А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің



жүктеу 9.52 Kb.

бет25/26
Дата22.12.2016
өлшемі9.52 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
Э.К. Туребекова 
 
1986 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАН КҤРЕСІ – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК  
АЛУ ҤШІН КҤРЕСІ 
 
ӘОЖ 94(574) 37.035.6 
 
Қазағымды аямай қан жылатқан желтоқсан, 
Ағам менен әкпемді шырқыратқан желтоқсан. 
Тарих бетін шимайлап, сызбалаған желтоқсан, 
Мұздаса да сан жүрек  мұздамаған желтоқсан. 
 
Желтоқсан... Осы желтоқсан кімдердің соры болмады екен? Кімдердің күнін қараңғы қылмады 
екен? Ҽрине, желтоқсан дегенде сыздамаған жүрек, сырқырамаған сүйек қалмаған шығар, сірҽ?! Сол 

 
 
186 
аязды күндердің жойқын соққысы жүздеген жанның жүрегінде мұз болып қатты-ау. Неге, не себепті 
ҽділетсіздікке  жол  берілді  деп  сұрақ  та  қоясың  кейде  ҿз-ҿзіңе.  Кеңестік  саясаттың  құрбаны  болған 
қазақ жастарының қан жылаған тағдырын ойлағанда, ол туралы баспасҿз беттерінен оқығанда тіпті 
кҿз  жасыма  ерік  берем.  Солардың  рухымен  жасасып  та  кетемін.  Болашақтың  бетпердесін  ашуға 
кҿмектескен  осы  бір  желтоқсан  атауын  естігенде  қуануға  болады.  Бірақ,  мендегі  жүрек  осы  ай 
туғанда  қобалжиды  да  тұрады.  Кҿз  алдыма  жанарында  тек  «Отаным»  деген  жазуы  бар,  жүрегі 
«қазағым» деп соғатын жастардың бейнесі келеді.  
Сол  жастардың  кҿңілі  таза,  жүрегі  кең,  патриоттық  сезімдері  бір  басына  жетерлік  еді.  Бір-ақ 
сҽтте қаталдық, ҽділетсіздік, зұлымдық атаулының құрбаны болып кете барды.  
Ҽрине, қазақ халқы не кҿрмеді? Нелерді басынан ҿткермеді? Нендей халге тап болмады? Бҽріне 
тҿзе  білді.  Себебі  тҿзімділікті  Алла  тағала  біздің  халыққа  аямай-ақ  берген.  «Сабыр  түбі  –  сары 
алтын» деген сҿз де тегіннен айтылмаса керек.  
Сонау  Ақтабан  шұбырындыдан  бастап,  сол  1986  жылғы  желтоқсан  кҿтерілісіне  дейін  зұлмат 
замандардың куҽсі болған халықтың ой-арманы, тілегі біреу-ақ болды. Ол Тҽуелсіздікке қол жеткізу. 
Тұғырлы тҽуелсіз елдің шаңырағын биікке кҿтеру. Елдігін дҽлдікпен түсіндіру еді.  
Тҽуелсіздік  үшін  жанын  қиған  құрбандықтарды  бүгін  де  санап  шыға  алмассың.  Елдің 
бостандығын  кҿксеп,  бастарын  қатерге  тіккен  алашордашылардың  ерлігі  кҽрі  тарих  бетінен  орын 
тепті.  Бұл    оқиға  жер  жүзін  елең  еткізіп,  отандастарын  дүр  сілкіндірген  еді.  Бұл  дүмпудің  шын 
мҽнінде,  Кеңестік  империяның  іргесін  шайқалтқан  қозғаушы  күш  болғанын  қазір  елдің  бҽрі 
мойындайды. Сол күндерде кҿше кернеген студенттер шеруі тҽуелсіздік шеруінің бастауы болатын.  
«1986 – Желтоқсан » жалғыз жастарды ғана қақсатып кеткен жоқ. 
Тоңдырды мені, 
Тоңдырды сені, 
Желтоқсан желі ызғарлы. 
Солдырып гүлді,  
Оңдырып нұрды. 
Кҿңілде мұңды із қалды – дегендей, ол барша қазақ халқына, оның зиялы қауымына ҽсер етті. 
Міне, Желтоқсан кҿтерілісінен бері 24 жыл ҿтті. Уақыт ҿткен сайын жан-жақты зерттеліп келе 
жатқан кҿтеріліс, ҽлі күнге дейін тарихтан ҿз бағасын толық ала алған жоқ.  Бірақ осы оқиға туралы 
сҿз бола қалғанда елдің аузынан ҽрдайым: «Желтоқсанның ақиқаты ҽлі айтылған жоқ!» деген сҿзді 
ғана естудеміз. 
Желтоқсан  кҿтерілісі  тек  ерлік  оқиғалардан  ғана  тұрады  десек,  мұнымыз  тек  біржақтылық 
болатындығын  ұмытпайық.  Мұны  мойындау  қаншалықты  оңай  бола  қоймаса  да,  біз  желтоқсан 
оқиғасы  бір  жағынан  азаматтыққа  үлкен  сын  да  болғанын  ҽрдайым    есте  ұстауымызға  тиіспіз. 
Желтоқсан оқиғасы арқылы жүрегімізге түскен жараны, халықтар достығына түскен сызатты дұрыс 
ҽрі  ҽділ  жүргізілген  ұлтаралық  саясат  пен  ең  ҽділ  тҿреші  –  уақыттың  ҿзі  ғана  емдей  алады.  Бұл 
оқиғаның  ҽлемдегі  ең  ірі  алпауыт  елдердің  бірі,  экономикасы  мығым,  ал  идеологиясы    мызғымас 
мемлекет саналатын Кеңес одағында орын алуы кҿбіміздің тҿбемізден жай түскендей ҽсер еткені рас. 
Ол  осы  үлкен  одақтық  мемлекеттің  күйреуінің  ізшары  болды  деп  айтудың  да  жҿні  бар.  КСРО-ның 
іргетасын одан ҽрі шайқалтты, оның күйреу үдерісін жеделдете түскен Сумгаит, Тбилиси, Баку жҽне 
Вильнюс оқиғалары тап осы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасынан кейін болып еді. Демек, Желтоқсан 
кҿтерілісі  мен  содан  бес  жылдан  кейін  тҽуелсіз  елге  айналуымыздың  арасында  белгілі  бір 
сабақтастықтың  бар  екенін  бүгін  де  ешкім  жоққа  шығармайды.  Кеңестік  дҽуірде  де  тыным  алмай, 
дүркін-дүркін толқып соғып, тұрған ұлт-азаттық қозғалыстың ең соңғы шыңы, ең ақырғы, қайғылы да 
жеңісті  кҿрінісі  1986  жылғы  желтоқсан  кҿтерілісі.  Бес  жылдан  соң  1991  жылы  16  желтоқсанда, 
ғасырлар бойы аңсаған мемлекеттік тҽуелсіздігіміз жария етілді. Тҽуелсіздік ҿз қойнауына қаншама 
тарихты бұғып жатыр. Бұл ақиқат. Ақиқат жолы адамды ешқашан адастырмайды, адастырмақ емес. 
Міне сол шындық жолы біздің қоғамның, қазақ қоғамының ҿз алдына дербес ел болып шығуына жол 
ашты. Жол ашып қана қойған жоқ, маңызды шешімдердің іске асуына ұйытқы болды. Тҽуелсіздіктің 
ақ құсы шаңырағымызға қонып, азаттықтың ақ таңы атқалы он тоғыз жыл жылжып, уақыт биігінен 
ҽрі  асыпты.  Кіріптарлықтан  құтылғалы  аттай  он  тоғыз  жыл!  Бір  қарағанда  ұзақ  мерзім  де  емес 
сияқты. Ҽйткенмен Аллаға шүкір, буынымыз бекіп, қабырғамыз қатая бастады. Тіліміздің тамырына 
қан жүгірді. Діліміз де тірілгендей. Ежелден ұлан –  
байтақ  мекені бар ел ҽлемде аты да, заты да ескеріле бермейтін белгісіз аймақ еді ғой. Тҽуелсіздіктің 
арқасында ол біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да мемлекеттермен иық теңестіре алатын мүшесіне 
айнала бастады. Кеше ғана империя отарының қамытын киіп, ҿгейлік кҿрген ҿлкенің даусы жарқын 

 
 
187 
шыға бастады емес пе?! Еңсе де, бедел де күннен- күнге  биіктеп барады. Бұл бақыт емей немене?! 
Ҿзге елдермен барыс-келіс, алыс-беріс барған сайын ұлғая түсуде. Байлық жеткілікті. Алдағы  
уақытта  барымызды  шебер  саудаласақ  қой.  Біздің  кҿсегемізді  кҿгертетін  осы.  Егер  тҽуелсіздік 
алмасақ, мұндай қаракетке бара алар ма едік? Қазір Қазақстанның асқақтай желбіреген кҿгілдір  
туымен  ҽлем  таныс.  Бірлік,  татулық,  достық, ынтымақ  рухы  ҽр  жүрекке берік  орнықты.  Біз  сияқты 
сан ұлт ҿкілдері тоқайласқан іргелі жұртқа бұдан артық жетістік бола ма?  
Бұдан  он  тоғыз  жыл  бұрын  жаңа  заман,  жаңа  дҽуір  босағасынан  аттап,  нұр-шұғыласын 
шашырата  адымдай,  еліміздің  тҿріне  шыққан-ды.  Енді  ғана  сара  соқпаққа  түсіп,  кҿшіміз  түзеле 
бастағандай.  Кҿкжиегіміз  алыстан  мен  мұңдалайды.  Президенттің  «2030»  бағдарламасы қол  бұлғап 
шақырып, алға ұмтылдырып та жатыр.  
Елдің  ендігі  есіл-дерті,  нағыз  асыл  міндеті  –  сол  тҽуелсіздікке  ие  бола  білу,  одан  айырылып 
қалмау. Қырық қабатты қиындықтарға қайыспай, едҽуір табыстарға жеттік. Енді осыны баянды етіп, 
тҽуелсіздік туын тік ұстап, мемлекетті күннен-күнге нығайта түсу біздің парызымыз.  
Халық  жазушысы,  Шерхан  Мұртазаның  сҿзімен  келтірсек,  «Аш  бол,  жалаңаш  бол,  одан 
ҿлмейсің.  Ашынған  қарын  тойынар,  ашылған  етек  жабылар.  Ал  Тҽуелсіздіктің  кҿк  туы  құласа, 
бҽрінен де сол қайғы. Ол туды жығып алмас үшін ҽрбір азамат Қазақстанды туған бесігім деп сүйіп, 
кҿзінің қарашығындай сақтап, кеудесіндегі шыбын жанындай қорғауы керек». 
________
_
__________ 
1.
 
Ҽбсаттар Ж. «1986-Желтоқсан...»//Астана хабары. 2007, 15 желтоқсан. 
2.
 
Қозыбаев М.  1986 – желтоқсан: дақпырт жҽне шындық. //Қазақ ҽдебиеті. 2009, 5 желтоқсан. 
3.
 
Құдабай Р. Тҽуелсіздікке тҽу етеміз. //Ақ жол. 2009, 14 желтоқсан. 
4.
 
Оқиғаны кім ұйымдастырды? //Ана тілі. 2009,  21 қараша. 
 
 
 
Қ.А. Шолпанқҧлова 
 
ҦЛТТЫҚ РУХ 
 
ӘОЖ 32: 93/99 (1) 
 
Азаттық, тҽуелсіздік пен егемендік ойлары ҽркімге де жақын. Мұндай ой халықты біріктіреді 
Қазақтардың  кҿпғасырлық  тарихында  азаттық  пен  тҽуелсіздік  үшін  күрес  басты  орын  алады.  Ол 
кҿзсіз  бартырлыққа    баруға  үндеді,  ұлтты  азат  етуге  рухани  күш-қуат,  қозғалысқа  халықтық  сипат 
берді. 
КСРО-ның  ыдырауымен  Қазақ  КСР-і  1990  жылы  25  қазанда  қабылданған  Қазақстанның 
мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларацияға  сҽйкес  дербес,  егемен  мемлекетке  айналды. 
Мемлекеттің  егемендігінің  басты  қасиеті  –  мемлекеттік  биліктің  үстемдігі.  Егемендіктің  екінші 
белгісі мемлекеттің тҽуелсіздігі, яғни басқа мемлекеттерден дербестігі болып табылады. Тҽуелсіздік 
ұлттық  сананы  оятты,  баршаны  ата-баба  жолына  үңілдірді.  Академик  Манаш  Қозыбаев  ҿзінің 
«Жауды шаптым ту байлап» деген еңбегінде. «Тҽуелсіздік - халқымызға аспаннан түскен құдіреттің 
сыйы емес. Ол ғасырларға созылған ата-бабаның  қанды жорығының, дабылды – дауылды күресінің 
заңды  жалғасы.  Жатса  да,  тұрса  да  есінен  бір  сҽт  кетпеген  бабалардың  ғасырлық  арманы»  -  деп 
жазған  еді.  Дүбірлі  оқиғалар  дүрмегі  басталған  кезде  тҽуелсіздікті  аңсаған  халқымыздың  басынан 
небір  ауыр  да  сынды  сағаттар  басынан  ҿтіп  жатыпты.  Іле  шала    1991  жылы  ата  бабаларымыз 
ғасырлар  бойы  аңсаған    «тҽуелсіздік»  деген  қасиетті  сҿз  дархан  даламызды  шарпып  ҿтіп,  еліміз 
тҽуелсіздікке  қол жеткізді.Адамзат тарихында «тҽуелсіздік» атты ұғымнан асқан арман да, мұрат та, 
мақсат та  жоқ. Сондықтан да осы киелі сҿз үшін сан ұрпақ алысты, арпалысты.  Себебі бұл сҿздің 
арғы  жағында  «Отан»  де  ұлы  сҿз,  оның  жаттың  табанында  тапталып,  жоқ  болып  кетуіне  жол 
бермеуге итермелеген ар-намыс оты  жалындап жатты. 
Тҽуелсіздік  үшін  күрестің  тамыры  арыдан  басталады.  XVIII  ғасырдың  басында  қазақ  елінің 
ішкі қайшылықтарынан ҽлсіреген жҽне сыртқы жауларының күшейген сҽтін пайдаланып, орыс елі  ҿз 
мақсатын іске асыруға мүмкіндік алды. Сол XVIII ғасырдың басында Петр I-ші Ресейді империя  
деп жариялады. Қырымды, Қазанды, Астраханьды, Сібірді бағындыруы, шығысқа деген саясатын кең 
масштабта ҿзгертуіне жол ашты. Сібір хандығын Ермактың жаулап алуы, қазақ жеріне кҿз салуының 
бастамасы  болды.  Ресей,  Қытай,  Жоңғар  хандығы  жҽне  ҿзбек  хандықтарының    қазақ  жеріне  деген 
ҿзіндік мақсаттары оларды да бір сҽт тыныштандырмады. Ҽрқайсысы осы сайын даладан ҿзіне керек 
үлесін алуға барынша ынтық болды. Қазақ елі,  І.Есенберлин айтқандай:  

 
 
188 
«...XVIII   ғасырдың басында кҿкпарға түскелі тұрған серкедей күй кешіп», ата қонысын қызғыштай 
қорғап  арпалысты. 
Тағдырдың  тҽлкегі  ақырында  орыстың  тырнағына  ҽкеп    түсірді.  Ресей  орасан  зор  шексіз 
байлықтың  тұтқасына  ие  болды.I  Петрдің    «Азияның  құлпы»    атты    ұлы  стратегиялық  маңызы бар 
идеясының жүзеге асырылуына жол ашты.  
Ресей кҿп нҽрседен ұтты: 
1-ден: қазақ елін жерінен айырды,  
2-ден: табысы шаш етектен келетін салық тҿлеттірді, 
3-ден: жер асты байлығына толық ие болды
4-ден: қазақ елі отаршылдықтың небір адам айтқысыз жексұрын түрін бастан кешірді, 
5-ден: кҿшпелі ҿркениетінің тамырына балта шапты, 
6-дан,  ең  бастысы  қазақтың  мемлекеттілігін  құртып,  еркінен  айырды,  қазақ  елі  Ресейдің 
отарына айналды. 
Манаш Қозыбаев ұлт-азаттық қозғалыстың белестерін зерттей келе,   методологиялық маңызы 
бар  мҽселелердің  біразының  басын  ашып  берді.  Ол  «ұлт  азаттық  қозғалыс»,  «ұлт  азаттық 
революция»,  «ұлт-азаттық  кҿтеріліс»,  «демократиялық  қозғалыс»  сияқты  ұғымдардың  мазмұнын  
дұрыс  ашудың  маңызының  зор  екендігіне  тоқталды...  «Ұлт-азаттық  қозғалыс  тек  отар  елдерге  ғана 
тҽн, оның негізгі мақсаты - ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін 
дербестігін қалпына келтіру, ал ұлт азаттық кҿтеріліс – ұлт азаттық қозғалысының бір түрі, оның сҿз 
жоқ,  қарулы  халық  қатысқан  түрі,  егер  кҿтеріліс  бір  оқиғалық,  региондық  шеңберден  шығып, 
масштабы  кеңейіп,  бүкілхалықтық  дҽрежеге  кҿтерілсе,  ол  ұлт  азаттық  революция  санатына 
кҿтеріледі» деп түсініктеме берген. М.Қозыбаев қазақ халқының ұлт азаттық қозғалыстарына жеке-
жеке  тоқталып,  оларды  саралап,  сол  қозғалыстарды  кезеңдерін  бес  кезеңге  бҿлген.    Ҽр  кезеңнің 
ҿзіндік ерекшеліктерінің мҽнін ашып берді.  
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы бүкіл халықтың рухани ҿміріне ҽсер етті, ұлт санасын ҿсіріп, 
ұлттық рухты жандандырды. Ол халықтың ҽртүрлі ҽлеуметтік топтарының ҽсіресе  жас ұрпақтың ҿз 
елінің баламасыз шындыққа сай тарихын білуге құлшынысын арттырды. Ол сол кездегі КСРО-дағы 
ашық демократиялық үрдістің негізін қалаушы оқиғалардың бірегейі еді. Желтоқсан қозғалысы қазақ 
тарихында  бұдан  да  бұрын  орын  алған  тамырлы,  ҿзара  сабақтас  оқиғалардың  логикалық  жалғасы, 
кезекті  табиғи  кҿрінісі.  Анығырақ  айтқанда,  ол  қазақ  халқының  империялық,  отарлық  езгіге  қарсы 
азаттық үшін күресінің мемлекеттік тҽуелсіздікке деген тынымсыз ұмтылысының табиғи жалғасы.  
Сондай-ақ  ол  бір  қалалық  немесе  аймақтық  та  құбылыс  емес,  жалпы  ұлттық  қозғалыс.  Оның 
мынадай себептері бар. Империялық озбырлыққа қарсы бас кҿтеру тек астаналық қала—Алматымен 
ғана шектеліп қалған жоқ, басқа да облыс орталықтарында, аймақтарда кҿрініс тапты. Желтоқсанның 
17-25  күндері  Жамбыл,  Шымкент,  Талдықорған,  Жезқазған,  Қарағанды,  Павлодар,  Кҿкшетау, 
Арқалық  сияқты  қалаларда,  Шамалаған  Сарыҿзек  сияқты  елді  мекендерде  болып  ҿткен  толқулар 
наразылықтың жалпы Қазақстандық сипат алғанын айғақтайды. 
Желтоқсан  оқиғалары  тұсындағы  империялық  орталықтың  ҽрекеті  1916  жылғы  патшалық 
биліктің Қазақстандағы кҿтеріліс ошақтарын жаншып, басуға бағытталған ҽрекетін еске салатын еді. 
Бұл күні социализм жүйесі тұғырынан түсті. Тарихтың терең шыңырауларынан бұлақ кҿздері ашыла 
бастады, жаңа саяси жағдай қалыптасып, қазақ елі ежелгі Орталық Азия регионына оралды, ұлттық 
сана  оянды.  Тарих  ҿткенге  бір  тұтас  кҿзқарасты  қалыптастыра  бастады.  Күн  тҽртібіне  этногенез, 
мемлекет,  қазақ  елін  отарлау,  геноцид  саясаты,  ұлт  азаттық  қозғалысы,  егемендік  пен  тҽуелсіздікті 
баянды ету жолдары сияқты проблемалар қойылды. Сҿз жоқ, осының бҽрі тарихи кҿзқарасты жаңа 
биік  тұғырынан  таразылауды  талап  етеді.    1991  жылдың  желтоқсанынан  бастап,  қоғамның  даму 
процестерінің  қиыншылықтарына  қарамастан  халық  рухани  жҽне  саяси  еркіндік  алды.  Осыған 
байланысты  соңғы  кезде  республикамызда  мезгілмен  шығатын  басылымдарда  «Желтоқсан—1986» 
қозғалысының  тарихы  мен  жағдайы,  оның  саралануы  мен  бағалануы,  жеке  тұлғалары    туралы   
деректер  мен  жазбалары,  оның  алдағы  зерттелу  ауқымы  жайлы  пікірталас  тҿңірегіндегі  бірнеше 
ондаған, жүздеген еңбектер жарық кҿрді.  
 
 
 
 
 
 
 

 
 
189 
 
Сонымен, ҿзінің тарихи маңызы жағынан ҿткен ғасырлардағы ескі дүниені талқандауда ерекше 
маңызға ие болған кез келген тарихи оқиғалардан кем түспейтін, 70 жыл бойы мызғымастай үстемдік 
еткен  КСРО  империясының  іргесін  шайқалтқан,  оның  қол  астындағы  халықтарына  ҿлшеусіз  рух 
берген,  Тҽуелсіздігіміздің  бастамасы  болған  Желтоқсан  қозғалысы    -  ҿзінің  ҽлі  де  болса  ашылмай 
жатқан тылсым беттерін ашып, халқының ортасында лайықты бағасын алуды қажет етеді, сонымен 
қатар  дүниежүзілік  тарихтан    ҿзіне  лайықты  орын  алатыны  сҿзсіз.    Желтоқсан  оқиғалары 
Қазақстанның мемлекеттік тҽуелсіздігі мен  егемендігінің алғашқы хабаршысы, ұлттық отансүйгіштік 
пен  ерліктің  жарқын  кҿрінісі  болды.  Сонымен  Желтоқсан  оқиғасы  ҿткен  17  желтоқсан  күні 
демократиялық жаңару күні деп жарияланды.  
1991  жылы  16  желтоқсан  күні  Қазақстан  ҿз  тҽуелсіздігін  жариялады.  Осы  күні  республика 
жоғарғы  Кеңесінің  жетінші  сессиясында  «Қазақстан  Республикасының    мемлекеттік  тҽуелсіздігі 
туралы»  Заң  қабылданды.  Бұл  құжаттың  1-  бабында  Қазақстан  Республикасы-  тҽуелсіз, 
демократиялық  жҽне құқықтық мемлекет деп сипатталды.  
Қазақстан  мемлекеттік  тҽуелсіздігінің    жариялануы  еліміз    тарихындағы  аса  ірі  маңызы  бар 
оқиға  болып  табылады.  «Тҽуелсіздік  -  тҽтті  ғана  сҿз  емес,  ұлттық  жауапкершілік»  -  деп  Ҽбіш 
Кекілбаев  ағамыздың  айтқан  сҿздері,  бұл  қасиетті  ұғымның    мағынасының  қаншалықты  мҽнді  де, 
маңызды  екендігін  одан  ҽрі  тереңдете  түседі.  Қазір  Қазақстан  кҿптеген  тарихи  жетістіктерге  қолы 
жетті.  Ең  бастысы  ҽлем  таныған  іргелі  ел  болды.  Ол  саяси,  экономикалық  жҽне  ҽлеуметтік  жедел 
жаңару  жолына  түсті.  Қоғамда  саяси  тұрақтылық  пен  келісім  орнады.  Елімізде  жасампаз  тірліктер 
басталып та кетті. Президент сайлауы ҽлем алдында Қазақстанның демократиялық таңдау жолының 
дұрыстығын дҽлелдеп берді. 
Ендігі алдағы тұрған басты мақсат еліміздің ҽрбір азаматы тҽуелсіздіктің қадір-қасиетін іштей 
жете  ұғынып,  соның  мҽртебесін  кҿтеруге  күш  салуы  қажет.  Ҿйткені  тҽуелсіздік  –халқымыздың 
ғасырлар бойының  арманының  іске асуы.  Тҽуелсіздік  бізге  ҿздігінен келе  қойған жоқ.  Ол  Жоғарғы 
Кеңесте  бір  күнгі  қабылданған  заңның  жемісі  емес.  Сол  ұзақ  жылдарға  созылған  күрес  жолдары 
арқылы  қол  жеткізген    тҽуелсіздікті  сақтап  қалу,  оны  жасампаз  тірліктермен  жаңғырту  –  міне 
болашақтың    алдында  тұрған  үлкен  сын.    Сондықтан  да,  осы  сыннан  ұран  сҿздермен,  жалған 
мақсаттармен  аман  ҿте  алмаймыз.  Диалектиканың  заңы  -  тіршілік  үнемі  дамуда,  жаңаруда  болады 
дегендей, тҽуелсіздік те сондай үздіксіз ұдайы даму,  ілгерілеу үстіндегі процесс, үлкен үрдіс. Оның  
қозғаушы    күші    -  Халық.  Тіл  –  кез  келген  ұлт  үшін  ең  басты  қасиеттердің  бірі.  Жерсіз,  мекенсіз, 
тілсіз, мҽдениетсіз ешбір  ұлт, ешбір халық ел бола алмайды. Тіл  - тек біз, қазақтар ғана үшін емес, 
ҿзге  халықтар  үшін  де  қастерлі,  киелі.  Сондықтан  да  тҽуелсіздіктің  айнасы  болатын,  шұбарланып 
немесе кежегесі кейін кеткендердің  мазағына айналған тілді құтқару – ұлтты тірілтудің  бірден - бір 
жолы. Ол тірілмей тҽуелсіздіктің  тұғырын биік етеміз деп ойлау келте пікір.  
Тҽуелсіздікті  сақтаудың  тағы  бір  кілті  –  ұлттық  идеяның  болуының  қажеттілігі.  Ол  қатып 
қалған  қағида  емес.  Ол  қоғамның  белгілі  даму  кезеңдеріндегі  қажеттіліктерден  туатын  қоғамдық 
сананың жиынтығы. Тҽуелсіздікке қызмет ететін, елімізді дамудың жаңа биіктеріне жұмылдыратын 
идея  ғана  жалпы  ұлттық  идея  болып  табылады.  Ұлттық  идеяны  қабылдауды  халықтың  ҿзі  шешуге 
тиіс.  Оны  халық  қуаттаған  жағдайда  ғана  мемлекеттік  саясат  оны  басшылыққа  ала  отырып,  жүзеге 
асырады.  Халықтың  тарихи  санасын  ояту  –  басты  парыз.  Саналы  азаматы  бар  қоғам  ғана  ҿткен 
күнінен  сабақ  алып,  ертеңгі  күнін  болжай  алады.  Ҿз  еркі  ҿз  қолында  бар  халық    жүретін  жолын, 
ҿсетін ҿрісін ҽрқашан да таба алады. Бірақ, тарихи дамудың қай сатысында болмайық, қай кезде де 
халқымыз  бастан  кешкен  қиындықтар  мен  оның  бүгінгі  тҽуелсіздігі  үшін    басын  тігіп,  жан  берген 
азаматтарымыздың бейнесі ҽрқашан кҿңіліміздің түкпірінде сақтаулы тұрады. Тҽуелсіздікті нығайту, 
оны дҽріптеу, мерейін үстем ету ҿнегелі де, ҿнімді еңбекті талап етеді. Осыны түсінгенде, орындай 
алғанда ғана біз тҽуелсіздікке қызмет етеміз, оны сақтай аламыз. Ол үшін билік пен халықтың арасы 
сҿз жүзінде емес, нағыз іс жүзінде жақын болуы керек.   
_____________________ 
1. 
Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1994.   
2.Қойгельдиев  М.  Тоталитаризмді  тұңғыш  рет  тітіреткен  Желтоқсан  қозғалысының  тарихи  орны  мен  сабақтары 
туралы//Егемен Қазақстан. 17 желтоқсан. 2001, 3-б. 
3. Спанова Р. «Біз білетін желтоқсан»//Жалын, 2000, 170-200-б.б. 
4. Козыбаев М. Казахстан на рубеже веков: размышления и пояски. Алматы, 2000 
5. Кекілбаев Ҽ. Жарқын бетбұрыстың жойқын беташары //Жалын №10-11;  
6. Қозыбаев М.1986 - Желтоқсан: дақпырт жҽне шындық. //Ақиқат  1996. №6. 
7.Табеев Қ.М. «Бір алаңнан шығар кез жетті, бұл - бүкіл қазақтың Желтоқсаны еді», //Айқын, 25 қараша, 2006ж.   

 
 
190 
 
МАЗМҦНЫ 
 
Абдуалы А.Б.    Қазақстан Республикасында жаңа тұрпатты мұғалім                        
дайындау тҽжірибелері жҽне болашағы ........................................................................................ 
 

 
ПЕДАГОГИКА 
 
Әшімбаев А. Ҽбілхан Қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің  кҿркем 
мҽдениетін қалыптастыру ............................................................................................................. 
 

Бердібаева С.Қ.   Нарық жағдайындағы практикалық психологияның келелі мҽселелері 
жҽне келешегі .................................................................................................................................. 
 
11 
Бҧзаубақова К.Ж. Мектепке дейінгі  балаларды   тҽрбиелеу мен оқытудағы «мен» 
тұжырымдамасы .............................................................................................................................. 
 
16 
А.Байгубекова 
 
 
Джанаев М.Б. 12 жылдық білім беру жүйесінде бейнелеу ҿнері пҽнінен оқу жұмыстарын 
ұйымдастыру .................................................................................................................................... 
 
20 
Жаскиленова А.Е. Жекелеген мамандықтардың мұғалімдерін 12 жылдық  білім беру  
жағдайында даярлаудың кейбір проблемалары ............................... 
 
26 
Ильяс И., Торекеев Б.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының 
оқушыларды жҽне олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы  .................................. 
 
29 
Керімбеков С.М.,  Жакипбекова Д.А. Сурет үйірмесі арқылы білімгерлердің 
шығармашылық жұмыстарын  дамыту ......................................................................................... 
 
36 
Малдыбаева С.
 
 
ОразоваХ., Бегалиева С.А.  Жаңа формациядағы ұстаз, оның кҽсіби мҽдениеті...................  40 
Рахимжанов М.Д. Вопросы организации подготовительных, учебно-творческих работ 
студентов  по жанровой композиции ............................................................................................ 
 
44 
Усерова Ш.А.       12 жылдық білімге кҿшу жағдайында мектептегі оқу-тҽрбие        
жұмысын  басқару .......................................................................................................................... 
 
47 
Шауенова М.А. Қайқауыстың кҽсіби ҿнерге қатысты ой – пікірлері ..................................... 
52 
Ысқақ Г.Қ. Сауаттылықтың жаңаша түсінігі жҽне білім берудің жаңа моделі ......................  60 
 
ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Абдрахман Г.К., Шашкова К.Н. Лингвостилистический комплекс повести   
А.Н. Толстого «Гадюка» ............................................................................................................... 
 
64 

1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал