А.Е.Үсенбекова
БИОЛОГИЯ
Оқу құралы
Өсімдіктану және жануартану бөлімдері
ҰБТ - ға дайындалу
Пікір жазғандар:
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Көбегенова С.С.
Абай атындағы ҚазҰПУ - нің Жаратылыстану және география институты, ботаника және зоология кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Мұсаев Қ. Л.
Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті,
Биология кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы
Жексембиев Р.К.
Құрастырушы – автор:
ҚР Білім Беру Ісінің Үздігі
Үсенбекова Айнагүл Ермекбайқызы
БИОЛОГИЯ
Өсімдіктану және жануартану бөлімдері
ҰБТ-ға дайындалу
Оқу құралы
Алматы, 2017, **** бет
Оқу құралы Қазақстан Республикасының Жалпы білім беретін мектептің биология пәнінің 6 - 7 сыныпқа арналған биология оқулығының толық курсы бойынша құрастырылып жазылды. Оқу құралы ҰБТ - ға даярланушы талапкерлерге, биология ғылымы оқытушыларына, биология мамандығы студенттеріне, олимпиадаларға қатысушы оқушыларға, колледж, мектеп оқушыларына, жалпы биология ғылымына қызығушы оқырмандарға ұсынылады.
ЖОО -ға дайындық үстінде сұрақтарды тез тауып, тез есте сақтау үшін мәтіндерді қысқа – нұсқа, нақты және тақырыптарды жүйелеп, топтастырып, мысалдар бере отырып жазылған.
Өсімдіктану мен жануартану бөлімдеріндегі тақырыптар толық қамтылып, оқырманның тез қабылдауына ыңғайлы жазылған.
Алғы сөз
Биология пәнінен бұл оқу құралы, қатаң түрде, жалпы білім беретін мектептің 6 - 11сыныптарына арналған биология пәнінің 6 – 7 сынып оқулықтары аясында құрастырылып жазылды. Себебі, ҰБТ орталығының талабы бойынша, талапкерлердің ЖОО – на түсу үшін тапсыратын тест тапсырамалары Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі бекіткен жалпы білім беретін мектепте оқытылатын биология пәні оқулықтарының мазмұны негізінде ғана құрастырылуы тиіс.
Биология ғылымының өзі бірнеше салалардан тұратын кешенді ғылым. Ол - Жер бетіндегі тіршілікті молекулалық, жасушалық, мүшелік, ағзалық, түрлік, популяциялық, биогеоценоздық, биосфералық деңгейде зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Мектеп қабырғасында биология пәнінен өсімдіктану, жануартану, адам ағзасы, жалпы биология пәндері бойынша биологияның ортақ заңдылықтары, тірі ағзалардың өз – ара және қоршаған ортамен байланысы, олардың көбеюі, бейімделгіштігі, т.б. тіршілік әрекеттері қарастырылады. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып, биологияның Өсімдіктану және Жануартану бөлімдері бойынша негізгі тақырыптар биологиялық заңдылықтарды сақтай отырып, ықшамдалып, дайындықты жеңілдету мақсатында жазылды. Тақырыптар мен тараулар мазмұны қамтылды. Сонымен қоса, тарау және тақырыптар ретінің оқулықтар мазмұны бойынша құрастырылуы дайындық кезінде қолайлылық танытады.
Жас Дос, осы оқу құралының ЖОО – на түсуіңе жол ашып, көмегінің мол болуына тілектес - Автор
Достарыңызбен бөлісу: |