146
сөзді ауыстырып жіберген адамды анықтап, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру әдісі
ретінде қолданамын.
Баланың қиялы мен таным түйсігін дамытуда ата ана мен ұстаздың бірлескен әрекеті
тұлға қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады. Жүрегіміздің бөлшегіне айналған балдай
балапандардың ойы мен зеректігін дамытуда алдыға қойған мақсат айқын, жүйе сенімді болу
керек. Тәуелсіз елдің жасы ретінде, өз Отанымның кішкентай бүлдіршіндерін
жан жақты
дамытып, үлес қосуға атсалысамын. Әр маман өз ісінің шебері болуы керек. Бала бойындағы
қабілет, дарын, талант, бақша ағаштарындай бабын білсе, жайқалып өсетіні анық. Адам
көңілінен орын алатын әдістемедегі тамаша әдіс-тәсілдер бала болашағының жарқын
болуына ықпал етеді. Тағылым мен тәрбиеге толы ұрпақ тәрбиелеу әр педагогтің бұлжымас
серті. Адамзаттың асыл мұраты, асыл болмыс бітімі, рухани байлығы болған білімді ұрпаққа
санасына сіңіруде бағытымызды айқындап, бәкеге қабілетті табысты бала қалыптастыруда
еңбек сіңіруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: