағаннан кейін келесі қайда бару керектігі 
туралы біле алады (ұйымдастырушыдан; тапсырманың жауабы келесі станцияның аты; 
белгілі бір аймақта жасырылған ізді табу керек) [3, б. 3] . 
Ал енді бұл квест технологиясын шығармашылықта қалай қолдануға болатынына 
тоқталып кетейін. Мәселен бағыт парағы деген әдісі арқылы оқушыларға жұмбақ 
жасырамыз. Алғашқы жұмбақты мен өзім жасырдым.
Жұмбақ: 
Төрт аяғы болса да, 
Етік киіп көрмеген. 
Жалқаулығы соншама, 
Аттап шықпас бөлмеден. (Стол) 
Тәрбиеленушілер стол астынан жасырынған конвертті табады. Ол конвертте келесі 
жұмбақ жасырылған жер жайлы жұмбақты табады да сол жасырылған жердің суретін салып 
кетеді. 
Конверттегі келесі жұмбақ мынадай: 
Аяғы төртеу, жүре алмайды, 
Не жатып бір сәт те дем алмайды. 
Отырған адамға дап – дайын, 
Тік ұстап тұрар тақтайын. (Орындық) 


379 
Тәрбиеленушілер орындық астынан жасырынған конвертті табады. Ол конвертте 
келесі жұмбақ жасырылған жер жайлы жұмбақты табады да сол жасырылған жердің суретін 
салып кетеді.
Орындықтың астынан конвертті тауып алу сәті 
Ойын солай жалғаса береді.
Креативті ойлау қабілетін дамытатын педагог өзі де аса шебер болуы шарт. Себебі 
кретивтілік, яғни басқаша ойлау үшін педагог өз қиялы мен баланың қиялын ұштастыра 
отырып қана жетістікке жетеді. Кретивті ойлау арқылы баланың шығармашылық қабілетін 
арттыруда тек дарынды балалармен жұмыс қана жатады деп есептелген. Алайда креативті 
ойлау кезінде қате жауап болмайтынын ескерсек, тіпті ең қабілеті төмен баланың 
шығармашылық қабілетін дамытуға болады. Оның барлығы тек педагогтың шеберлігіне 
байланысты. Сол себепті біз өзіміздің білімімізді жетілдіріп отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет