381
Балабақшамызда отбасы және бала арасындағы ынтымақтықты күшейту үшін «Дені
сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты отбасылық ойын - сауық сайысын өткіздім. Ойын шарты
IV-кезеңнен тұрды. Сурет 5. Ата-аналар өз балаларымен барынша жеңімпаз болуға ат
салысты. Балабақша атынан ата - аналарға мадақтау қағаздары берілді. Жарыс соңында ата -
аналарда өз ризашылықтарын білдірді. Сурет 6.
Сурет 5 Сурет 6
Дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде қимыл - қозғалысты, түрлі
жаттығуларды, дененің мәдениетті қалыптасуын, жалпы дамыту машықтарын үйренеміз.
Бөбекжайымызда дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына 3-рет
өткізіледі. Уақыттың ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Ұйымдастырылған іс-әрект барысы бөбекжайымыздың сабақ кестесіне байланысты
спорт залда және таза ауада дене шынықтыру сабағын өткіземін.
Дене шынықтыру іс-әректінде балалардың тапсырмаларды орындауда жинаған
ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, білімдеріне талдау жасап
отырамын. Бөбекжайымыздың жақсы жұмыс жасап жатқанын ата-аналар akbota_bobekzhaiy
инстаграм желісі арқылы қарап, бақылап отырады. Дене шынықтыру іс-әрекеті бойынша
ақпараттық технологияларды жұмыс барысында көп қолданамын. Қазіргі заман талабына сай
жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ақпараттық технологиялардың қыр-сырын жақсы
меңгерген тұлға етіп қалыптастыру біздің басты міндетіміз.
Жалпы айтар болсам, сабақ барысында балалардың спортқа деген қызығушылығы
күшейеді, дене бітімі машықтанады, ойлау қабілеті артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.
Қорытындылай келе, мектепке дейінгі мекемеде жаңа технологияларды қолдану заман
талабы. Дегенмен, оны жүзеге асыру үшін балабақша мен педагогтар сол жаңа
технологияларды меңгерген болуы тиіс.
Заманауи және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаттықтыру арқылы
мынадай жетістіктерге қол жеткіздім. Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр
баланың жеке қабілеті анықталды; бір−бірімен бәсекеге түсе алады, өзін – өзі бағалай біледі,
қорытынды жасай алады.
Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
үшеуімен болады бақытты өмір», -деп мектепке дейінгі мекемелердің әрбір ісі жан-жақты
жарасымды, рухани бай тәрбие берумен қатар, денсаулығы мықты болашақ ұрпақ өсіруге
бағыттау баршамыздың міндетіміз.
Деннің саулығын, жанның сұлулығын, рухтың биіктігін, өмір салауаттылығын
қалыптастыратын дене шынықтыру пәні – менің сүйікті кәсібім!
Достарыңызбен бөлісу: